?ыс?а мерзімді жоспар Сыныбы: 7 П?ні: ?дебиет К?ні: 04.02.2016 Саба?ты? та?ырыбы: ?.М?сірепов «Ананы? анасы» ??гімесі Саба?ты? ма?саты: Жазушы туралы ал?ан білімдерін жина?тау, ??гімеге талдау жасау, ана бейнесін ашу. К?ті


Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 7 Пәні: Әдебиет Күні: 04.02.2016
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Жазушы туралы алған білімдерін жинақтау, әңгімеге талдау жасау, ана бейнесін ашу.
Күтілетін нәтиже: Жазушы туралы алған білімдерін жинақтайды, әңгімеге талдау жасайды, ана бейнесін ашады.
Стратегиялық іс-әрекет: Пікірлесу, талдау (топтық жұмыс), Жасырынған күн(сұрақ-жауап), Желкенді бояу.
Ресурстар мен жабдықтар: Жазушы портреті, шығармалары, интербелсенді тақта, таныстырылым, бейнебаян.
Негізгі идея: «Ана – бәйтерек, ана- аққу, ана - жүрек»
Жоспар мазмұны Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Ресурстар
Кіріспе Сыныпта оқушыларды қарсы алып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Топқа бөледі. Бағалау парақтарын таратады. Мұғаліммен сәлемдесіп, таңдаған суреттеріне қарай топқа бөлінеді. Өз топтарына отырып, топ міндеттерін бөліседі. Суреттер
Бағалау парақтары
Тұсаукесер Ана тақырыбында бейнебаян көрсетеді. Бейнебаяннан алған әсерлерін бөлісіп, өз ойларын ортаға салады. бейнебаян
Негізгі бөлім
Жасырынған күн
(сұрақ-жауап)
Талдау
(топтық жұмыс)
Сергіту сәті Оқушылардың жазушы туралы қаншалықты білетіндіктерін және шығарманы толық оқыған немесе оқымағандығын тексереді.
1. Ғабит Мүсірепов кім?
2. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?
3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
4. Әйтілес кім?
5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?
6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?
7. Бала би Жалпақ батырға не деді?
8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?
9. Сауға деген не?
10. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?
Әңгіменің композициялық құрылымына талдауына, кейіпкерлер бейнесін ашуға, шығарманың тілдік ерекшелігіне талдауына бағыт-бағдар береді.
Ана жырын орындату арқылы аналарына деген кіршіксізсезімдерін нығайтады. Күн бетінде бұлттарға жазылған сұрақтарға жауап береді.
Алған білімдерін жинақтап, топтық жұмысқа дайындалады.
1-топ: Ғ.Мүсірепов туралы алған білімдерін жинақтап, тірек-сызбаға түсіреді.
2-топ: «Ананың анасы» әңгімесінің композициялық құрылымына талдаужасайды, әр бөліміне қысқаша тоқталып өтеді.
3-топ: Әңгіме кейіпкерлерін топтастырып, басты кейіпкерлер мен эпизодтық кейіпкерлерге сипаттама береді.
4-топ: Венн диаграммасы. Аңыздағы ана мен Бүгінгі аналарды салыстырып, өзіндік ерешеліктерін жазады, ұқсастығын көрсетеді.
Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындау арқылы бойларын сергітеді. Күн және бұлт суреттері
Оқулық
Қорытынды
Рефлексия
Бағалау Семантикалық карталарды таратады.
Желкенді бояту арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жасатады.
Бағалау парақтарын жинап, топ бағалаушысының бағаларын өз бағаларымен салыстыра отырып, жиынтық бағаларды шығарады.
Кейінгі оқу: Өз аналарына арнап өлең, ойтолғау жазу немесе ашық хат жазу. Әңгіменің тілдік ерешелігіне талдау жасау.
Аңыз-әңгімелерді ізденіп келеміз. Семантикалық картамен жеке жұмыс жасап, сабақтан алған білімдерін бекітеді. Дұрыс жауаппен өзін-өзі тексереді.
Желкенді бүгінгі сабақта қиындық тудырған тапсырмалар болмаса жасыл түспен, тапсырмалар орындау барысында сәл қиындықтар туған болса сары түспен, ал мұғалімнің не болмаса досының көмегі керек болған жағдайда қызыл түспен бояйды.
Бағалау парақтарын жинап, топ бағалаушысы топ мүшелерінің бағаларын шығарады. Семантикалық карта
Желкеннің суреттері