Биология п?нінен Аралар мен ??мырс?алар ?о?амды? буна?денелілер та?ырыбында?ы саба? жоспары


24.01.2015жСабақтың тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар қоғамдық бунақденелілерСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тақырыпты түсіндіру арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негізгі идеясын ашуға көмектесу.Дамытушылық: сабаққа белсенділігін арттыру; Тәрбиелік: Құмырсқаның қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі ету. Оқушыларды ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға, жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу;Ақпараттық құрал: Интербелсенді тақта.Көрнекілігі: Құмырсқаның суреті, құмырсқа илеуінің суреті, семантикалық картаСабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың формасы: жеке, топтық жұмысӘдістері: баяндау, сұрақ - жауап, тірек-сызба,ойын,түсіндіру, көрнекілік, проблемалық оқыту, салыстыру, талдау, жинақтау.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындықОрнымыздан тұрамыз,Сабақ сырын ұғамыз.Әрбір жаңа сабақтан,Білімді боп шығамыз.ІІ .Негізгі бөлім а) үй тапсырмасын сұрау. Ауызша сұралады. Семантикалық карта толтыру. «Таза тақта» ойыны, «Сандар сыры», «Миға шабуыл», «Артығын тап» ойындарын ойнату.«Миға шабуыл» ойынының сұрақтары1.Бунақденелілердің қанша түрі бар? (700000)2. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым (энтомология)3.Бунақденелілер класында қанша отряд бар (35)4. Зәр шығару жүйесі (мальпиги)5.Көкірек бөлігінде не орналасқан? (қанат пен аяқ)6. Бунақденелілердің дамуы қанша жолмен жүреді.(3).7. Бунақденелілер қанша аяқты? (6)8. Бунақденелілердің денесі неше бөліктен тұрады?(3)9. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі (трахея) 10.Ересек жәндік қалай аталады? (имаго)б)Жаңа тақырыпты меңгерту.«Ой қозғау» Сұрақтар қою1) Бунақденелілердің дамуы қандай жолдармен өтеді? (3)2) Шала түрленіп дамитындарға нелер жатады? (инелік,дәуіт,шегіртке,бит,қандала)Тура дамитындарға нелер жатады? (қанатсыз бунақденелілер)Толық түрленіп дамитындарға нелер жатады? (қоңыз,көбелек,шыбын,құмырсқа,балара)Осылардың ішінде топтанып тіршілік ететіндері бар ма? (құмырсқа,балара ) Топтанып тіршілік етуіне байланысты бұлардың мінез қылығы күрделене түседі. Жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылым этология д.а. Құмырсқа лар мен аралар жер шарында кеңінен таралған. Құмырсқа Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 12 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқаларды зерттеумен айналысатын ғылым -мирмекология деп аталады. Аралар мен құмырсқалардың денелік мүшелері басқа жәндіктермен бірдей, сыртқы хитиндік қабықшасы бар. Ол экзоскелет деп аталады.Экзоскелетің маңызы денесінің ішкі мүшелерін қорғау.Постер қорғау 2 топқа екі тақырып беріледі. «Аралардың тіршілігі», «Құмырсқалардың тіршілігі». «Сен білесің бе?» танымдық бөлім. Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Жәндіктің бұл түрі жер бетінде қанша жас жасағанмен, жүз миллион жылғы күйінен еш ауытқымай тіршілік жасап келеді. Құмырысқалар да бал береді.Дүниеде бал беретін құмырысқаларда бар.Олар бал жинау кезінде аралар сияқты жер кезіп нектар жинайды,балы қышқыл болады..Құмырысқа балынан салқын сусындар емдік дәрі-дәрмектер жасалады.Бал жинағыш құмырысқалардың құрсағы торсықтай болып ұлғайып кетеді,жергілікті халық оларды «бал бөшке» деп атайды.
Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан (феромен) тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың қоғамдық өміріне қызыққанголивудтық продюссер1998 ж «Анти» мультфильмін түсірген. Мұхтар Мағауин құмырсқалар өркениеті мен қызыққа толы құрылымы жайлы “Құмырсқа-қырғын” әңгімесін жазды. Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген.в) Жаңа сабақты бекітуЖаңа сөздермен жұмысВенн диаграммасыКластер жасау«Өрмекші торы». Алған білімдерін бекітуІІІ.Бағалау ,қорытындылау Құмырсқа «патшалығының» мызғымастығын қамтамасыз етіп келе жатқан қасиеттерінің бір себебі-алдында айтып кеткеніміздей бүкіл құмырсқалардың тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы.Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оны басты себебі-бірлікте, ынтымақта! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырсқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен деймін, әрі асқан қанағатшыл болса екен деймін.
