Технологическая карта на тему: ?й ??стары тауы?, ?теш, балапан. Таным. Жаратылыстану.


«Тексерген»
Оқу ісінің меңгерушісі ___________ Сарсенова А.М.
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» І -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 24.11.2016 ж.
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Үй құстары тауық, әтеш, балапан».
Мақсаты:
Т.М: Балаларға үй құстары туралы түсінік беру;
Д.М: Үй құстарының тіршілігі жайлы түсінік беру;
Т.М: Құстарды күте білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап, қайталау, ойын.
Алдын-ала жұмыс:Үй құстарына байланысты жұмбақтар жасыру.
Көрнекіліктері: үй құстарының суреттері.
Билингвальді компонент: әтеш-петух-cock.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Қызығушылығын ояту кезеңі Балалар, шаттық шеңберіне тұрып, жұмбақ шешейік.
Бұрап қойған сағаттай
Айғайлайды таң атпай(Әтеш) Балалар дөңгелене тұрып, тәрбиешінің көмегімен жұмбақ шешеді.
Іздену ұйымдастыру Үнтаспа тыңдау.
Үнтаспадан үй құстарының дауысын тыңдатамын.
-Балалар, сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?
-Иә, балалар, үй құстарының дауысы екен?
-Дұрыс, тауық, әтеш, қаз, үйрек, балапан және т.б
Суретпен жұмыс.
-Балалар, үй құстарының адамға пайдасы өте көп. Олардың жұмыртқасы мен еті – тамақ. Бүгін үй құстарының бірі – тауық және оның балапанымен танысамыз. Тауық – ең көп тараған құстардың бірі. Оның балаларын балапан деп атаймыз.
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
-Балапанның түсі қандай?
-Тауықтарға жем, су береміз.Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне балалар, суреттен көріп тұрғандарыңдай, әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оның айдары бар, ал қауырсыны түрлі түсті болады.
-Тауықты сыйпап көрейік(жұмсақ ойыншық тауықты көрсету) жүні майда, айдары бар, тұмсығын, қанатын созып көрейік, ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді. Үй құстары қалай дыбыстайды?
Сергіту сәті.
«Шөжелерім» әнімен орындалады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Шарты: суреттегі тауықтың салынбай тұрған бөлігін тауып жапсыру. Балалар тыңдайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар құстардың атын атап, қайталайды.
-3810040640
-25400-318770
1165225-574675
-Балапан
-Сары(суретке қарап айту)
Балалар қайталап айтады.
-Үйде күтіп - баптап өсетін құстарды үй құстары деп атайды.
Үй құстарының даусын салады
-Қыт – қыт
-Ку – ка – ре – ку
Балалар қимыл – қозгалыспен айтады.
Балалар тәрбиешінің көмегімен бірге орындайды.
Рефлексивті қорытындылау Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу қызметінде оқып үйренгендерін пысықтаймын. Күтілетін нәтиже:
Біледі:Үй құстары мен дала құстарын,олардың аттарын,түстерін ажыратады
Игереді:Тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті
Қолданады: Үй құстары және олардың пайдасы туралы білімді