?орша?ан ортамен таныстыру А?аштан жасал?ан заттар
Сабақтың тақырыбы: Ағаштан жасалған заттар
Сабақтың мақсаты:
Балаларды ағаш түрлерімен және ағаштан жасалған заттармен таныстыру. Ағаштан жасалған заттарды қолдана білуге үйрету. Табиғатта аялай білуге баулу.
Дидактикалық ойындар арқылы байланыстырып сөилеуге үйрету. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге қалыптастыру,сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүиіспеншілігін ояту,қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне меиіріммен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдіс-тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойнату.
Көрнекіліг: Ағаштан жасалған заттардың суреті, және бейнелері.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр,қонақтармен сәлемдесеиік.
Сәлеметсіздерме апайлар!
Балалар шеңбер бойымен тұрып,бір-біріне гүл сыйлау арқылы жылы лебіздерін білдіреді.
Тәрбиеші: - Қанекей балалар енді орындарымызға келіп отырайық
Балалар бүгінгі біздің өтетін сабағымыз қоршаған ортамен танысыру,ал тақырыбымыз «ағаштан жасалған заттар» деп аталады.
Ал, енді балалар! Біз сабағымызды бастамас бұрын қазір жылдың қай мезгілі екенін есімізге түсіріп өтейікші!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілі екенін қайдан білеміз?
Балалар: Күн суық, қар бар, қалын киінеміз т.б.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар!
Ал, енді біз бүгінгі тақырыбымызға оралайық.
Балалар мына суреттерге назар салайықшы!
Бұл суреттерде нелер бейнеленген?
Балалар: -Ағаштар
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар! Дұрыс таптыңдар!
Ағаштың балалар бірнеше түрлері болады екен. Олар: Емен,қарағай, қарағаш,қайын,түрлі жеміс ағаштары,сексеуіл т.б.
Балалар сендер білесіңдерме осы ағаштардан түрлі заттар жасауға болады екен. Мысалға: мына суреттерде бейнеленген және менің қолымдағы заттар сиақты түрлі қолданысқа қажет заттарды жасауға болады.
Таныстырып өтемін.
Қайталау сұрақтары: -балалар мына суреттерде нелер бейнеленген?
Балалар: орындық, төсек,шкав,үстел,қайық,кеме т.б. тұрмыстық заттар.
Тәрбиеші: осы атап отырған заттарың неден жасалады екен?
Балалар: ағаштан
Тәрбиеші: -Өте дұрыс айтасыңдар!
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Балалар көп суреттердің ішінен ағаштан жасалған заттарды тауып,атап көрсетеді.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: -Балалар біз бүгін немен таныстық?
Балалар: -ағаштан жасалған заттармен
Тәрбиеші: -Ағаштан қандай заттар жасалады екен?
Балалар: -Кеме,орындық,төсек,балғаның сабы,қасық,құстың ұясы т.б.
Тәрбиеші: -Балаларды мақтау, мадақтау.
«Бекітемін»
«Ай-Жұлдыз» балабақшасының
Меңгерушісі_________________
Г.М.Тазабекова
«Ағаштан жасалатын заттар»
Тәрбиеші: Мырзағалиқызы Ж
2015 ж