ІV.үйге тапсырма беру.
Постер қорғауға берілген материалдары:
І топ
Құмырсқалардың тіршілігі.
Құмырсқаларды зерттеумен айналысатын ғылым-мирмекология деп аталады.
Қоғамдық бөлінуі
Құмырсқалар қоғамдық (бірлесіп) өмір сүретін бунақденелілер. Құмырсқа илеуінде көпшілік жағдайда қызметі жағынан құмырсқалардың 3 маманданған тобы:
1) Аталық және аналық құмырсқалар (жыныстық топ): бұлар көбею, қоныс аудару қызметін атқарады;2) Жұмысшы құмырсқалар (жыныс мүшелері жетілмеген бедеу аналық құмырсқалар) ұя салу, жұмыртқалар мен ұрықтарды күту, қорек жинап әкелу сияқты жұмыстарды орындайды.3) Жауынгер құмырсқалар. Тіршілігін ұяда өткізеді, жұмысшы құмырсқалар жинаған дәндерді жұмсартып, езіндіге айналдыратын және ұяны жаулардан қорғайды. Аналық құмырсқа ірі болады.Екі қанаты болады. Аналық құмырсқа ұрықтанғаннан кейін аталық құмырсқа өледі. Аналық құмырсқа ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жұлып тастайды.Тек ұрпақ жалғастырады. Олардың өмірі 12 ден 20 жылға дейін созылады.
Аналық илеудегі ең маңызды мүшесі болып көрінуі мүмкін, бірақ ол қателік. Ең маңызды жұмысшы құмырсқалар.Бір илеуде екі немес е одан артық аналық болуы мүмкін.Олар көбейген сайын жұмысшы құмырсқалар басқа илеулерге ауыстырып, камерадан көшіріп тіпті қартайып аз жұмыртқаласа өлтіріп тастауына тура келеді. Олар тамақ іздеп, ас-ауқат тасумен ғана қарбалас болып жүгіріп жүреді. Жұмысшы құмырсқа дене жаратылысы жағынан жауынгер құмырсқалардың белінен ғана келеді. Бұлар шағын денелі болғандықтан қара жұмысқа өте бейім, сондықтан жер қазып, жол салғанда, жолда кездескен жәндіктерді жұлмалағанда өте жойқын әрі батыл қимылдайды. Олардың жолында кездейсоқ кездесіп қалған жәндікке аман-есен құтылып шығу деген қиял ғана. Себебі бір ғана құмырсқа етегіне жармасса, ең ірі де-ген жәндіктің өзі сол арада арпалысып, амалсыз жан тапсыруға мәжбүр. Қатты қанаты бар қара қоңыздың өзі сәл кешіксе аспанға ұшып үлгермейді. Көзді ашып-жұмғанша тамақ та-былған жерге жүз мың құмырсқа қаптап кетеді. Жүздеген құмырсқа жармасқан жерінен тістеп, жан-жаққа тартқылағанда шегіртке, қоңыз, ұлу, дәуіт, көбелек, бұзаубас, шаян секілді жәндіктерің тірідей парша-паршасы шығып, түтіліп, сол заматта шашылып кетеді.
Жұмысшы құмырсқалар құмырсқа илеуіндегі әр бөлменің тіршілігіне қажетті жағдайларын түйсініп сезіне алады.Илеудің астындағы бөлмелері салқын тартқан кезде ондағы дернәсілдер мен қуыршақтарды илеудің жер бетіндегі күннің қызуымен жылынатын бөлмелеріне тасып орналастырады. Ал бұл бөлмелер салқындай бастаса немесе тым қызып , температура дернәсіл тіршілігіне қауіп төндіре бастаса, оларды астыңғы бөлмелерге тасиды. Құмырсқалар ұядағы ылғалды реттеп, қажетті қалыпта ұстайды.Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Жұмысшы құмырсқалар өзара еңбек бөліседі, жауынгер құмырсқалар әрбір кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып тұрады. Илеуге оралған жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған жжауынгер құмырсқаның басын мұртшасымен тықылдатып қаққаннан кейін ғана илеуге ене алады. Негізгі қорегі насекомдар, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып табиғатқа көп пайда келтіреді. Кейбіреуі ауыл шаруашылыққа зиянын келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды!
