Разработка открытого урока по казахскому языку по теме Моя Родина-Казахстан
Ашық сабақ.Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»
Пәні: қазақ тілі
Күні:29.02.2016 ж.
Сынып: 4
Мұғалім:Қаибжанова Айжан Амандыққызы.
Сабақтың мақсаты:Білімділік — оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен таныстыру;
Дамытушылық — туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
ПЕРЕЙТИ НА
Тәрбиелік — оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, аудару,, сөзжұмбақ шешу
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның мемлекеттік рәміздері, сөзжұмбақ,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.А) Сәлемдесу.Балалар бүгін біз сендермен Қазақстан тақырыбын қайталаймыз. Сондықтан ен сабақты бастау алдында көңілдеріңізді көтеру үшін қазір сендер бір-біріңізге жылы тілектерді айтып тілейсіңдер.Ә) Кезекшімен тілдесу және сабаққа даярлықтарын тексеру.- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін кім кезекші- Аптаның қай күні? Қай айы? Қыс айларын ата.Қыстан кейін қай жыл мезгілі болады.- Бүгін ауа райы қандай? Жерде не жатыр?ІІ. Жарайсыңдар,балалар! Қанеки кім маған айтады өткен тақырыптар не туралы біз өттік. –Дұрыс. Біз Қазақстан туралы тақырыптар өттік.
3.Үй жұмысын тексеру: Мен сендерге үйде диалог дайындап әкеліңдер деп айттым. Ал кім тақтаға шығып Қазақстан тақырыбына байланысты диалог бойынша әңгіме айтады. –Жарайсыңдар!
4.Балалар енді дәптерлерің ашып бүгінгі күнің,айын тақырыбын жазыңдар. Мен сендерге қазір мәтінді таратамын. Бұл мәтінде сөйлемдер орысша жазылған. Сендер қазір тақтаға бір-бірлеп шығып, сол сөйлемдерді қазақ тіліне аударасыңдар.
Казахстан
Казахстан большое,независимое государство.Флаг,герб и гимн –символы Республики Казахстан. В Казахстане 14 областей. Здесь живут 130 национальностей.Они живут дружно.В городе Астана есть высокие здания,кинотеатры, парки,памятники.Байтерек был построен в 2002 году.
5.Бұл мәтіннен сан есімдерді тауып дәптерге жазамыз. Сол сан есімдерді реттік сан есімге айналдырамыз.
Жарайсыңдар!
-Сергіту сәті.
6. Балалар қандай Қазақстанның мерекелерін сендер білесіңдер.-Жақсы .Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биыл 2016 ж 1 наурызда – Алғыс күні мерекесі болады деп жариялады. Балалар біздің халық қандай? Дұрыс қонақжай, тату халық.Бұл ертеңгі мереке да бір-біріне алғыс айту,бір-бірін сыйлау,тату болу үшін арналған. Мен сендерге біздің Қазақстан халықтың достықтығы туралы презентацияны ұсынамын.
7.Бекіту.Сендерге презентация ұнады ма?Ал енді сабаққа көңілдерің аударамыз. Келесі тапсырма сөзжұмбақты шешу. Тақтада мен сендерге сөзжұмбақ дайындадым. Қазір сендер сұраққа жауап беріп жауаптарын айтасыңдар.
8.Бүгін Қазақстан туралы көп әңгімелестік.Өйткені Қазақстан әнұранын айтпасақ болмайды. Ал енді балалар тақтаға шығып әнұранды орындайық.
Рахмет! Жарайсыңдар! Орындарыңызға отырыңыздар.
9. Сабақты қорытыңдылаймыз. Қоржындағы сұрақтарға жауап беру.Балалар бір-бір сұрақтарды алып, сұрақтарға жауап береді.
10. Үйге тапсырма беру. Үйде Менің Отаным Қазақстан туралы шағын шығарма жазу.
11.Сабақты бағалау.
12.Рефлексия. Балалар сендерге сабақ ұнады ма? :Не ұнады?
13.Сабақты аяқтау.