?аза?станда?ы 1867-1868 жылдарда?ы реформалар (ашы? саба?)





Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар.
Сабақтың білімділік мақсаты: 1867-1868 жылдардағы реформалардың мақсаты- Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту екендігін түсіндіру арқылы, реформаның отаршылдық сипатын ашып көрсету.
Дамытушылық мақсаты: сын тұрғысынан ойлау арқылы, өзіндік жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру, тарихи үдерістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, ізденіс жұмыстарын ынталандыру, мәтінді түсініп, негізгі ойын басқа оқушыларға жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Еліне, жеріне сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.пайдаланылатын технология сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба кестелер.
Сабақтың әдіс –тәсілдері: оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, ойталқы, кесте-сызбалар толтыру, тұлғаны таны.
Көрнекілігі: карта, портреттер.
Пән аралық байланыс: әдебиет, дүниежүзі тарихы.
Сабақтың негізгі ұғымдары: әкімшілік –аумақтық бөлініс, генерал-губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, міндеткерлік түрлері, сайлау жүйесі.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезңі.
а). Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. . б).Тиянақтылығын қадағалау. . в). Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (шаттық шеңбері)
ІІ. Үй тапсырмасы сұрау.
Рефераттар оқыту.
ХІХ ғасыырдың екінші жартысындағы ақын жырауладан кімдерді білесіңдер?
Қазақ халқының тұрмысынды музука өнеріненеге маңызды орын берілді?
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары
Әкімшілік реформалардың мақсаттары мен себептері
Рефрома бойынша әкімшілік-аумақтық бөлініс
Денсаулық сақтау реформалары
Жерді пайдалану ерекшеліктері
Реформаның отаршылдық сипаты
1.Қызығушылықты арттыру.
А) «Сібір қырғыздары туралы жарғы» бойынша патша үкіметінің көздеген мақсаты қандай еді:
Б) «Орынбор қыырғыздары туралы жарғының» қандай ерекшкліктері болды?
В) Дистансиялық бастықтар қызметін енгізудегі мақсат не еді?
2. Мағынаны тану.
1-топ оқушыларына: Реформа жүргізуге түрткі болған жағдайлар.
2-топ оқушыларына: Қазақстанда әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік- экономикалық реформа жүргізудің себептері.
(постер қорғау, тірек сызбалар және кестелер толтыру)
3.Ой толғаныс.
1-Тапсырма. «Сырдария, Жетісу облыстарын басқару туралы» ереже, 1867 ж 11 шілде
Мақсаты Авторлары Әкімшілік басқару Салдары
2-Тапсырма. «Торғай,Орал, семей облыстарын басқару туралы» ереже, 1868 жыл.
Мақсаты Жасалуы Сот істерін басқару
ІV. Қорытынды.
Қазақстанды Ресейге қосылу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті.
Қазақстан жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті.
Дәстүрлі билер сотының құқытары қысқартылды.
Шаңырақ салығы енгізілді.
Қазақ өлкесі шикізат көзіне айналды.
Құнарлы жерлер Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен казактарға, шенеуніктерге берілді
V. Бекіту тест сұрақтары бойынша.
«Ахмет Яссауий» тобының тест тапсырмалары.
1.ХІХ ғасырдың 60 ж. Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған комиссяны кім басқарды?

а). М.Сперанский. б). П.Эссен. . в). И.Бутков. г). Игельстром. . д). Гирс.
2. 1867-1868 жж. Патшаның әкімшілік реформалары бойынша қазақ жері неше генерал губернаторлыққа бөлінді?
а). 1 б). 3. в). 2. г) 4. д).5.
3. «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы» ереже қашан бекітілді?
а). 1967 ж. 19 ақпан. б). 1867 ж. 11 шілде. . в). 1867 ж. г). 1868 ж. . д). 1868 ж. маусым.
4.1868 ж. 21 қазанда қандай реформа қабылданды?
а). «Орынбор қазақтарының жарғысы» . б). «Сібір қазақтарының жарғысы» . в). «Торғай, Ақмола, Семей, Орал облыстарын басқару туралы» . . . ереже
.
г). «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже» . д). «Басыбайлықты дою туралы ереже»
5. Орынбор генерал-губернаторлығының құрамына кірген обылыстар:
а). Орал мен Торғай б). Сырдария мен жетісу . в). Ақмола, Семей г). Орал, Семей . д). Торғай, Жетісу
«Арыстанбаб» тобының тест тапсырмалары.
1. Реформаларға сәйкес әскери -губернатор нені басқарды?
а). Округті. б). Обылысты. . в). Ауылды. г). Уезді. . д). Болысты.
2. Ережелерге сәйкес, әр обылыстың құрамында бірнеше әкімшілік ауыл болды, ал әр ауылда неше шаңырақтан болды?
а). 50-10 шақты б). 100-150-дей. . в). 100-200-дей. г) 200-250-дей. . д). 300-дей.
3. «Ереже» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны- билер мен қазылар сотын кім бекітті?
а). Генерал губернатор. б). Әскери-губернатор. . в). Аға сұлтан. г). Уесзд бастығы. . д). Ауыл старшындары.
4.1867-1868 жылдардағы құрылған генерал-губернаторлықтар?
а). Орал, Семей б). Жетісу, Орынбор . в). Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан . г). Ақмола, Жетісу . д). Торғай, Орынбор
5. Ереже бойынша облыстар қандай әкімшілік жүйеге бөлінді ?
а). Уездерге б). Болыстарға . в). Округтерге г). Ауылдарға . д). Губернияға
VІ. Үй тапсырмасы: 1867-1868 жылдардаағы реформа бойынша әкімшілік- аумақтық бөлінісін кескін картаға түсіру және оқып келу.
VІІ. Бағалау. Өзін өзі бағалау парағы арқылы.