«?стазды? ?олында адам та?дыры, болаша? ел та?дыры»



Біздің халықтың ұрпақ тәрбиелеуде сан ғасырлар бойы жинақтаған өзіндік тарихы , тағылымы, ой-пікір қортындылары ұшан- теңіз. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, ең алдымен , өзіміздің ата- бабаларымыздан мирас болып келе жатқан салт- дәстүрімізді, дін мен ділімізді, шұрайлы тіліміз мен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, өскелең ұрпақты осы асыл қазыналарымыз арқылы рухани – адамгершілікке тәрбиелеу , ұстаздар алдындағы кезек күттірмес міндеттердің бірі.
«Бүгінгі жағандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу –үлкен міндет» -деп мектебіміздің басшысы Байсақова Айгүл Нүсіпбекқызы «Ұстаздың қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры» -деп үнемі ұстаздарға айтып отырады. Айгүл Нүсіпбекқызының басшылығымен болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп , эканомикасы мен ішкі сыртқы саясатын дамытатын да – бүгінгі біздің жас өрендерді оқуыту мен тәрбиелеуде көптеген жұмыстар атқарылуда.
Мектепте әдеби кештер, интеллектуалды ойындар , байқаулар, жарыстар көптеп өткізіледі. Солардың бірі ақын жазушылардың шығармаларынан оқулар өткізу. Атап айтсақ , М.Мақатаев, Ескелді би – Бақтыбай, Абай- Шәкәрім, Ілияс оқулары жоғары деңгейде өткізіледі. Жеңімпаз оқушыларымыз аудандық жарыстарға жолдама алып , мектеп абройын қорғап қайтады. Сондай талантты оқушыларымыз 5 сынып оқушысы Әкпар Бағдана, 10 сынып оқушысы Айқын Дариға, 9сынып оқушысы Бақыт Нартай, 6 сынып оқушылары Садук Ақбота, Өмірзақ Жұлдыз сияқты балалар аудан көлемінде жүлделі орындар иеленді. Мектебіміздің оқушылары ауданнан жеңімпаз атанып облыс, республика көлемінде жүлделі орындарды иеленуде.
Алматы қаласындағы Қазақконцерт ғимаратында 7-8 желтоқсан күндері қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсыноваға арналған «Фариза , Фаризажан, Фариза қыз » атты ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерін жатқа оқудан балалар мен жасөспірімдер арасында Республикалық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты : ақын шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық өзгешеліктері көрсете білу;
Жас оқырманға ақын поэзияларының мән- мағынасын тереңнен түсіндіріп, олардың поэзияға , өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Ақынның сөздеріне жазылан әндерін жандандырып дәріптеу.
Байқауға қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлініп жарысты. Ең көп оқушы 14-17 жас аралығында болып, 85 бала бақ сынасты. Ақын өлеңдерін жан жүрегімен елжіреп оқыған балалардың өнеріне тәнті болдық.
Байқауға Қазақстанның түкпір- түкпірінен келген 300 оқушы қатысты. Көркемсөз оқу номинациясы бойынша қатысқан бала саны өте көп болды. Жарысқа келген әр баланың көңілінде «Бақ шабама, бап шабама ? » деген ой тұрды. Осынау дүбірлі додаға менің оқушым Абай атындағы орта мектебінің 10сынып оқушысы Құрманғали Шынар Болатқызы да қатысып 1орынды жеңіп алды. Осы оқушыммен былтырғы оқу жылында Қарасаз жерінде өткен Республикалық М.Мақатаев оқуларын қатысып жүлделі 3 орынмен оралған едік. Бүгінгі қуанышымыз нұр үстіне нұр болды. Осындай оқушыларды тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі ерен . Еңбегімнің жемісін көріп, оқушыларым жеңістерге жеткенде менде еңбегімнің еш болмағанына, жемісті болғанына қуанамын.
Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мұхаметжанова Бағлан Елубайқызы.