Д?ниетану саба? жоспар Жылу с?йгіш ж?не суы??а т?зімді ?сімдіктер 3-сынып
Дүниетану 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Мақсаты: Оқушыларға жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер туралы мағлұмат беру түсіндіру. Өсімдіктердің белгілі бір мөлшерде жылуды қажет ететіні туралы айту
1.Білімділік:ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді,жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірбие жасау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: схемалар, өсімдіктер суреттері
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау бақылау, тәжірбие жасау
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:Өткенді қайталау:
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Кейбір өсімдіктер жылу сүйгіш өсімдіктер олар:
Мақта,асқабақ. Күріш,жүгері, үрмебұршақ оңтүстіктің жылы аймақтарынан тараған.
Олардың тұқымы+15С0,+ 20С0 градус темературада өнеді
Мақтаның гүлі мен қорабы жүгері - жылу сүйгіш өсімдіктер
Бұл өсімдіктер жарық жерді жақсы көреді,
Адам қолдан өсіретін өсімдіктерді ата: 91 беттегі сурет бойынша
Сергіту сәті
3.Жаңа білімді бекіту :
91 -92 беттегі мәтінді оқу, талдау.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерге өсімдік суреттерін салып, аттарын жаз, есіңе сақта!
92 бетті оқу
Жұмбақтар:
1. Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.-бидай2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. –шалқан
- Өз бақшада суыққа төзімді қандай жемістерді білесің? Олардың суыққа төзімділігі қандай?
-Жылы сүйгіш өсімдіктер туралы әңгімеле?
Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.Асбұршақ, сұлы, шалқан туралы мәлімет жинау