Географиялы? ?абы?-Жерді? ерекше ?абы?ы


География 6-сынып 21 сәуір 2016 жылСабақтың тақырыбы: Географиялық  қабық-Жердің ерекше қабығы
Сабақтың мақсаты:
1. Географиялық  қабық пен оның бөліктері арасындағы байланыстарды анықтау. Табиғат кешені туралы ұғымды қалыптастыру. Табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны қорғау жолдарын қарастыру.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс қабілетін дамыту, қызығушылығын ояту, логикалық ой-өрісін дамыту
3. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі:  тірек сызбалар, суреттер
Сабақ түрі: жаңа білімдерді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: тест, «адасқан хаттар»геодиктант, тірек сызбамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: биология, экология
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
1 Үй тапсырмасын сұрау. Тест  10 – сұрақ
1. Топырақ дегеніміз:
А) Биосфера ірге тасын құраушы В) Тірі ағзалар орналасқан қабат
С)Шөгінді қабаты Д) Су қабаты
2. Қарашіріктің пайда болуы:
А) Шіреген өсімдік қалдықтарынан В) Саздың қара шірікке айналуынан
С) Топырақтың түзілуінен Д) Табиғи апаттан
3. Топырақ құраушы фактор:
А) Тас, құм, су. В) су, ауа, жылу, тірі ағзалар С) құм,саз, тау жыныстары Д) бәрі дұрыс
4. Жер бетінде топырақ түрлерінің таралуы... байланысты
А) ендікке В) ауа райына С) климатқа Д) өсімдіктерге
5. Құрлымды топырақ
А) Түйіршікке ұсақ топыраққа В) шіріндімен кальцийге С) сумен ауаға Д) шірінді түйіршік
6. Топырақ ғылымының негін салушы:
А) Э.Зюсс В) И.Вернадский С) Д. Ивановский Д) В.В.Докучаев
7. Ақшыл қабыршық басып кеткен топырақ беті:
А) ашық топырақ В)күлгін топырақ С) Сор топырақ Д) қоңыр топырақ
8. Топырақ эрозиясының неше түрі бар:
А) 1 В)2 С)3 Д)4
9. Топырақ эрозиясының түрлері
А) Су және жел В) ауа және су С) жел және ауа Д) ауа, жел, су
10. Тірі ағзалардың топыраққа пайдасы:
А) Ылғалдандырады В) Эрозияға апарады
С) шөлге айналдырады Д) құнарландырады
 Жауаптары:
1.А 2.А 3.В 4.С 5.В 6.Д 7.С 8.В 9.А 10.Д
 2. Үй тапсырмасын қортындылау. Сұрақ-жауап
1.Топырақ дегеніміз не? (Биосфераның ірге тасын құрайтын қабат, себебі өсімдік топырақта өседі)
2. Топырақтың түрлерін ата? (Қаратопырақ, қара қоңыр топырақ, күлгін топырақ, қызыл)
3. Қарашірік деген не? Ол қалай пайда болады? (Өсімдіктердің қалдықтарының шіруінен)
4. Неліктен В.В.Докучаев топырақтану ғылымының негізін салушы деп атады?
(топырақтардың таралуын зоналық заңдылығын ашты)
5. Топырақтың эрозияға ұшырауы (топырақ құрамының жойылуы)
Жаңа сабақ.
Оқушыларды 2топқа бөл
                                                                                                 №1 тірек сызба
                                Географиялық қабық
Биосфера            Гидросфера        Атмосфера            Литосфера
 
                                                                                                 №2  тірек сызба
                                             Географиялық  қабық
                                                 Табиғат кешендері
                                          Мұхит                 Құрлық
                                           Табиғат компоненттері
           Жер, су, ауа, топырақ             Адам, климат, жануар, өсімдік
1 Дәптермен жұмыс
Географиялық  қабық терминін алғаш рет орыс ғалымы А.А.Григорьев енгізген.Географиялық қабық дегеніміз-атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның  жоғарғы қабаты, биосфера мен гидросфераның  өзара байланысымен әрекеттесу нәтижесінде түзілген табиғат кешені.
                                            Географиялық қабық
                    Биосфера      Гидросфера      Атмосфера      Литосфера
                                                          
