Д?ниетану .Ыл?ал с?йгіш ж?не ??р?а?шылы??а т?зімді ?сімдіктер 3 сынып


Қостанай қаласы
№18 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Жуматова Айнагуль Хамитовна
Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімін тереңдетіп, ылғал сүйгіш,су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсуі жайлы түсінік беру  
Дамытушылық: Оқушылардың бейнелі ойлауын, ой-өрісін, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат пен адам үндестігін, табиғат әсемдігін сезіне білуге, оны қорғауға, аялауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,тірек-сызба,ойын, «джигсо» әдісі, «таңдау» әдісі, «ыстық орындық»
Сабақтың көрнекілігі: өсімдік түрлері,жүрек жылуы, смайлик
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін. Менің аты- жөнім - Несіпбаева Марал Мейрамқызы
Сандарды санау арқылы топқа бөлу (1,2,3,4)
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Кім шапшаң?» 1. Ғалымдардың есептеуі бойынша, біздің елімізде неше мыңнан астам өсімдік түрі өседі екен?2. Өзіңіз білетін ағаштар мен бұталардың бір - бірінен ең негізгі айырмасы неде?3. Ал шөптесін өсімдіктердің ағаштар мен бұталардан ерекшелігі қандай?4. Өсімдіктерді ерекшеліктеріне қарай неше топқа біріктіреді?5 Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде.6. Адам өз әрекетімен өсімдік әлеміне қалай әсер етеді?7. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады?
8.Өсімдіктердің өсіп өнуіне қандай жағдайлар керек?
Әр топқа жүрек жылуын беру
III. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.
Балалар, айтыңдаршы, өсімдіктің қоршаған ортада өсіп өнуіне қандай жағдайлар керек? (жылу,ауа,жарық,қоректік зат,ылғал)
-Дұрыс айтасыңдар, осының ішінде көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді.
IV.Жаңа тақырып
1)-Мына өсімдіктер қандай тіршілік ету ортасына бейімделген?
left0left0left0





Беде Бақбақ Қоңырбас
-Суреттегі шалғындық беде, бақбақ қоңырбас ылғалы жеткілікті топырақта өседі.
-Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөліңдер?
-Не байқадыңыздар?
-Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес, яғни шашақты.
Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулар болады. Суды буландырған кезде саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.
Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды.
left0left0left0
2)


сусарғалдақ тұңғиықты
Суретте көріп тұрғандарыңыздай өсімдік тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұр. Демек мұндай өсімдіктерд і су өсімдіктері деп атайды.left0
3)left0



жантақ сүттіген
Бұл өсімдіктер топырағында ылғал өте аз,аптапты ыстық жерде өседі. Мұндай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады.Осындай жерде өсетін өсімдіктердіқұрғақшылыққа төзімді өсімдіктер деп аталады.
4)
Дәптермен жұмыс.Өсімдік түрлерін жазу
3. «Ойлан - жұптас - талқыла»
«Жигсо» әдісі 1 - топ: Өсімдік2 - топ: Ылғал сүйгіш өсімдіктер (атын жазып, суретін салу)3 - топ: Су өсімдіктері(атын жазып, суретін салу)4 - топ: Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер(атын жазып, суретін салу)
Постер қорғау Постерлерін қорғап болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін жүрек жылуын тарату
Сергіту сәті
Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
Секіреміз топ-топ-топ,
Шапалақтап хлоп-хлоп-хлоп,
Топ-топ-топ, хлоп-хлоп-хлоп.
4. Жұмбақтар шешу.Жұмбақтардың жауабын өсімдіктер тобына орналастыру.1) Күннің көзін сүйемін,Күнге басымды иемін.Күннің көзі болмаса,Бұғып қана өсермін.(Күнбағыс – шөп)2) Өсірер тың дала,Көшірер қамбаға.Айналар ұңға да,Айналар нанға да. (Бидай - шөп)3) Іші толған шербет,Дәмі қандай әйбәт.Үзесің бірден жүзін,Оның аты - (Жүзім - бұтақ)4) Сырты қандай қатты,Дәні сондай тәтті.Шағып қара таңдап,Оның аты - (Жаңғақ - ағаш)5) Жапырақты тасалап,өсетін жері – бақша - бақ.Күрең қызыл, шіркін - ай,Оның аты - (Таңқурай - бұта)6) Пісетін кезі дәл күзде,Мезгілсіз оны үзбе.Аузыңнан кетпес бал дәміОның аты - (Шабдалы - ағаш)
Дұрыс шешілген жауапқа жүрек жылуын ұсыну
VI. Білімді бекіту. «Таңдау» әдісі.1. Мен сабақты қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Қорытындылау.
1)«Ыстық орындық» әдісі
Оқушы шығып ыстық орындыққа отырады. Қалған топтың оқушылары кез келген сұрақтарды қояды. Сұрақтарға толық шатаспай жауап берген оқушы ыстық орындықтың иесі болады.
VII. Бағалау:
-Топтардың жүрек жылуларын санау
«5» – 5 - 6 жылу«4» – 3 - 4 жылу«3» – 1 - 2 жылу
VII. Үйге тапсырма:
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. мазмұндауІ топ мақал-мәтел жаттап келу өсімдікке байланыстыІІ топ сөзжұмбақ құрастыру өсімдік сөзінеІІІ топ ребус құрастыру IV топ тест құрастыру  тақырып бойынша 5 тест сұрағын