?аза?стан тарихы 1867-1868 жыл?ы реформа 8класс
АптаКүні 13.02.14 Сабақ № 43
Сабақтың тақырыбы 1867-68 жылдардағы «Басқару туралы уақытша ережелер», облыс, уезд, болыс және ауылдардағы әкімшілік басқарудағы өзгерстер
Жалпы мақсаты Ресей империясының отарына айналған Қазақстанның 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша саяси басқару жүйесіндегі өзгерістер, реформаның дайындалу жолдары, реформаның мазмұны мен мәні, реформаның Қазақстан жеріндегі кейінгі зардаптары туралы түсінік беру.
1867-1868 жылдардағы реформаны оқыта отырып, оқушылардың логикалық ойлау, еркін сөйлеу, өткен мен жаңа тақырыпты салыстыру арқылы мағынаны ажырата білу қабілеттерін одан әрі дамыту.
Күтілетін нәтижелер *Реформалардың жасалу барысы, басты ұстанған саясаты, мақсаты, нәтижесі туралы мағлұматтарды меңгереді;
*талдау, бүгінгі таңдағы реформалармен салыстыру, сұрау, айқындау;
*бағалау, дәлелдер келтіру;
Сабақ түрі Жаңа сабақты меңгерту
Тапсырмалар Кесте толтыру, топтастыру, топпен жұмыс
Керекті жабдықтар Оқулық, стикер, ақ бет
Сабақ барысы Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Сабақ кезеңдері Кіріспе Оқушылармен амандасу, түгендеу
Үй тапсырмасын талқылауға арналған сұрақтар:
Облыс бағынған әкімшілік-аумақтық бөлініс?
Уезд деген не?
1822 және 1824 жылдардағы жарғылар неге жарамай қалды?
Қазынагерлік жүйеде қандай өзгерістер болды? Оқушылар жоқ оқушыны және үй тапсырмасына не берілгенін айтады.
Тұсаукесер Жоспар:
Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу
( мұғалім баяны)
Реформаның басталуыБасқарудың ерекшеліктеріСайлау жүйесі
Қазынагерлік жүйе мен міндетті атқарылатын борыштарДенсаулық сақтау саласындағы реформа
Жерді пайдалану мәселелері
Реформаның отаршылдық сипатыНегізгі мәлімет
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша
Қазақ жерлерінің біріктірілуі
Түркістан генерал-губернаторлығы Орынбор генерал-губернаторлығы Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы
Орал Торғай
Ақмола Семей
Жетісу Сырдария
1822,1824 жылдардағы Жарғы бойынша 4-сатылы: 1.Облыс- 3-8 округтен
2. Округ-15-20 болыстардан
3. Болыс-10-12 ауылдан
4. Ауыл- 50-70 шаңырақтан құралды.
1.Облысты -губернатор;
2.Округті -аға сұлтан мен 2 ресейлік кеңесші;
3.Болысты- болыс сұлтаны;
4.Ауылды- ауыл старшыны басқарды.
1867-1868 жылғы реформа бойынша 5-сатылы: 1.Генерал-губернаторлық
2. Облыс
3. Уезд
4. Болыс
5. Ауыл
1.Генерал-губернаторлықты- генерал-губернатор;
2. Облысты- әскери-губернатор;
3. Уезді- уезд басшылары;
4. Болысты- болыстар;
5. Ауылды- ауылнайлар басқарды.
Оқушылар тақырыпқа сай жаңа мәліметтермен танысып, керекті мәліметтерді түртіп алып отырады
Негізгі бөлім Оқушыларға оқулықпен жұмыс тапсыру; оқулықтың 143 бетін пайдаланып,1867-1868 жылғы реформа бойынша бөлінген 6 облыстың құрамына кірген уездерді сызба түрінде дәптерлеріне жаздыру.
1867-1868жж реформалар
Тараулар Мәні Маңызы мен салдары
Реформаның мақсаты Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі Басқару ерекшеліктері Сайлау ерекшеліктері Фискальді жүйе,міндеткерліктер Денсаулық сақтау Жерді пайдалану Салыстырмалы кесте толтыру
Тараулар 1822ж. «Сібір қазақтары туралы Ереже» 1824ж. «Орынбор қазақтары туралы Ереже» 1867-1868жж реформаларРеформаның мақсаты Қазақстанның әкімшілік бөлінісі Басқару ерекшеліктеріСайлау ерекшеліктеріНәтижелері Оқушылар жұппен жұмыстанады
Қорытынды
Бекіту: Пысықтау:
60жылдардағы реформалардың мәні?
1867-68 жылдардағы реформа неше сатылы?
Генерал-губернатор басқарды?
Округті кім басқарды?
Болысты кім басқарды? Оқушылар сұрақтарға жауап береді
І топ:
1. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан шәкірттері қай тілде оқытылды? (араб тілінде)
2. Азиялық училище қай жылы ашылды? (1789 ж.)
3. 1850 жылы Орынбор шекаралық комииссиясының жанынан қандай мекемелер ашылды?
(орысша білім беретін мектептер)
4. ХХ ғ. 20-30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог,
академик: (А.Н.Самойлович).
5. Сүйінбай Аронұлы ақындық өнерге қанша жасынан машықтанған? (14-15 жастан).
6. Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: (тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл,сүйек,
мүйіз өңдеу).
ІІ топ:
1.ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі балаларға нені үйретті? («Шариғат-ұл-иман», «Әптиек» сияқты діни мазмұндағы кітаптар ислам қағидаларын үйретті)
2. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынбордағы әскери училищелер немен айналысты? (Ресей билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлау ісімен)
3.1833 жылы А.С. Пушкин Қазақстанның қай қаласында болды? (Орынбор)
4. 1848-1849 жылдары Г.С.Карелин Қазақстанның қай өңірін зерттеді? (Каспий теңізі маңын).
5. «Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанған ақын» (Сүйінбай)
6.Қазақ ауылдарында шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәрізді шошала қандай мақсатта
тұрғызылған? (ет және азық-түлік өнімдерін сақтау үшін)
ІІІ топ:
1.ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын қай қалаларға оқуға
жіберді? (Бұхара мен Ташкент қалаларына)
2. 1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектептерде қай
тілдерде сабақ беріле бастады? (татар және орыс тілдерінде)
3. 1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлына кім
қолдау көрсетті? (В.И. Даль).
4. 1845 жылы В.И.Дальдің «Бөкей мен Мәулен» повесі қай тілге аударылды? (Парижде, француз
тіліне)
5. М.Өтемісұлы қай жылы Калмыков түрмесінде отырды? (1829 жылы).
6. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? (төр).
ІҮ топ:
Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беретін «мұғалімдікке» не талап етілді? (арнаулы куәлігі болу керек болды)
1831 жылы 18 қыркүйекте қай қалада орысша білім беретін училище ашылды? (Семей)
1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болған кезінде қай еңбегін жазды? (Пугачев бүлігінің тарихы).
М:ӨТемісұлы 20 жасында қандай қызмет атқарды? (Жәңгірдің ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі болды)
Жастайынан екі көзінен айрылған ірі эпик ақын: (Шөже)
6.Қазақ халқы зор құрметпен әнші –күйшілерді қалай деп атаған? (сал-серілер деп атады).