Олар бар тапқанын ортақ қамбаға жинайды екен. Оны бақылап тексеріп дәмін татып көретін ең үлкен патшайымдары.Барынша әділ еңбек етеді. Бір қауымдастықтың құмырсқалары келесі көрілердің азықтарына мүлдем тиіспейді. Шекара бар. Шекараға түскен жағдайда талқанын шығарады. Құмырсқалар әлемі тұнып тұрған еңбекқорлық, әділдік, тазалық. Жинаған азықтарын жиі аударып тұрады. Себебі өніп, не көгеріп кетпес үшін. Ал егер көгеріп бүлінген жағдайда, екіге бөліп, күн ашық жағдайда, жаңбырсыз күндері, далаға шығарып, кептіріп алады. Құмырсқалар илеуінің айналасынан шашылған дақылдарды көретініміз сол жағдай.Ең қызығы құмырсқаның бір жылдық азығын бидпайдың 3 дәні ғана құрайды. Егер қыс ұзап кетсе, болмаса, ұяларының шығар аузыбітеліп қалса, не болмаса басқа жағдай болған кезде, азықтарын үнемдеу керек болса, үш түйір дәнді олар 2 жыл азық етіп сақтайды.
Құмырсқаның құрылысыДенесі: бас, көкірек және құрсақтан тұрады.Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген,ауыз аппараты "кеміргіш". Басында екі фасеттік көзі орналасқан.Ол көп кішкентай линзалардан құралады. Фасеттік көз іс-қимылды түгелімен көрмейді. Одан басқа да үш көзі бар.Олар күн сәулесінің жарықтану деңгейін көреді. Құмырсқалардың көбісі нашар көреді, ал кейбір түрлері соқыр болып келеді. Мұрты екеу. Олар иіс,дәм, сезу жұмысын атқарады және бір-бірімен қарым-қатынас етуге көмектеседі.Көкірек бөлімі жіңішке.Онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген.Әр аяғының басында түрлі тырнақ бар.Ол құмырсқаның жорғалақтап тіке тұрған заттарға мінуге көмектеседі. Құрсақ бөлімінде улы бездері бар . Сол арқылы құмырсқа қышқылы бөлінеді. Құмырсқадан бөлінген қышқыл феромен деп аталады.Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады.Құмырсқаның емдік қасиетіҚұмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.Оның илеуі де ем болады екен.Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте құмырсқаның илеуінен алып, суға салып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады.Аяққа жара шыққанда кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады.Құмырысқа уы ем. Италия профессоры құмырысқа уын таза күйінде алып ,оны адамның кейбір ауруына қарсы пайдаланған.Сонда құмырысқа уы сүзектің ,обаның ,туберкулездің бактерияларын оп-оңай құртатындығын байқаған.
ІІ топ
Аралар
Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Баларалар 2 топқа бөлінеді. Жабайы және қолда өсіретін. Жабайы баларалар ағаш қуысында екендейді. Қолда өсіретін аралар құрылысы әр түрлі ұяларда мекендейді. Баларалардың тұқым тобында бірнеше аталық, 1 аналық және бірнеше жұмысшы аралар болады.Аналық аралар 3-5 жыл тіршілік етеді. Аталық араны трутень деп атайды. Жұмысшы аралар жыныстық жағынан жетілмеген бедеу аналық аралар.Жұмысшы аралардың құрсағының астында балауыз жасайтын без болады. Олар көктемде балауызынан кәрез (бал құятын орын) жасап оған бал, гүл шірнесін толтырады. Сол кәрезге аналық ара жұмыртқа салады. Аналық ара 3жерге жұмыртқа салады. Біріншісіне ұрықтанған жұмыртқа салады одан бедеу (туа алмайтын) жас аналық жұмысшы аралар өсіп шығады. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды
Екіншісі Ерекше үлкен ұяға салынған жұмыртқадан аналық ара өсіп шығады. Үшінші ұрықтанбаған жұмыртқадан аталық ара (трутень) өсіп шығады. Денесінің ұзындығы 15 – 17 мм, салмағы 250 мг болады
аналық ара өсуі үшін арнайы ара сүтімен қоректендіреді. Жаңа жас аналық ара өскенде бұрынғы аналық ара қасына жұмысшы араларды ертіп басқа ұя іздеп бұрынғы ұясынан ұшып шығады. Ұяда қалған жас аналық ара жаңадан жетілген жас трутеньдермен (аталықтармен) бірге ұядан ұшып шығып ұрықтанады. . Аталық аралар негізінен ұрғашы араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады.Ұрықтанған жас ара ұрпақ жалғастыру үшін ұяға қайтып оралады. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Жұмысшы баларалар жазда өсімдіктерден шірне мен тозаң жинап ,өңештің кеңейген бөлігі жемсауда балға айналдырады.
Ара балы, бал – жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді.
Емдік қасиеті ерте кезден белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген суық тигенде, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай-ақ қан қысымынң көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады. Соған орай балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз. Бұл тәсілдерді ата-бабаларымыз байырғы заманнан пайдаланған.