Д?ниетану п?нінен саба? жоспары Жылу с?йгіш ж?не суы??а т?зімді ?сімдіктер
Сабақтың тақырыбы Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының әртүрлілігімен танысып, олардың ерекшеліктерін анықтау. Оқушының ойлау қабілетін ұштау, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.Топтық жұмыс арқылы белсене жұмыс жасауға ұмтылу.
Сілтеме 3 сынып дүниетану оқулығы
Сабақ кезеңдері Әдіс-тәсілдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту Шаттық шеңбері Оқушыларды үлкен шеңберіне шақырады. Психологиялық дайындық жүргізеді. Шеңберге тұрады, бір-біріне күлімдеп, сәттілік тілейді.
Атомдар мен молекулалар Ойын арқылы жұппен жұмыс ұйымдастырып, үй жүмысын тексеруді ұсынады. Жұппен тұрып, сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын қайлалайды.
Топқа бөлу «Атомдар мен молекулалар» ойынын ойнатады, 2 топқа бөледі 2 топқа бөлінеді. Топ ережелерін еске алады
5 жолды өлең Үйге берілген шығармашылық тапсырманы топта таныстыруды ұсынады. өлеңді топта оқиды, топ ішінен 1 бала ортаға шығып оқиды.
Ойлан, тап Топ атауын анықтауға сөзжұмбақтар таратады.
-Қалай ойлайсыңдар? Неліктен осындай топтарға бөліндік?
Жұппен бағалау парағын таратады. Сөзжұмбақтарды жұппен шешеді, топ атауын анықтайды. «Жылу сүйгіш» және «суыққа төзімді» топтары Болжау жасайды. Сабақтың тақырыбын анықтайды.
Бағалау парағымен танысады.
Мағынаны тану Талқылау әдісі А-3 парағын таратады. Топ атауы бойынша не білетінін постерге жазуды ұсынады. Жылжымалы постерге білетіндерін ортаға салып, талқылайды, жазады
Ойлан, жұптас, талқылау Оқулықтағы 86-88 беттегі мәтінді оқу және талқылауға береді. Мәтінді іштей оқиды, топта мазмұнын талқылайды.
Сергіп алайық «Қара жорға» әнін қосады Би жаттығуларын орындайды
Ой толғаныс Талқылау әдісі Постерге оралуға ұсынады, толықтыруға уақыт береді. Музыка қосады. Постерді оқулықтан алған білімдерімен толықтырады, қорытынды жасайды, ортаға шығып қорғайды.
«Сұрақ-жауап» ойыны Үлкен шеңберге шақырады, ойынның шартымен таныстырады, ән қосып-өшіріп тұрады Шеңберде тұрып, 2 ойыншықты кері бағытта бір-біріне береді, музыка тоқталған кезде 2 ойыншықтың иелері сұрақ – жауап арқылы білімдерін тексереді.
Үйге тапсырма Екеуінің бірін таңда
Мақал-мәтелдер жинақтау немесе сөзжұмбақтар құрастыру тапсырмасын береді. Тапсырманы жазып алады
Бағалау Шапалақ, бағдаршам, алақан. Жиынтық бағалау: бағалау критерийлері көрсетілген бағалау парағы бойынша жұптық бағалау Сабақ барысында формативті бағалаудың: шапалақ, бағдаршам, алақан түрлері арқылы бағалауды ұсынады. Жиынтық бағаны бағалау критерийлері көрсетілген бағалау парағы бойынша жұптық бағалау арқылы қояды.
Шапалақ, бағдаршам, алақан арқылы бағалайды, бағалау критерийлері көрсетілген бағалау парағы бойынша жұптық бағалау жүргізеді.
Кері байланыс 2 жұлдыз, 1 тілек Парақтарды таратады Парақты толтырады, оқиды