6-сынып о?ушыларына арнал?ан саба? жоспары А?аштан б?йымдар жасау
Пәні _____тенология__________ Сыныбы___6________________Күні___11.12.2015________
Сабақтың тақырыбы: Қалақ жасау.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды тарихи көркемөнер, қолөнер кәсібімен, көркемөнер өндірісімен, халық суретшілері мен кәсіби суретшілер еңбектерімен таныстыру, тұрмыста тәжірибелік қажеттігі бар көркемөнер бұйымдарын жасауды меңгерту, сәндік-қолданбалы өнерге қажетті материаладрды таңдай білуге үйрету.
Дамытушылық: танымдылық белсенділіктерін дамыту, алған білімдерін кеүнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекті сүюге, берілген тапсырмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: қаңылтыр (150*200*1) балға, кемпірауыз, төс, қарындаш, сызғыш, темір кескіш қайшы, бұрғы, арнайы қысқыш.
Пәнаралық байланыс: сызу
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: теориялық сарамандық.
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІV Кіріспе инструктажы
V Сарамандақ жұмыс
VІ Бекіту инструктажы
VІІ Жұмыс орнын жинақтау
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал-жабдықтар кабинет тазалығы т.б)
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың барысы:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар бүгінгі сабақта үй шаруасын қажетті қалақша жасаймыз. Оның жасалу технологиясы қиын емес. Ең алдымен қалақшаның өлшемдерін материаладарға түсіреміз. Одан кейін қалақшаның қайрылатын орындарын кесеміз. Қалақшаның кесілген орындарын егеумен егейміз. Екі шетін, артқы шетін және бекітпесін 90°-қа қайырымыз. Қалақшаның екі шетін диаметрі 3мм бұрғымен тесіп, бекітеміз. Енді қалақшаның сабын жасаймыз. Сабына материал таңдап, түзетеміз де сабының нақтылы өлшемдерін белгілейміз. Қалақша сабының артық жерлерін кесеміз, белгілі орнын бір қабатпен қайтарамыз. Артық жерлерін кесіп алып тастаймыз. Сапты 30° етіп майыстырамыз өз орнын белгілеп, оны бекітеміз.
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
1) Балғаны дұрыс ұстау, оның сабының дұрыс бекітілуін тексеру.
2) Темір кесетін қайшыны дұрыс ұстауы және оны дұрыс қолдану.
3) Бұрғымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесі.
Сарамандық жұмыс.
Оқушылар технологиялық карта бойынша жұмыс істеуі.
Қорытындылау.
Сарамандық жұмыстары бағаланады.
Үйге тапсырма.
Нан турайтын тақтайшаның қатырма қағазға үлгісін жасап әкелу.