Саба?ты? та?ырыбы: ?ол тігістер. Ма?саты: а)білімділігі: о?ушылар?а ?ол тігіс т?рлерімен таныстыру, тігуді ?йрету, тігісті? т?рлерін тігуге жатты?тыру ?)т?рбиелілігі: ??ыптылы??а, іскерлікке, шыдамды


Сабақтың тақырыбы: Қол тігістер. Мақсаты:а)білімділігі: оқушыларға қол тігіс түрлерімен таныстыру, тігуді үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру;ә)тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;б) дамытушылығы: қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмысСабақтың көрнекілігі: слайд, қол тігіс түрлерінің суреттеріСабақтың құрал-жабдықтары: ине, жіп, қайшы, матаСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі.а) Сәлемдесуә) Сабаққа дайындық, оқушыларды түгендеуб) Оқушыларды топқа бөлу2. Сабаққа дайындық.1,2,3Бойға жинап күшЖалқаулықты тастаймызЖаңа сабақ бастаймыз. 3. Үй тапсырмасын тексеру 1.Мақта талшықтарының табиғи түсі кандай болады? (ақ, сонымен қатар қоңыр сарғыш, жасыл түстері де кездеседі.) 2.Зығыр матаның беті қандай болады? (жылтыр, тегіс, мықты, ашық сұр,) 4. Жаңа сабақОй қозғау (жұмбақты шешу)Кірш – кірш етедіІшіне кіріп кетеді(ине)Бір тышқанда екі құйрық(ине мен жіп)Қылыштасты ағайынды екі батырКескілесті екеуі шатыр-шұтырАғайынды екеуінің кескілесіТігіншіге пайдасын тигізіп жатыр(қайшы) Кіріспе сөз. Қазіргі кезде қолмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз. Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырады. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістерді қолданылады. Тігіс –деп бөлшектердің біріккен орнын айтамыз. Тігім –деп бір неше рет қайталанған инешаншым орнын айтамыз. Қол мен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады.Кез келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет. Көктеу, жөрмеу, тепшу,қиғаш сәндік,қайып тігу, тышқан із тігіс, торлау.(слайд)Көктеу тігіс. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымның арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай, келесі тігіс солдан оңға қарай айқасады.Тор тігіс матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі. 5. Жаңа сабақты бекіту. «Бақытты сәт» ойыны топтарға 3 сұрақтан беріліп оларды талдауға 3 минут бөлінеді. Топтардың бір өкілі жауап береді.Тапсырма: 1-топ Ине1. Тігім-деген не?2. Қай тігіс кестеде көп қолданылады? (Тышқан із)3. Матаның шеті сетінеп кетпес үшін қандай тігіс қолданылады?(тор)2-топ Жіп 1. Тігіс-деген не?2. Тігістің түрлерін ата? (Көктеу, жөрмеу,қиғаш, ілмек) 3. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданылатын тігіс? (көктеу) 6.Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру.1- топ. 1. Жіп жіңішке (жерінен) үзіледі2. Жіптің ұзыны жақсыСөздің (қысқасы) жақсы2-топ1. Тігінші кем істейді (үтік) тегістейді 2. үйренгенің (өзіңе) құт Істегенің еліңе құт. 7.«Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарына барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады.1. Қандай тігіс түрлерін білесің? (жөрмеу,көктеу,торлау)2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?(ине, жіп, қайшы,оймақ)3. Ине не үшін қажет? (іс тігу үшін)4. Мата түрлерін ата?(жібек,шыт,мақпал)5. Кестелеуге қандай жіп қолданамыз? (мулине)8. Сарамандық жұмыс.Қауіпсіздік ережесі.Инемен жұмыс жасағанда, инені аузыңа салма.Ине жерге түсіп кеткенде мұғалімге ескертіп, мұғалімнің көмегімен ал.Қайшыны досыңа сілкілемей бер.Тігіс түрлерін матаға орындап, альбомға желімдеу. 9.Үйге тапсырма беру.Тігіс түрлерін жаттау. Қол тігіс түрлерін тігіп қолдарын жаттықтыру. БағалауСабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.