Тізбектелген саба?тар топтамасын орта мерзімді жоспарлау (8-сынып, информатика)


Көксу ауданы
Мұқаншы орта мектебі
информатика пәнінің мұғалімі
Жакиянова А.Б.
ТIЗБЕКТЕЛГЕН СAБAҚТAР ТОПТAМAСЫН ОРТA МЕРЗIМДI ЖОСПAРЛAУ
Кембридждік бағдарлама идеясы негізіндегі Үшінші деңгей бағдарламасының бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде алған теориялық білімдерімді мектептегі тәжірибемен ұштастыру, Бағдарлама идеясы болып табылатын жеті модульді ықпалдастыру арқылы жетістікке жету мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлауды жүзеге асырдым. Орта мерзімді жоспарлау тізбектелген сабақтарды топтастырып, жүйелеуге және алдағы тапсырмаларды анықтауға мүмкіндік беретінін негізге ала отырып, 8-сынып бойынша MS Excel кестелік процессоры туралы тізбектелген 4 сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың MS Excel кестелік процессоры туралы білімдерін тереңдету үшін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оқу нәтижелерін айқындадым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оқушыларды топқа бөлу әдістері мен сергіту жаттығуларын, тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды дайындаймын. Оқушыларда өзіндік сыни тұрғыдан ойлана білу қабілеттерін қалыптастыру үшін «Мазмұндық сызба», «Кластер», «Синквейн» әдістерін таңдап алдым. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл – диалогтік оқыту бойынша «Мозаика», «Джигсо», «Ыстық орындық» әдістерін қолданамын, себебі бұл әдістер оқушыларды өз пікірі мен ойын ашық, нақты айтуға дағдыландырады. Бағалаудың «Бағдаршам», «Алты қалпақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Критерий», «Бас бармақ» әдістері мен «Жұлдызша», «Мадақтау» сияқты ынталандыру әдістерін қолдану арқылы оқушылар өзін-өзі реттейді, өзін және өзгелерді әділ бағалауға үйренеді деп жоспарладым. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалануда оқушылардың болашақта АКТ-ны тиімді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында оқушыларға компьютерде практикалық және тест тапсырмаларын орындатуды, талантты және дарынды оқушыларды анықтап, олардың қабілеттерін ары қарай дамыту үшін «Мазмұндық сызба», «Кезбе тілші» әдістерін қолдануды жоспарға енгіздім.
Осы жеті модульді оқыту үдерісіне енгізу нәтижесінде оқушылар қалай оқу керектігін үйренеді және теориялық білімдерін өмірде қолдана алатын жеке тұлға болып қалыптасады деген тұжырымға келіп, тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлап шықтым.
№ Сабақтың тақырыбы Оқытудың негізгі мақсаттары Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Оқу нәтижелері Бағалау, оқыту үшін бағалау Барлығын қосқанда Негізгі дерек көздері
1 Формула енгізу және көшіру Оқушыларда MS Excel кестелік процессорында формула енгізу және көшіру туралы білім қалыптастыру ООЖТ
СТО
AКТ
ОүБОБ
ТДО
ОЖЕСО
ОБК Оқушылар MS Excel кестелік процессорында формуланы енгізуді, көшіруді біледі, практикада қолдана алады Жұлдызша
Мадақтау
Бас бармақ
Бағдаршам
Тест
Презентация
Мозаика
Практикалық тапсырма
Ыстық орындық 8-сыныпқа арналған оқулық
Әдістемелік құрал
МАН

2 Берілгендерді пішімдеу Оқушыларда MS Excel кестелік процессорында берілгендерді пішімдеу туралы білім қалыптастыру ООЖТ
СТО
AКТ
ОүБОБ
ТДО
ОЖЕСО
ОБК Оқушылар MS Excel кестелік процессорында берілгендерді пішімдеуді біледі, практикада қолдана алады Жұлдызша
Мадақтау
Екі жұлдыз, бір тілек
Бағдаршам
Миға шабуыл
Сөзжұмбақ
Кластер
Практикалық тапсырма
Желпуіш 8-сыныпқа арналған оқулық
Әдістемелік құрал
МАН

3 Диаграммаларды құру, редакциялау және пішімдеу Оқушыларда MS Excel кестелік процессорында диаграммаларды құру, редакциялау және пішімдеу туралы білім қалыптастыру ООЖТ
СТО
AКТ
ОүБОБ
ТДО
ОЖЕСО
ОБК Оқушылар MS Excel кестелік процессорында диаграммаларды құруды, редакциялауды және пішімдеуді біледі, практикада қолдана алады Жұлдызша
Мадақтау
Алты қалпақ
Критерий
Бас бармақ
Бағалау парағы Ыстық орындық
Сәйкестендіру тесті
Ребус
Джигсо
Мазмұндық сызба
Практикалық тапсырма
Синквейн 8-сыныпқа арналған оқулық
Әдістемелік құрал
МАН
4 Құжат беттерін рәсімдеу және басу Оқушыларда MS Excel кестелік процессорында құжат беттерін рәсімдеу және басу туралы білім қалыптастыру ООЖТ
СТО
AКТ
ОүБОБ
ТДО
ОЖЕСО
ОБК Оқушылар MS Excel кестелік процессорында құжат беттерін рәсімдеуді және басуды біледі, практикада қолдана алады Жұлдызша
Мадақтау
Алты қалпақ
Бағдаршам
Бағалау парағы Өрмекшінің торы
Кластер
Практикалық тапсырма
Кезбе тілші
Тест 8-сыныпқа арналған оқулық
Әдістемелік құрал
МАН