Сынып са?аты Т?уелсіздікке 25 жыл


Бекітемін: Келісемін:
№3 Талапкер орта мектебінің директордың тәрбие жұмысы
директоры Абеева. С. Қ жөніндегі орынбасары
«__» ____2016ж. Хамзина Г.А
«__» ___2016 ж.
Мен қазақпын,мың өліп, мың тірілген…
тәрбие сағаты

3«А»сынып жетекшісі:Жакенова.Г.

2016-2017оқу жылы
Тақырыбы:   «Мен қазақпын, мың өліп,  мың тірілген… »
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.  Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 
І- жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
 
ІІ-жүргізуші:
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін  мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де, Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр -арқаңнан айрылып
Қонақ- Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
 
Мұғалім:         
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…
Ж. Молдағалиевтің  осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай…
 
І жүргізуші:Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Биыл 2016 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды. Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына  25 жыл толған мерейлі тойына арналған
«МЕН –ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН…»  атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
 
ІІ жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
 
 «Әнұран» 
 
I оқушы:
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада,  Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
 
 
І жүргізуші:
Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.
 
IІ оқушы: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастанкешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
 
І ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
ІІ ж:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
І ж:    1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
ІІ ж:    1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
І ж:    1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
ІІ ж:    1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
І ж:    1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
ІІ ж:    1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
 
IІІ оқушы:
Озбырлық күшпен  тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды-ау жанын батпан күн!
IV оқушы:
Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан
бұл оқиғаның  алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова,
Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым етупарызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғаршашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсізкүйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
 
Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.
 
Vоқушы:
 Қасиетті Қазақстаным,мекенім,
Ақиқаттың  алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
 
ІІ жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол  жетістіктерді атап өтейікші.
 
І жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің  түңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 29- тамызда  Семей полигоны  жабылды.
1992 жылы 2- наурызда  ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
 
ІІ жүргізуші:  
1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992жылы  4-маусымда ҚР-ң  Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15-қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы  теңге айналымға енді.
 
І жүргізуші:   
1993 жылы 2-қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
 
ІІ жүргізуші:  
Армандаған күнге де жеттік. Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
 
І жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды.  Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
 
 IІ оқушы:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
 
IІІ оқушы:
Ұлан-байтақ жеріңді
Бөтен ел таптамасын!
Ешқандай жау аттамасын!
Ие болып өзің туған жеріңе,
Жер-ана қызмет етсін еліңе,
Атом жарылмасын төріңе,
Ие болып, қорғасақ,
Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.
 
IVоқушы:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
 
Vоқушы:
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
ҮІ оқушы
Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! IІ оқушы:
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
 
IІІ оқушы:
Туған жерім Қазақстан байтақ елім
Туып өстім тәй бастым қастерледім
Туған жердей жер болмас деген мақал
Еске салар мәңгі сені аяулы елім
Қастерлесең табынсаң думан елге
Ардақты да мен деген бол азамат
Елім жерім деген ер жігітке
Тәуелсіз еліңді қыл аманат
Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан
Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған
Жетістікке жеткізді ол қаншама
Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!
 
 IVоқушы :25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
 
Vоқушы:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
 
I оқушы:
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
  І-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
 ІІ-жүргізуші
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
 Ән: «Отаным»
 
ІІ-бөлім
1-тапсырма «Мақал-мәтелдер» сайысы.
Әр топтан бір-бірден оқушы шығады.
1-топ:Туған ел, жер туралы /5/
2-топ:Оқу, білім туралы /5/
3-топ:Еңбек туралы /5/
2-тапсырма: «Сөз құра» Топтық жұмыс
1-топ «Қазақстан»
2-топ: «Тәуелсіздік»
3-топ: «Атамекен»
3-тапсырма: «Шығармашылық жұмыс»
1-топ «Қазақстсан картасы»
2-топ: «Ребус» шешу3-топ: «Қазақстсан» сөзжұмбақ шешуІ-жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Мен – қазақпын, мың өліп,
мың тірілген…» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

№3Талапкер орта мектебінде өткізілген іс-шараның
Ақпараты
Қазан айының 22-жұлдызында 3 «А»сыныпта «Мен қазақпын, мың өліп,  мың тірілген… » атты тәрбие сағаты болып өтті. Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. «Әнұран» ойналды. 1-бөлімінде Тарихи оқиғаларды еске түсіріп өткізілді,интербелсенді тақтадан бейнежазбалар көрсетілді. Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалды. ІІ-бөлім
1-тапсырма «Мақал-мәтелдер» сайысы. Әр топтан бір-бірден оқушы шығады.
1-топ:Туған ел, жер туралы /5/
2-топ:Оқу, білім туралы /5/
3-топ:Еңбек туралы /5/
2-тапсырма: «Сөз құра» Топтық жұмыс
1-топ «Қазақстан»
2-топ: «Тәуелсіздік»
3-топ: «Атамекен»
3-тапсырма: «Шығармашылық жұмыс»
1-топ «Қазақстсан картасы»
2-топ: «Ребус» шешу3-топ: «Қазақстсан» сөзжұмбақ шешу тапсырмалары орындалды.
 
 


2103120109855