Тест «Сіз ?андай ата-анасыз?»
Тест «Сіз қандай ата-анасыз?»
Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?
Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
Кейде ғана келісемін – 2 балл.
Келіспеймін – 1 балл.
Сауалнаманы бағалау:0-16 балл. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.16-30 балл. Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс.Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.