Планирование мастер клас «Орта ж?не ?ыс?а мерзімді жоспарлар ??ру ар?ылы саба? ?рдісін жоспарлау»


Күні Тақырыбы: «Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жоспарлау» шебер сынып
Жалпы мақсаты Мұғалімдерге ОМЖ,ҚМЖ туралы түсінік беру, SMAPT мақсатты қою жолдарын түсіндіру
Күтілетін нәтиже
Мұғалімдер ОМЖ,ҚМЖ туралы түсінеді,және жоспарларын құра алады, SMAPT мақсатының мәнін меңгереді
Түйінді идеялар:
ОМЖ,ҚМЖ –ны оқу үрдісінде пайдалану туралы білімдерін анықтау.
ОМЖ,ҚМЖ - ны сабақта қолданудың ұтымды жақтарын ашу.
ОМЖ,ҚМЖ -ны қолдану қажеттігін ұғыну.
Сабақта қолданатын материалдар
Табыс критерийлері Шебер сынып арқылы орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігін.алдыңғы қатарлы тәжірибелерді үйренеді.
Дерек көздер Презентация,ғаламтор, МАН
Сабақта қоданылатын материалдар Слайдтар , маркерлер, стикерлер(түрлі түсті), тапсырма орындайтын қағаздар, бейнетаспа, экран, ноутбук, проектор
Оқыту әдістері
АКТ, СТО, «Идеялар қожыны» «Ойлан- жұптас- бөліс» әдісі, топтық жұмыс, постер қорғау.
Сабақ барысы:
Шебер сыныпты өткізу кезеңдері уақыты Тәлімгердің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Сәлемдесу
Топтарға бөлу,топ ережесін құру 5 мин «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Әр мұғалімге жеке ақ парақтар таратылады
«Сиқырлы сандықша» арқылы топқа топтастыру түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдыздарын әдемілеп салады Қиып алып, жұлдызды аспанға орналастырады
Мұғалімдер топтарға топтасып отырады,әр топ өз ережесін және рөлдерін анықтайды
Кіріспе бөлім
«Идеялар қоржыны» 3 мин
5 мин
Бұл жеке және топтық жұмыста әркім өз іс тәжірибесі мен білімін нығайтады, тақырып бойынша не білетіндігін, не ойлайтындығын айтады. Топтар ақылдаса отырып, берілген сұрақтарға жауап қайтарады
Теориялық  кезең
Ақпарат материалы 10 мин «Орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру арқылы сабақ үрдісін жоспарлау» презентацияны көрсету ОМЖ,ҚМЖ туралы түсінік алады және оны сабақта қолдану тиімділігі жөнінде ой бөліседі
Сергіту . "Таңғы тілек"
4 мин Әріптестерді жадыратып, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мұғалімдер ортада шеңбер құрады. Кезекпен бір-біріне қыймыл әрекет арқылы,ыммен сыйлықтар ұсынады. Келесі мұғалім не сыйлағанын тауып ойынды ары қарай жалғастырады. "Таңғы тілек" айдары
Топтық жұмыс
10 мин 1-топ : «SMAPT мақсатты қоя отырып ОМЖ жоспарын құру»
2-топ: «SMAPT мақсатты қоя отырып ҚМЖ жоспарын құру»
Сұрақтар.
-Жасалған жұмыстардан кейін қандай ойға келдіңіздер?
-Қысқа мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспардың ерекшелігі неде екен?
-Тарау бойынша жоспар түзуді қалай жүзеге асырар едіңіз?
-Жоспар бойынша жұмыс алып барудың ұтымдылығы неде деп ойлайсыздар?
-Пәндеріңізде қалай қолданатындықтарыңызға мысал келтіріп бере аласыздар ма? Топ мүшелері ынтымақтаса отырып, өз идеяларын ортаға салып, интернет желісін пайдалану арқылы тақтада өз жұмыстарын қорғап шығады (жасау жолын айтып шығады)
Рефлексия
«Мадақтау сэндвичі»
3 мин Нұсқау: 1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;
2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
Әрбір қатысушыға сауалнама беріледі.
1.Сізге шебер сынып сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?
2.Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?
3.Сізге оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер ұсынылды ма?
4.Шебер сынып кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?
5.Шебер сынып сіздің өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендіреді ме? Әрбір қатысушыға арналған сауалнама
1.Сізге шебер сынып сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?_______________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?__________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Сізге оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер ұсынылды ма?_________________________________________________________________________________________________________________________________
4.Шебер сынып кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?__________________________________________________________________________________________________________________________________
5.Шебер сынып сіздің өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендіреді ме?_________________________________________________________________________________________________________________________________

Әрбір қатысушыға арналған сауалнама
1.Сізге шебер сынып сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?_______________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Сіз бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?__________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Сізге оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер ұсынылды ма?_________________________________________________________________________________________________________________________________
4.Шебер сынып кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?__________________________________________________________________________________________________________________________________
5.Шебер сынып сіздің өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендіреді ме?_________________________________________________________________________________________________________________________________
«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндіктерін ояту.
Көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең дем алып, шығарыңыздар (әуен жіберіледі).
Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіздер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.
Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәттілік, серпіліс сәттерін еске түсірген шығар?
Тағы да жұлдызыңды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға қол жеткізесің. Аспаннан мұқият түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз, жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.
Енді екі қолыңыздың алақанымен тізеңді, сирақ бойы, аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз. Көзіңізді ашыңыз, қағаз алып, түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдызыңды әдемілеп салыңыз. Қиып алып, біздің жұлдызды аспанымызға орналастырайық.
Енді құрметті ұстаздар, сіздің әрқайсысыңыдың әдемі жұлдыздарыңыз әр тренинг сайын бізге мейірімділік, достық, өзаракөмек, қолдау сәулесін шашып тұрады. Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар бір-біріне ұқсамайды, яғни өзіміз сияқты алуан түрлі.