Ом за?дары. ?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель жал?ау.


1. Сабақтың тақырыбы: Ом заңдары. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тізбек бөлігі және толық тізбек үшін Ом заңдарын, электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудағы жалпы кедергіні анықтау формулаларын үйрету.
3. Сабақтың барысы:
а) көрнекілігі: Арнайы баспада дайындалған көргізбелі плакаттар.
б) сабақ түрі: Көргізбелі плакаттарды қолдану арқылы оқушылардың үйреніліп жатқан құбылыс бойынша өз бетінше ойлап, сұрақтарға өз білімдері негізінде жауап беріп баруы арқылы жаңа тақырыпты игеруіне ерісуге негізделген аралас сабақ.
в) әдіс-тәсілдері: Көргізбелі плакаттар, сұрақ-жауаптар және есептер шешу арқылы нақты түсінік беруге ерісу.
1. Ом заңдары:
а) Тізбектің 1 – 2 бөлігіндегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі:

I=UR ;
Бұл тізбек бөлігі үшін Ом заңының өрнегі. Мұндағы
R=ρlS;
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, оның кедергісіне кері пропорционал. 1 Ом=1 В1 А;
б) Осы толық тізбектегі ток күшінің формуласын келтіріп шығарайық:

Тұйық тізбектегі толық жұмыс: UR+Ur=ε болғандықтан Ur=Ir, UR=IR екенін ескеріп: IR+Ir=ε деп жазамыз. ОсыданI=εR+r;
Бұл толық тізбек үшін Ом заңының өрнегі. Тұйық тізбектегі ток күші оған әрекет ететін электр қозғаушы күшінің шамасына тура пропорционал, тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысына кері пропорционал.
ε=IR+Irε=U1+U2;
r<<R болса I=εR деп жазуға болады. Сонда ε=U болады.
R=0 болса I=εr; бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады, бұл кезде ток күші өте үлкен болады.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау:
а) Өткізгіштерді тізбектей жалғау:

Өткізгіштер осылайша тізбектей жалғанған кезде әр өткізгіштің бойынан бірдей ток өтеді, себебі ток тармақталмайды.
U=U1+U2+···+UnIR=IR1+IR2+···+IRnR=R1+R2+···+RnI=I1+I2+···+In
б) Өткізгіштерді параллель жалғау:

Өткізгіштер осылайша параллель жалғанған кезде:
U=U1=U2=···=UnI=I1+I2+···+In
UR=UR1=UR2=···=URn1R=1R1+1R2+···+1RnЕгер екі өткізгіш параллель жалғанған болса:
R=R1·R2R1+R2 болады.
Егер R1=R2=···=Rn болса, онда тізбектей жалғанғанда: RT=nR1
параллель жалғанғанда: Rn=nR1 болады.
Сабақты бекіту.
1. Берілгені: (2 нұсқа(2))
S= 0.5 мм2=0.2·10-6 м2
l=10 м
ρнихром=110·108 Ом·мU=220 В
R-? I=?
Шешуі:
R=ρlS = 110·10-8Ом·м·
·10м0.5·10-6м2= 22 Ом
I=UR =220В22 Ом = 10 А.

2. Берілгені: (3 нұсқа (1))
ε=4 Вr=0.5 Ом
R=9.3 Ом
I-? ; Ur-?; UR-?
Шешуі:
I=εR+r=4 В9,8 Ом= 0,4 А
Ur=Ir=0,4 A·0,5 Ом=0,2 В
UR=IR=0,4 А·9,3 Ом=3,8 В

3. Берілгені: (3.194)
Rтіз=50 Ом
Rпар=12 Ом
R1-?; R2-?
Шешуі:
R1+R2=50
R1·R2R1+R2=12
R1·R2=600
R1(50-R1)=600;
R12-50R1+600=0
R1,2=50±2500-24002=50±102:
R1=30 Ом
R2=20 Ом


4.Берілгені: (3.196)
R1=R2=R5=R6=3 Ом
R3=20 Ом
R4=24 Ом
R-?

Шешуі:

R2,4,5=30 Ом
R3(2,4,5)=20·3050=12 Ом
R=R1+ R3(2,4,5)+R6=
=3 Ом+12 Ом+3 Ом=18 Ом
Үйге тапсырма:
Ом заңдары. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Есеп № 4-5 нұсқа.