2. Мәтінмен жұмыс және суретпен жұмыс
 3. «Адасқан хаттар» ойыныАдасқан хаттарды алып,ондағы сөздерді жер қабықтарының қайсысына жататынын  конвертке салу
4. Бекіту. Геодиктант1. ..... литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера, биосфераның өзара әрекеттесуіне қалыптасқан ерекше қабық.2. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері..... деп аталады.3. Географиялық  қабық құраушыларына .......... жатады.4. Жер беті аумағының табиғат компоненттерінің жиынтығы..... деп аталады.
5. Географиялық қабық.  Жер шарының...... болып табылады.6. Тропиктік белдеуде Жер шарының ең үлкен шөлі........ орналасқан.
7. Жер шарының ең ірі табиғат кешені...... болып саналады.8. Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне..... жатады.Жауаптары:
1. географиялық  қабық.2. табиғат компоненттері3. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар4. табиғат кешені5. ең үлкен табиғат кешені6. географиялық  қабық.7. материктер мен  мұхиттар
5.Қортындылау.
Функционалдық сауаттылықМысал үшін құмды шөл табиғат көз алдарыңа келтіріңдер. Сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік, құмға бейімделген жануарлар. Енді осы табиғат кешенінің өзен суын бұрып, канал жүргізгеннен кейінгі өзгерісін байқайық. Каналдың сіңген суы маңайындағы жер асты суының деңгейін көтерегндіктен, сор және көлшіктер пайда болды. каналдың жағалауында көлшіктердің төңірегенде қамыс, қоға, тал сияқты тоғайлар өседі. Түрлі құмды шөл жануарларының орнын тоғай жануарлары басады. Ылғал және өсімдік сипатының өзгерісіне сәйкес сусыма құмның орнына жайылма топырағы қалыптасады. жергілікті климат жағдайында да өзгеріс байқалады. сулы жерде ауаның ылғалы көбейіп, аптап ыстық бәсеңдейді.
9.Бағалау. Бағалау парағын толтыру
Үй тапсырмасын тексеру Тест жұмысы
1. Топырақ дегеніміз:
А)Жердің тас қабығы В) Тірі ағзалар орналасқан қабат С)Шөгінді қабаты Д) Су қабаты
2. Қарашіріктің пайда болуы:
А)Шіреген өсімдік қалдықтарынан В) Саздың қара шірікке айналуынан
С) Топырақтың түзілуінен Д) Табиғи апаттан
3. Топырақ құраушы фактор:
А)Тас, құм, су. В) су, ауа, жылу, тірі ағзалар С)құм,саз, тау жыныстары
Д) бәрі дұрыс
4. Жер бетінде топырақ түрлерінің таралуы... байланысты
А) ендікке В) ауа райына С) климатқа Д) өсімдіктерге
5. Құрлымды топырақ
А) Түйіршікке ұсақ топыраққа В) шіріндімен кальцийге С) сумен ауаға Д) шірінді түйіршік
6. Топырақ ғылымының негін салушы:
А)Э.Зюсс В)и. Вернадский С) Д. Ивановский Д) В.В.Докучаев
7. Ақшыл қабыршық басып кеткен топырақ беті:
А) ашық топырақ В)күлгін топырақ С) Сор топырақ Д) қоңыр топырақ
8. Топырақ эрозиясының неше түрі бар:
А) 1 В)2 С)3 Д)4
9. Топырақ эрозиясының түрлері
А) Су және жел В)ауа және су С) жел және ауа Д) ауа, жел, су
10. Тірі ағзалардың топыраққа пайдасы:
А)Ылғалдандырады В) ЭРОЗИЯға апарады С) шөлге айналдырады Д)құнарландырады