Сценарий на тему ?нші балапан


«Әнші балапан»
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгінгі өткізгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
Осыдан 26 жыл бұрын еліміздің барлық өңірлерін қамтыған балалар музыкалық конкурсы өз жұмысын бастаған болатын. 1990 жылдың 6 мамырында республикалық деңгейде өткізілетін «Әнші балапан» бағдарламасы «Қазақстан-1» арнасынан тікелей эфирде көрермендерге жол тартты. Роза Наримқызы Жанчуринаның бастауымен іске асқан бұл жоба мыңдаған әнші баланың арманына қанат бітіріп, эстрадаға жол ашты.
Біздің байқауымыздың мақсаты әнші, биші, тума талант иелерін анықтау.
Сахна сыртында жүрегі лүпілдеп, үміті желкілдеп, өнері өрге өрлеп тұрған сайыскерлеріміз күтіп тұр. Байқауымызды әділ де нақты бағалануы үшін әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Әділ қазылар:
1.---------------------------------------------------------------
2.---------------------------------------------------------------
3.---------------------------------------------------------------
Құттықтау сөзін ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- береміз.
1. Қазағымды қуантқан әніменен
Қымбат бізге сендер айтқан әрбір өлең
Халқыменен тебірентіп ән салатын
Сендерді қазағымның жаны дер ем, - дей отырып «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушілері Нурова Зайнура мен Казачук Кириллды ортаға шақырамыз. «Балабақша» әні.
2. Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын Шаршағанда жаным өзің дауасың Жас дәуірдің түлегіміз Ана деп соққан жүрегіміз Әрқашан аман бол, Осы біздің тілегіміз.Келесі кезекте ән шырқайтын 2 сынып оқушысы Зейнолла Мөлдірді «Айдидарлы анашым» әнімен ортаға шақырамыз.
3.Мұңға батқан жүректі ән оятарТәтті үннің әсері жан оятарЖанға қуат жүрекке шаттық сыйлапЖас балаша көңілді жадыратар.Сахнада 5 сынып оқушысы Хасенов Улан. «Көк тудың желбірегені» әнімен.
 4.Бүгінгі еліміздің қырмызымызАрайлы болашақтың ұл – қызымызАрасын жер мен көктің жалғайтұғын Қанатты, жарқыраған жұлдызымыз!
Ортаға даярлық сынып оқушысы Зейнолла Дәуренді шақырамыз. «Балапан» әні.
5.Тыңдап өскен жасынан дала сырын, Ізгі жолын жалғаған бабасының Өнерді өмірім деп мұрат тұтқан Биге ғашық қазақтың баласымын, дей келе ортаға кішкентай бишіміз Хасенова Раминаны шақырамыз. «Үнді биі» қарсы алыңыздар.
6. Ән менен күй – халқымның бар асылы Тапқан содан жүректер жарасымын Басты мақсат әнменен биіктету Ұлы рухын қасиетті Алашымның, - дей келе, алдарыңызда өнер көрсететін Сағындық Надира «Ертегілер» әнімен. Қарсы алыңыздар!7.Орындап ата-ана өсиетін Баламын жасы үлкенге бас иетін Паш етем ер жеткен соң бар әлемге  Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.
Ортада Зейнолла Дәурен «Қазақстан бақытты» әнімен.
8.Дүние ойдан шығады, Өзіңді – өзің ұмытып Көңілім биді ұғады Жүрегім бойды жылытып.-дей отырып, 6 сынып оқушыларын---------------- биімен ортаға шақырамын!9. Өз елім өлеңім де, өнерім де, Бақытты,қайтпас қайсар өр елімде. Еліме арнап бар ғұмырымды Шаттанып жүрейін тек өз елімде.
1 сынып оқушысы Дүйсембі Бекбатырдың орындауында «Қошақаным» әні.
10. Ертең-ақ мен ержетіп Әнші тәте боламын Үлгі тұтып жақсыны Менде әнге саламын.
Зейнолла Мөлдірдің орындауында «Әкежан» әні.
11.Достық,достық жасасыншы мәңгілік Достықты жүрейік тек ән қылып Татулық пен достық біздің Отанды Жарастырсын бейбітшілік сән құрып«Анашым қартаймашы» әнімен 1 сынып оқушысы Садуов Шынгысты ортаға шақырамыз.
12. Әр-бір ғажап әлемге арнап Әсем бір ән айтайын деп келген 4 сынып оқушысы Зейнолла Дарияны «Мама» әнімен ортаға шақырамыз.
13. Уа,туған жер,дариға алтын бесік Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп Бір шумақ саған арнап ән жазбасам Сағыныштан кеудеме келеді өксік-дегендей 6 сынып оқушыларын --------------------------------- биімен ортаға шақырамыз.