Бисерден б?йым жасау


Бисерден бұйым жасауЖарияланды 24-03-2013, 13:12 Категориясы: Технология 
Сабақ тақырыбы: Бисерден бұйым жасауСабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру,күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу.Сабақтың типі: аралас сабақ.Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, баяндау.Пәнаралық байланыс: математика, тарих.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, дайын бұйымдар.Қажетті құрал - жабдықтар: бисер, бисер салатын ыдыс, қайшы.Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды түгендеу.2. Дайындықтарын тексеру.ІІ Үй тапсырмасын сұрау1. Бисер дегеніміз не?2. Стеклярус дегеніміз не?3. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?4. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?5. Бисердің отаны?6. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?7. Бисердің түрлері?8. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?Қайталау сұрақтарының жауаптары:1. Бисер - ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.2. Стеклярус - шыны түтікше ( 5 - 10) қырлы немесе цилиндр пішінді.3. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.4. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.5. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.6. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.7. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.8. Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.ІІІ Жаңа материалды меңгерту1. Бисерден жасалған әшекейлер - түрлі түсті шыны моншақтар, өрнекті композиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы, кезден - ақ шеберлерді қызықтырған.Қазір бисер өру дәстүрі қайта сәнге кірді, өнер саласында бисердің қолдану аясы үлкеюде. Бисер және стеклярус әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады.Қазіргі кезде бисерлерді негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады: моншақ, алқа,сырға, белдік, кулон, білезік т. б.2. Бисерден бұйым жасау технологиясы. Бәйшешек гүлін жасау.Бәйшешек гүлі - Қазақстан оңтүстігінің алғашқы көктем гүлі, сондықтан оны халық «бәйшешек» деп атайды. Кей жылдары тіпті қаңтар айында гүлдейді. Енді осы гүлді бисерден жасаймыз.Жұмыс орнын ұйымдастыру.Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал - саймандар түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу да маңызды.ІҮ Сарамандық жұмыс.Қажетті құрал - жабдықтар:- бисер: ақ және жасыл түстер, бисер салатын ыдыс, сым темір, гипс, акрил бояуы«Бәйшешек» гүлін жасаудың нұсқау картасы:Ү Қорытындылау«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбына эссе жазу.ҮІ БағалауҮІІ Үйге тапсырма.«Бәйшешек» гүлін тоқып келу.