?абит М?сірепов Ананы? анасы


Ғ.Мүсірепов. «Ананың анасы» әңгімесі.
(7-сынып)
І нұсқа
1.Әңгіменің басталуы Әйтілес қарттың
үйінде молдадан
сабақ алып отырған
балалар.
2.Әңгіменің дамуы. Саудагер Рамазан мен
Әйтілес әңгімесі. Қазақ
елінің ерлік шежіресінің
бір оқиғасының суреттелуі
3.Әңгіменің байланысуы Бала бидің батыры
Жалпақ балуан
бастаған қарулы
жасақ. Ергенекті деген
елден кек алып, есе
қайтаруы үшін жолға
шығады.
4.Әңгіменің шиеленісуі Барымташылар
қалың жылқымен
бірге жылқышының
қызын алып кетеді
5.Шарықтау шегі. Зорлықшылардан қызын
құтқармақ болып жау
соңынан ананың аттануы;
6.Әңгіменің шешімі: Өктем үнмен жасқанбай
сөйлеген ананың қайраты
Жалпақ балуанды райынан
қайтарады.
7.Қорытынды. Жалпақ балуанның
адамгершілігін, мейірімін
сақтаған адам
Әдеби- теориялық ұғымдар
1 Образ –көркем бейне, басты қаһарман ,суретті сөз.
2 Мінез-адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасқан қоғамдық құлқы,барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Қарастыратын
жағдайлар Кейіпкер аты,шығармадағы орны Суретті сөз,шығармадан үзінді келтіре дәлелдеу Менің көзқарасым
1 Өмір сүру жағдайы 2 Қоғамдық құлқы 3 Адамдармен байланысы 4 Парасат жағдайы 5 Жағымды қасиеттері 6 Мінезінің қайшылықты тұстары/келеңсіз әрекеті/

эпитет-айқындау/ заттың,құбылыстың айрықша сипатын,сапасын анық-
тайтын суретті сөз.

Теңеу- мұнда суреткер заттың ,құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ
оны басқа затпен,құбылыспен салыстыра суреттеу.

Метафора/ауыстыру/- сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған
құбылысты айқындай,ажарландыра түсу үшін оларды
өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау,әсерін кү-
шейту.

Инверсия /сөз орнын ауыстыру/- прозалық шығармаларда сөздердің әдеттегі
грамматикалық тізілу тәртібінен тыс,орындарын
ауыстырып,өзгеше тіркестер құру.
Кейіптеу -дерексіз нәрселерді кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыс
тыру . Көбіне ертегі,аңыздарда жиі қолданылады.

Әсірелеу/гипербола/ - суреттелетін затты не құбылысты шамадан тыс асырып
айту арқылы тілдің бейнелілігін,әсерлілігін арттыратын
көркемдік тәсіл түрі.
Шендестіру/антитеза/- кереғар екі затты, құбылысты қатар қоя отырып,
келесі бір заттың ,ұғымның ,құбылыстың сипатын аң
ғартатын айшықтаудың түрі.