Монша?тардан сыйлы? б?йымдар жасау технологиясы «Алма» жасау
Сабақтың тақырыбы: Моншақтардан сыйлық бұйымдар жасау
технологиясы «Алма» жасау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақ пен жұмыс жасай отырып өз
қолдарынан сыйлық жасату
Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін жетілдіру шеберлік деңгейін
арттыру арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білуге
үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін
дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін
қадағалау.
Тәрбиелік мақсаты: Тазалық, гигиеналық талаптарды ептілігін дамыту,
алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақта қолданатын әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, нұсқау картамен жұмыс, тоқу.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырманы тексеру, бағалау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық.
ІV. Жаңа тақырыпты таныстыру
V. Сарамандық жұмыс: Алма жасау
VІ .«Алма» сөз жұмбағын шешу
VІІ. Жаңа тақырыпты қорыту
VІІІ. Үйге тапсырма
ІХ. Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Пән аралық байланыс:геометрия сызу, тарих
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Қолданған әдебиеттер: Т.Ткаченко, Б. Валкова «Бисер для начинающих»
О.В.Белякова, М.А.Изатова «Умение руки».
Интернет
Сабақтың барысы
1.Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын белгілеу, түгендеу.
2. Өнер туралы мақал-мәтелдерді сұрау
Шебердің саусағы алтын
Өнерлі болу-зейнет
Өнерсіз болу- бейнет
Талаптыдан өнер құтылмас,
Талапты ерге нұр жауар.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшының сөзі алтын.
Он саусағынан өнері тамған
Зейнет еңбектің жемісі
Бейнет еріншектің жемісі
ІІ. Үй тапсырманы тексеру, бағалау.
Моншақтың шығу тарихы
Моншақтың түрлері.
Моншақтан қандай сыйлықтар жасауға болады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық.
ІV. Жаңа тақырыпты таныстыру.
Моншақтан сыйлық бұйымдар жасау технологиясы «Алма» жасау технологиясы
Әдемі дизайн жасауға қажетті материалдар жасалуы көркем
жеткілікті
1891030158115
төзімді, сапалы материалдар қымбат
есмес, тез табылады
экономикалық шағын бұйым мөлшері жас еңбек шығыны да
көп емес ерекшкліктеріне сай көп емес
Алматының символы «Алматы апорты» туралы өлең жұмағын оқып беру.
Қәзіргі қолөнер бұйымдары өте жғары бағаланады. Өздерің кестелеген немесе моншақтан жасаған бұйым, әрине, еш жерде жоқ. Өйткені ол бұйымға бар ынтаңды, қиялыңды, өнеріңді, біліміңді жұмсайсыңдар.
Енді біз алманың жасалатын көлемін, түсін анықтаймыз.
-Алманың қандай түстерін білесіңдер?
(қызыл, сары,жасыл, күлгі. т.б)
1.Алдымен алманың жасалатын көлемін анықтаймыз. Алманың көлемі таңдаған моншақтың көлеміне (үлкендігіне) байланысты.
2. Моншақтың түсін таңдаймыз «жылы» «суық» түстерді.
Алманың жасалу жолдары.
Технологиялық карта
№ Жұмыстың орындалу реті Сызбасы 1 Лескаға бес моншақ өткіземіз
2 Бес моншақтың біреуне төрт моншақ өткіземіз, одан кейін үш моншақ өткіземіз, осы үш моншақпен үш рет өткіземіз, соңғы моншақпен екі моншақ өткіземіз
3 Екі моншаққк бес моншақ өткіземіз, үш моншақтен, төрт моншақ өткіземіз,осылай екі рет үш моншақтан төрт моншақ өткіземіз,соңында төрт моншаққа үш моншақ өткіземіз
4 2 моншаққа 4 моншақ өткіземіз, 1 моншақ 3 моншақ өткіземіз,осы әдіспен қайталанып, соңғы 3 мрншаққа 2 моншақ өткіземіз.
5 2 моншаққа 4 моншақ өткіземіз, одан кейін 8 рет 3 моншақ өткіземіз, соңғы 4 моншаққа 2 моншақ өткіземіз.
6 2 моншаққа 3 моншақ өткіземіз, 3 моншаққа 2 моншақ өткіземіз осылай 8рет қайталанады, соңғы 4 моншақтан 1 моншақ өткіземіз
7 2 моншаққа 3 моншақ өткіземіз, 3 рет 2 моншақтан өткіземіз,соңғы 4 моншақтан 1 моншақ өткіземіз
Жапырақ
№ Жұмыстың орындалу реті Сызбасы 1 Бір моншаққа 5 моншақ өткіземіз
2 Бір моншаққа 4 моншақ өткіземіз, 2 моншаққа 3 моншақ өткіземіз сызбадағы үлгі бойынша
3 Екі моншаққа 4 моншақ өткіземіз, 3 моншаққа 3 моншақ өткіземіз,
4 Соңғы екі моншаққа 3 моншақ өткіземіз,
V. Сарамандық жұмыс: Алма тоқу
Қауіпсіздік ережелері
Қайшыны үшкір ұшымен берме
Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек
Сынған моншақтарды іріктеп, арнайы орынға қою керек
Моншақ шашылып кетпес үшін арнаулы ыдысқа немесе коропшаға ұстаған жөн.
Жұмыс реті
Алма жасау
Көз жаттығулары
Технологиялық нұсқау карта бойынша жұмыс жасау.
VІ .«Алма» сөз жұмбағын шешу
с а я х а т к і л е м ш е
а р м а д а н
с а л а т Спорт, серуен, жарыс.
Түс кигіз.
Ботқаны неден жасайды?
Көкөністен жасалатын тағам.
VІІ. Жаңа тақырыпты қорыту
Моншақтан сыйлық жасау арқылы өмірге қандай дайындық алдық?
Алма тоқуды үйрендік.
Моншақтығ шығу тарихын білдік.
Моншақ түрлерін ажырата білдік.
Шеберлікке үйрендік.
Өз-өзіне қызмет етуді үйрендік.
Байқағыштық қабілетіміз артты.
VІІІ. Үйге тапсырма
Алманың басқа түсін жасау
ІХ. Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
Тиісінше бағалау.