Саба?ты? та?ырыбы: Адамны? дене м?шелері.


Бекітемін:................................. Айы:..................................
.................................................... Дефектолог: А. Сейдахметова

Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
Дене мүшелері туралы түсінік беру.
Дене мүшелерін атай отырып сөйлеу тілін дамыту.
Ұқыптылыққа, ептілікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.
Көрнекі-құралдар: суреттер, ойыншықтар, тақтаға ілетін құралдар,бор.
I апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық  дайындық.
«Күлімде  ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
rightcenter Берекелі  бүгіндей
centercenter Бейбіт  болсын  болашақ!»
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі тақырыбымызда адамның дене мүшелері туралы айтамыз. Дене мүшелерін атай отырып сөйлеу тілін дамыту.Адам-ақыл-ойдың иесі.Сурет көрсету. Суреттерге қарап дене мүшелерін атап беру.
Тақырыпқа байланысты жұмбақ шешіп жіберейік.
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты
Бұл не? (Адамның сәби, жігіт, қарт кезі)
Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді.
Адамның бас мүшелерінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелеріне орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері.
Бұлардың көзбен көруге болмайтын да ағзалары да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады.
righttopДене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты сабынсумен жиі жуып, құлақтың ішін сабындысумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық. Көз-көру мүшесі. Адамдар заттарды көзбен көреді. Көру арқылы заттың түсін, пішінін, түрін ажыратады. Әр адамның көңіл күйін көзіне қарап байқауға болады.Сурет көрсету.Суреттерге қарап дене мүшелерін атап беру.
IY.Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Аяғымызды басамыз,
Орнымызға отырамыз.
Тапсырма: Суретке қарап дене мүшелерін орын орнына қойып,
көрсетіп беру.

II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Деніміз сау болсын!
Еліміз тыныш болсын!
«Ұшты - ұшты»
Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы ойынды былай жүргізеді.
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты қарға ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты арба ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты дауыл ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты ұшақ ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты торғай ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты жылан ұшты
(қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.
IY.Сергіту сәті:  Ерте тұрып қимылдап,
Жаттығуды орындап,
Тазалықты сақтаймыз,
Бойға күшті жинаймыз.
Альбоммен жұмыс: Суреттерді су бояумен, түрлі- түсті қарындаштармен бояу.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық  дайындық.
Балалар-гүлім менің
Балалар-күнім менің
Балалар нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің, дей отырып балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.
Жұмбақтар шешу: Жақсы-жаман нәрсенің,
Ол бәрін де көреді.
Жақсыларын ішінен,
Саған айтып береді. ( Көз)
Көз туралы не білеміз? Көзбен көреміз, кино қараймыз, кітап оқимыз, заттардың пішінін, түстерін ажыратамыз.
Тақтамен жұмыс: : Суретке қарап адамның дене мүшелерін магнитпен орын орнына қою.
IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді.
Саусақтарым ән салып берді.
Шылдыр шүмек шылдырлады
Кіші бөбек былдырлады.
Көзге арналған жаттығулар: Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап осылай 5 секунд тұрамыз.
IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық  дайындық.
Балалар-гүлім менің
Балалар-күнім менің
Балалар нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің, дей отырып балалар сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңемекпін.
1.Тапсырма: Берілген сөз тіркестерді аяқтау:
1. Адамдар баспен ....................
2. Көзбен ......................
3. Мұрынмен ..........................
4. Құлақпен ...........................
5. Ауызбен ..........................
6. Тілмен ..........................
7. Аяқпен ...........................
8. Қолмен .............................
2.Тапсырма: Сұрақ – жауап:
1. Дене мүшелерін атап беру?
2 . Көзбен көруге болмайтын мүшелерді атап беру?
3. Көзбен көруге болатын мүшелерді атап беру?
IY.Сергіту сәті: Бас бармағым бастап берді.
Саусақтарым ән салып берді.
Шылдыр шүмек шылдырлады
Кіші бөбек былдырлады.
V. Бекіту.
Көзге арналған жаттығулар: Екі көзімізбен оң жақ иығымызға қараймыз да, 5 секунд тұрамыз. Екі көзімізбен сол жақ иығымызға қараймыз да, 5 секунд тұрамыз. VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.