А?паратты жазу ж?не санау, а?паратты тасымалдаушылар
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні:
Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушыларСабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақпараттарды жазып, өлшем бірліктер арқылы санауды ақпарат тасымалдаушыларды қолданылуы тәртібін меңгеру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеуге, практикамен теорияныбайланыстыруға тәрбиелеу.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
Оқушы меңгеруі тиіс:
– “ақпарат” үғымын, ақпаратты тасымалдаушылардың атауларын, олардың қолданылуын.
Оқушы үйренуі тиіс:
– ақпаратты санауды, ақпаратты тасымалдаушылардың іске қосылуын үйрену.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі
Көрнекіліктер: оқулық, үлестірмелі тапсырмалар, тақтаҚұрал-жабдықтар: компьютер, флешка, диск, дискета.
Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын анықтау. (оқушылардың зейінін сабаққа аудару)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Файл дегеніміз - аты бар бірқатар байттар тізбегі.
Бума жүйелі және жұмысшы деп екіге бөлінеді.
Бума құру ол–тышқанның қөмегеімен іске асады.
Обьектілерді іздеу – бас мәзір арқылы іске асады.
Өшірілген обьекті карзинада өзіміз өшіргенге дейін сақталынады.
Ctrl+c қызметіқандай – обьектілерді көшіру.
Ctrl+v қызметі қандай – обьектілерді қою.
IV.Жаңа түсінік:
Балалар, бүгінгі тақырыпта қай сөздер бізге таныс? Ия,ақпарат деген сөз. Біз бұл тақырыпты І тоқсанда оқығанбыз.Ал бүгін сол ақпараттарды қалай жазып, қалай тасымалдауды үйренеміз.
Кәне балалар айтыңдаршы ақпарат деген не? Ақпаратты қалай санайтын едік?
Ақпарат өлшеудің ең кіші бірлігі- Бит болып табылады. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай алады – 0 немесе 1.
Келесі өлшем бірлігі- Байт.1 Байт-8 бит-ке тең.Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады.
Қалай ойлайсыңдар? Ертеде адамдар ақпараттарды неге жазып сақтаған? Бір –бірімен қалай ақпарат алмасып отырған?
Ерте кезде адамдар ақпаратты тастарға, қағаздарға, кітаптарға жазып қалдырған, ал қазір ақпаратты қайда жазып сақтаймыз және тасымалдаймыз? Компьютер құрылғыларынан флешка, диск, компьютер жадында сақталынады.
IV. Тақырыпты бекіту:
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1. Pain графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.2. сурет салыңдар.
3. Өз суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар.
4. Осы файл үшін жарлық құрыңдар.
5. Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.
6. Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып, іске қосыңдар.
В деңгейі
1. Компьютерлеріңдегі дискілерден атауларынды «информатика» сөзі бар файлдарды табыңдар.
2. Осы файлдарды Информатика бумасына сақтаңдар.
3. 1-2 пунктерді әдебиет пен математика пәндерінің файлдары үшін қайталаңдар. Көшіру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданыңдар.
4. Файлдардың біреуі үшін Жұмыс үстелінде жарлық құрыңдар.
С деңгейі
1. WordPad программасын іске қосыңдар.
2. 71-суретте көрсетілген мәтінді теріңдер.
3. Мәтінді Мысал1 бумасында Тізім атауымен сақтаңдар.
4. Калькулятор програмасын іске қосыңдар.
5. Бірінші сынып оқушысының жиынтығына қанша зат кіретінін санаңдар.
6. Шыққан нәтижені Калькулятордан Блокнот мәтіндік редакторына кірістіріңдер.
7. Шыққан файлды мысал2 бумасында сақтаңдар.
8. . Pain графикалық редакторын ашыңдар.
9. таңдауларың бойынша: компьютердің жануардың, адамның суретін салыңдар.
10. Суреті Сурет деген атаумен Children бумасына сақтаңдар.
11. Мысал1, мысал2 бумаларының екеуін де Іздеу терезесіне шығарыңдар.
12. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.
13. Өздерің құрған нысандардың бәрін Қоржынға орналастырмай жойыңдар.
V. Қорытындылау:
1. қажетті файлды бумадан қалай табады?
2. Дискідегі файлды қалай табуға болады?
VI . Үй тапсырмасын беру:
Оқулықтан §13 оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру, тест тапсырмасын орындау.
1 2 3 4 5 6 7
А В С А B С С
VII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау