Сіз ?андай ата-анасыз сауалнама ар?ылы ата-ана мен баланы? ?арым-?атынасын аны?тау


« С І З   Қ А Н Д А Й   А Т А – А Н А С Ы З ? » (ата-аналарға арналған сауалнама)
НҰСҚАУ: Төмендегі сұрақтарға үш түрлі жауап нұсқасымен жауап беріңіз: «иә» – 3 ұпай; «кейде» – 2 ұпай; «келіспеймін» – 1 ұпай. Бір жауапты таңдап, сұраққа шын көңілден жауап беріңіз».
1.Кез келген өз ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2.Баланың жасын ескермей, онымен ақылдаса аласыз ба?
3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктерді мойындайсыз ба?
4.Қателігіңіз үшін баладан кешірім сұрайсыз ба?
5.Баланың жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, игере аласыз ба?
6.Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7.Бір сәтке мейірімді адам деп сізге сенуге бола ма?
8.Балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9.Балаға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдені орындайсыз ба?
10.Бала жүрегін жарақаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
11.Балаға өзі қалаған ісін жасауға, өзін еркін ұстауға бір күндік мүмкіндік бересіз бе?
12.Басқа бала сіздің балаңызды ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
13.Баланың көз жасының, еркелігінің уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?
14.Келесі кезекте барлық ұпай санын қосыңыз.
0-16 ұпай. Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен мәселе. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін мұғалімнің көмегіне сүйеніңіз.
16-30 ұпай. Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде ретпен және бір қалыпты мақсатпен қолдануыңыз керек. Кейде қатал, кейде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілік жөнінде ойлану керек.
30-39 ұпай. Бала сіздің өміріңіз үшін ең қымбат болғаны. Сіз балаңызды тек қана түсініп қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысыңыз.