Ашы? саба?: Рационал сандар?а есептер шы?ару 6 сынып
Күні: 21.10.2015 ж
Пәні: Математика
Сынып: 6
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оң және теріс сандарды координаталық түзу бойында кескіндеу туралы алған білімдерін бекіту. Қарама – қарсы сан, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын пысықтау. Санның модулін табуға және рационал сандарды салыстыруға есептер шығаруды үйрету.
Дамытушылық: Тез ойлап, жылдам жауап беру қабілетін арттыра отырып, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру және білімін нақты көрсете алу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге баулу. Құрылыс саласы туралы мәлімет бере отырып, еңбектің қадірін түсінуге, шығармашыл тұлға болуға баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту, қайталау, жалпылау сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері: Практикалық жұмыс.
Сабақта қолданылатын технология: СТО элементтері
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Презентация, e-learning кітапханасы, үйдің макеті, пазлдар, үйдің бөліктері, БҮҮ стратегиясы, қалпақ, күрек, қалақ, ағаштың суреттері
Пәнаралық байланыс: сызу, геометрия, информатика, ағылшын.
Сабақтың ақпараттық картасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1 мин
ІІ. Мотивация және жаңа тақырыпты хабарлау:
1) «Сурет бойынша болжау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. 2 мин
2) Құрылыс нысанын салуға рұқсат алу кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау, бекіту:
Құрылыс нысанын жобалау кезеңі. «Пазл» әдісі 5 мин
Ғимаратты салу:
а) іргетасын құю – «Математикалық лото» 5 мин
ә) қабырғасын тұрғызу– Есептер шығару 15 мин
б) шатырын жабу – Мазмұнды есеп шығару 5 мин
ІV. Сабақты қорытындылау. Рефлексия:
Коммуникация жүйесін жүргізу кезеңі. БҮҮ стратегиясы. 4 мин
Үй жұмысын беру: Әрлеу. 1 мин
Бағалау. 2 мин
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың эпиграфы: Қасиетті хадисте айтылған, адамға үш нәрсе міндеттеледі: ол ұрпақ өсіру, үй тұрғызу, ағаш егу.
Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше болады. Біз күнделікті сабақта оқушы болсақ, бүгінгі сабағымызда құрылысшы боламыз. Құран хадисінде жазылғандай, адам өмірінің мәні үш нәрсемен өлшенеді екен: ұрпақ өсіру, ұй тұрғызу, ағаш егу. Сонымен қатар, Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауында тұрғын үй құрылысына зор мән берген. Сол себепті де, болашақта тұрғын үй құрылысына өз үлесімізді қосу үшін, барлығымыз бірге еңбектене отырып, ауылымызға қажетті тұрғын үйдің үлгісін тұрғызамыз.
Қандай да бір құрылыс нысанын салу бірнеше кезеңдерден тұрады:
Ғимаратты салуға рұқсат алу;
Ғимаратты жобалау;
Ғимаратты тұрғызу;
Байланыс жүйесін жүргізу.
ІІ. Мотивация және жаңа тақырыпты хабарлау:
«Сурет бойынша болжау» - сурет беріліп, балалармен шағын пікір алмасу болады, сурет арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
Балалар, сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға есептер шығару
Осы кезеңдерден өте отырып, біз рационал сандар тақырыбын қайталап, білімімізді бекітеміз.
Ғимаратты салуға құрылысшыларға рұқсатты арнайы мекеме берсе, сіздерге рұқсатты мен беремін. Ол үшін үй тапсырмасын тексереміз.
Үй тапсырмасы оқулықтан №375 есеп:
-3 < -1
-14>- 25-100 < 99
-0,85>-0,86
– 59 > -790 < 0,19
Балаларға қызыл түсті қалам беріліп, слайдта есеп жауабын көрсетіліп, өздеріне тексертіледі. Үй тапсырмасы дұрыс балаларға «каска» таратылады, жартылай дұрыс шығарғандарға «күрек» беріледі. Қате шығарғандарға қайтадан e-learning кітапханасынан есеп беріледі. Электронды есеп ауызша орындалған соң, оларға «қалақ» беріледі.
Е-learning кітапханасынан есеп:
ІІІ. Құрылыс нысанын жобалау кезеңі: «Пазл құрастыру» әдісі.
Пазл бөліктерінің артына шағын амалдар жазылады, мәндерін плакаттан тауып, жабыстырады.
1-пазл: Үй санақ басында орналасқан? 0-ге тең
2-пазл: Шатырының биіктігі оң санмен бе, әлде теріс санмен өрнектеле ме? Оң сан
3-пазл: Үйдің су құбыры 1 м тереңдікте жүргізілген. -1 м
4-пазл: Үйдің ішкі температурасы 20℃ жылылықта болуы керек. +20℃ІV. Ғимаратты салу:
а) Іргетасын құю: «Математикалық лото» - біз үйдің іргетасын құюымыз керек. Іргетасымыз мықты етіп құйылса, үйіміз де берік болады. Ол үшін рационал сандар тарауы бойынша теориялық білімімізді бекітіп алуымыз қажет. Төрт сұрақ беріледі, сол сұрақтарға ауызша жауап беру арқылы үйдің іргетасын аламыз.
Оң және теріс сан дегеніміз не? Координаталық түзудегі оң бағытта кескінделген сандар оң сандар, ал теріс бағыттағы сандар теріс сандар деп аталады.
Бүтін сандар жиыны дегеніміз не? Натурал сандар, оған қарама-қарсы сандар және 0 санынан құралған жиын.
Оң санның, теріс санның, 0 санының модулдері қандай сан? Оң санның модулі оң сан, теріс санның модулі теріс сан, 0 санының модулі өзіне тең.
Рационал сандар қандай сандар? mn қатынасы түрінде жазуға болатын сандар рационал сандар деп аталады. m ∈Z, n ∈ N
ә) Қабырғасын тұрғызу: «Есепті құрылыс» - есептер шығару
Есепте:
-216:413Шешуі:
-216:413=216:413=136:133=13∙36∙13=12Жауабы: 12
Теңдеуді шеш: -x∙0,6=1,8Шешуі:
-x=1,8:0,6-x=3x=3 2) x=-3Жауабы: 3 және -3
x-тің бүтін сан мәнін табыңдар:
-0,8<x< 2,2
Шешуі: 0, 1 және 2
Салыстыр:
-135+-416 және 416+135Шешуі: ;-3,2135+416=416+135
Қарама-қарсы сандар жұбын теріп жаз:
412; 6, 88;-3,2; -19; 2, 27;-412; 19;3,2; 59Шешуі:
412 мен -4123,2 мен -3,219 мен -19;
Координаталық түзуде нүктелерді кескінде:
А(2), В (-3), С (- 15), D (135)
б) Шатырын жабу: -Мазмұнды есеп шығару.
Құрылысшылар үйдің шатырын үш күнде жапты. Бірінші күні шатырға кететін шифердің 25%-ын, екінші күні 40 %-ын жұмсады. Қалған 280 шифер үшінші күні жұмсалды. Шатырды жабуға барлығы неше шифер жұмсалды?
Шешуі: І күні – 25% ІІ күні-40% ІІІ күні -100%-(25%+40%)=35%Пропорциямен шешеміз:
35% 280
100% х
х=100∙28035=800 (шифер)Жауабы: 800 шифер жұмсалған Құрылысшыларға үйдің шатырын жабуға берілген шегенің бірінші күні 15-і, екінші күні 25-і жұмсалды. Шатырды жабуға барлығы 500 шеге кеткен болса, онда үшінші күні неше шеге пайдаланылды?
Шешуі: І күні – 15 ІІ күні - 25 ІІІ күні -1- 35=25Санның бөлігін табамыз:
500∙25=200 (шеге)Жауабы: 200 шеге жұмсалған
V. Сабақты қорытындылау: Рефлексия- Байланыс жүйесін жүргізу:
БҮҮ стратегиясы
Білемін Үйрендім Үйренгім келеді
Сандарды ажырата білуді Өткен тақырыпты қайталауды Рационал сандарға амалдар қолдануды
VІ. Үй тапсырмасын беру: Әрлеу жұмыстары-Оқулықтан №376 есеп
VІІ. Бағалау: Үйдің бағына егетін ағаш беру арқылы бағаланады.