Саба?ты? та?ырыбы:А?парат саны,а?парат ?лшем бірлігі
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдеріИнформатика 6 сыныпСабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері.Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;Сабақтың түрі: Жаңа сабақӘдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе - түсіндіру, жеке жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, тест.Сабақтың барысы:І. ҰйымдастыруІІ. Үй тапсырмасын тексеруІІІ. Жаңа сабақІV. Сарамандық жұмысV. Үйге тапсырмаVІ. ҚорытындылауІ. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Бекіту сұрақтары:• Компьютер жанындағы өсімдік.• Баспаға шығару құрылғысы.• Жалпы желіге қосылу үшін не керек?• WordPad - ты іске қосу.• Ақпарат (информация) қай тілден шыққан?• Вирусқа қарсы программа.• Дыбыс шығару құрылғысы.• Бос орын қалдыру пернесі.• Capslock - тың қызметі.• Мәтіннің қарпін, өлшемін қалай өзгертеміз?ІІІ. Жаңа сабақ.Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауғаарналған.Редактор:1. Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;5. Схемаларды сызуға және т. б. мүмкіндік береді.PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
1. Ақпарат көздеріне нелер жатады?А) органолегтикалық, визуалдық, дыбыстық, тактильді.Ә) бұқаралық, арнайы, жекеБ) механизмдер, технологиялық процесстер, ғылыми эксперименттер, табиғат объектілері2. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі не?А) БитӘ) БайтБ) 8 бит3. Дыбыстық ақпарат қалай беріледі?А) көрінетін бейнелер мен символдар арқылыӘ) қабылдайтын иістер мен дәмдер арқылыБ) дыбыстар арқылы4. Компьютердің негізгі құрылғыларын көрсет.А) шиналар, аналық тақша, жедел жадӘ) монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блокБ) енгізу және шығару құрылғылары5. Компьютердің «миы» деген қай құрылғы?А) жедел жадӘ) мониторБ) процессор6. Монитордың қандай түрлері бар?А) электронды - сәулелік, сұйық кристалдыӘ) лазерлік, сымсыз, механикалықБ) лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш7. Монитор қандай құрылғы?А) компьютердің толықтай жұмысын басқарады.Ә) ақпаратты уақытша сақтайды.Б) мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығарады.8. Функционал пернелер қандай қызмет атқарады?А) күрделі операцияларды тез орындайды.Ә) экранда меңзерді басқарады.Б) сандарды, әріптерді, тыныс белгілерді енгізеді.9. Программалық жабдықтамалардың қандай түрлері бар?А) арнайы және әмбебапӘ) операциялық жүйе, драйверБ) жүйелік, қолданбалы программалар және программалау жүйелері10. Драйвер қандай программа?А) компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге орнатылатын программаларӘ) мәліметтерді өңдеудің нақты есептерін шешуге арналғанБ) пайдаланушылардың үлкен тобы үшін қажет программалар.5 - сынып. 1 - тоқсан, 2 - нұсқа1. Қауіпсіздік техникасының ережелері қандай пункттерге бөлінеді?А) механизмдер, технологиялық процестер, ғылыми эксперименттер, табиғат объектілері.Ә) жалпы, ДК - мен жұмыс алдындағы, апаттық жағдайлардағы, жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерБ) шаршағанда және көз талғанда жасалатын жаттығулар.2. Органолептикалық ақпарат қалай беріледі?А) дәмдер мен иістер арқылыӘ) түйсіну арқылыБ) дыбыстар арқылы3. Ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғы –А) жедел жадӘ) тұрақты жадБ) сыртқы жад4. Пернетақта қандай құрылғы?А) ақпаратты шығару құрылғысыӘ) ақпаратты енгізу құрылғысыБ) микропроцессорлық кешен5. Аналық тақшадан қандай құрылғылар орналасқан?А) процессор, шина, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешенӘ) жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқанБ) тышқан, принтер, сканер, микрофон6. Тышқанның қандай түрлері бар?А) электронды - сәулелік, сұйық кристалдыӘ) лазерлік, механикалық, сымсызБ) сия бүріккіш, лазерлік, матрицалық7. Меңзер дегеніміз не?А) компьютердің миыӘ) микросхемалар жиынтығыБ) экранда жыпылықтап тұратын символ8. Қазіргі пернетақталарда неше перне бар?А) 101 немесе 100Ә) 101 немесе 103Б) 101 немесе 1059. Қолданбалы программалардың қандай түрлері бар?А) арнайы және әмбебапӘ) терезелік, командалықБ) операциялық жүйелер, драйвер10. Интерфейс деген не?А) компьютер мен адам арасындағы қарым – қатынас тәсіліӘ) жүйелік программалардың негізгісіБ) программалау тілдері мен арнайы программалар.