«Сан есім туралы т?сінік.Есептік сан есім». ?аза?стан жері ке? байта?.


Тусупова Айжан Далабайқызы
қазақ тілі пәні оқытушысы
Астана қаласы әкімдігінің
Технологиялық колледжі
Пән: Қазақ тілі
Мамандығы: «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»
Тобы: ТӨ-119
Сабақтың тақырыбы: «Сан есім туралы түсінік.Есептік сан есім». Қазақстан жері кең байтақ.
Сабақтың түрі: тәжірибелік
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,тірек сызба, картаСабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Студенттердің сан есім туралы түсініктерін кеңейту, алған білімдерін тиянақтап пысықтау.Сөздік қорын толықтыруға бағытталған жұмыстар жүргізу, ауызша тілдерін дамыту.
2.Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін,ынтасын, танымын,зейінін, білімі мен белсенділігін арттыру, тілдік шеберлікті қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше ізденушілік қабілетін арттыру. Тұжырымды пікір айтуға үйрету, ұйымшылдық, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз Отанның қазақ жерін, халқын, тілін сүюге тәрбиелеу. Қазақ тілі пәніне деген сүйіспеншілігін және қызығушылығын арттыру. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі.
Көрнекіліктер: компьютер, мәтін, тапсырмалар, үйлестірме қағаздар, слайдтар, интер белсенді тақта.
Өтілген сабақты пысықтау. «Жылдам жауап» ойыны.
(Интер белсенді тақта арқылы)
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімнің сұрақтарын атаңыз?
Негізгі сын есім дегеніміз не?
Туынды сын есім дегеніміз не?
Сын есімді қатыстырып сөйлем құраңыз.
II Тестімен жұмыс
Жаңа сабақ. Сан есім туралы түсінік. Қазақстан жері кең байтақ.
Бүгінгі жаңа сабақ «Сан есім» туралы түсінік.
Қазақстан жері кең байтақ.
Заттың санын, мөлшерін, ретін, болжамын, көлемін білдіріп, Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз.
1424941-5715Есептік сан есім
00Есептік сан есім

-174625104775Жинақтық сан есім
00Жинақтық сан есім
39204909525Реттік сан есім
Реттік сан есім

110109038608032727903384552396490195580
15963901791335Топтау сан есім
00Топтау сан есім
2396490148653511391901124585329184011817353968115924559Болжалдық сан есім
00Болжалдық сан есім
-165735924559Бөлшектік сан есім
00Бөлшектік сан есім
140589148260Сан есім
00Сан есім

Осының ішінде біз есептік сан есімді қарастырамыз. Есептік сан есім дегеніміз заттың нақты санын білдіріп, басқа сан есім түрлерінің жасалуына негіз бола алатын сан есім түрі.
Сонымен қатар сан есім біздің күнделікті той – думанымызда, ойынымызда жиі кездеседі. Абай атамыз туғанда « Туғанда дүние есігін ашады өлең» дегендей, күнделікті айтылып жүрген әндердің аттары да сан есіммен байланысты. «Жиырма бес», «16 қыз», т.б. Ойын аттары: «Тоғыз құмалақ», «Алтыбақан», т.б
Үлестірме қағаздары:
.
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз руға тарайды.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Біз бүгінгі сабағымызды Отан тарихымен, бүгінгі тәуелсіз елімізбен, жерімізбен байланыстырмақпыз. Олай болса көріп отырғаныңыздай білімгерлер:
1топ – «Алғырлар», 2топ – «Тапқырлар» тобы болып білімдерін көрсетпекші. Сайыс алты кезеңнен тұрады. Әр бір дұрыс жауапқа сәйкес ұпай беріледі.
1кезең – Қазақстан тарихы аялдамасы

2кезең – Бүгінгі Қазақстан аялдамасы

3кезең – Бәйтерек аялдамасы
4кезең – Бейбітшілік және келісім сарайы аялдамасы

5кезең – Біздің оқу орнымыз аялдамасы

6кезең – Қазақ елі монументі аялдамасы
1кезең – Қазақстан тарихы аялдамасы
Жүргізуші сұрақ қояды, топ жауап береді(слайдтар арқылы)
ҚР «Тіл туралы» Заңы... қабылданды (22.09.1989)
Қазақстан Тәуелсіз Республика атанды. (16.12.1991)
Қазақстанда... облыс бар. (14)
Қазақстан Тәуелсіз Республика атанды. (16.12.1991)
Елімізде... астам ұлт өкілдері тұрады (134)
...тұңғыш президентімізді сайладық (01.12.1991)
... Ата Заң қабылданды (30.08.1995)
...шаршы шықырым Қазақстан жері. (2 700 000)
... төл теңгеміздің шығуы (1993)
... Ақмола облысының негізі құрылды (1937)
2 кезең – Бүгінгі Қазақстан аялдамасы
Тоғыз ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріңіз
15 10 5
5 15 10
10 5 15
1. ... рет өлшеп, ...рет кес.
2. Ер жігіттің... сөйлегені өлгені.
3. ... жасар бала алыстан келсе, ... қария сәлем берер
4. Ел құлағы - ... .
5. ... теңгең болғанша, ... досың болсын.
6. Қазақстан неше бөлікке бөлінеді? Атап шық
7. Елтаңбада не бейнеленген?
8. Киелі сандарды ата
9. Ел басының 2050 стратегиясы туралы не айта аласыз?
Төмендегі жазылған сан есімдерді дара және күрделі сан есімдерді бөлек жазу.
Екі, он, сегіз, он бес, жиырма, қырық, жиырма бір, отыз алты, елу, жетпіс, екі мың бес, жүз үш, қырық бес, бір, мың, он тоғыз.

Сергіту сәті. Сандар сөйлейді
Бірінші топ: Жеті ата :
Екінші топ: Жеті қазына:
3 кезең – Бәйтерек аялдамасы
Тапсырма:
Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
1991 жылдың еліміз ерекше үшін күн.
16 желтоқсаны – Тағдырдың талай соқпағынан елімізге өткен биыл тәуелсіздік 23 жыл алғанына толады.

Мәтінмен жұмыс, мәтінді аудар.
Астананың ежелгі аты – Ақмола. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Мұнда үш жүздің төбе билеріне ескерткіш орнатылған. 10 маусымда 1998 жылы Астананың тұсаукесері болды.
Семей – Қазақстанның ірі, мәдениеті өркендеген қалаларының бірі.
4 кезең – Бейбітшілік және келісім сарайы аялдамасы
Сан есімі бар сөзді тәуелдеңіз.

5 кезең – Біздің оқу орнымыз аялдамасы
1 топ тапсырмасы:
Сұрақтар бойынша сандарды түрлендіріп сөзбен жазыңыздар.
Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу? Қаншадан? Нешеден?
2 топ тапсырмасы:
Қазақстан үшін маңызды сандардың ұғымын жазыңыздар
16, 1986, 1, 30, 1991, 1993, 2050, 22.
6 кезең – Қазақ елі монументі аялдамасы
Сабақ қорытындысы.
Төмендегі Қазақстан картасына қарап сан есімдерді қолданып, сөйлемдер құра.

Бағалау
Үйге тапсырма : Шағын эссе жазу:
1 топқа «Егеменді елдің болашағы жас ұрпақтың қолында »
2 топқа «Тәуелсіз елдің ұланымыз»