Квадрат те?сіздіктерді интервалдар ?дісімен шешу та?ырыбына ?ыс?а мерзімді жоспар, рефлексиясымен


Сабақ: Мектеп: №226
Күні: 13.04.16ж Мұғалімнің аты-жөні: К. Ондашева
Сынып: 8 «Б» Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың
тақырыбы: Квадрат теңсіздік. Квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шығару
Сабақ негізделген оқу мақсаты Оқушылар квадраттық теңсіздікті шешуде функцияның интервалдар әдісін қолдануды меңгереді.Есептер шығаруда тиімді тәсілді қолданып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: квадрат теңсіздікті шеше алады
Оқушылардың көпшілігі істей алады: квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигін салады.
Кейбір оқушылар істей алады: графикті пайдаланып теңсіздіктің шешімін жаза алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:1. Қандай теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталады?2. Квадрат теңсіздікті шешу кезінде қолданылатын ұғымдар қандай?3. Квадрат теңсіздікті шешудің әдістері?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:
Жетістік критерийлері: 1.Квадрат  үшмүшенің түбірлерін таба алғанда;  2. Интервалдар тәсілі мен теңсіздіктерді шешуді білгенде; 3. Сан аралығына табылған түбірлерді жазып және оның таңбасын анықтай алғанда; 4. Теңсіздік жауабын жаза алғанда;
Алдыңғы оқу Квадрат теңсіздік. Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісі арқылы шығару
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз Ресурстар
Басы
1мин
5мин Сәлемдесу. Топқа бөлу:1-топ(үшбұрыш)    ІІ топ квадрат ІІІ топ: дөңгелек Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Дөңгелек. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік ұйымдастырушы шығады Үй жұмысын тексеру №548 есеп Жеке жұмыс. Тест 1.  Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой. аx+b>0, ax+b<0 түріндегі теңсіздік … деп аталады.
a)      Квадрат теңсіздік; b)Сызықтық теңсіздік; c)Биквадрат тең 2.  ах2 +bх+с ≥0 ;aх2+bх+с>0, ах2+bх+с <0 түріндегі теңсіздік …  деп аталады. a)      Квадрат теңсіздік      b)Сызықтық теңсіздік       c)Биквадрат теңсіздік 3.   х<3 теңсіздігін қанағаттандыратын ең үлкен бүтін санды табыңыз a)            b) 2        c)0 4.    x≥-5 теңсіздігін қанағаттандыратын ең кіші бүтін санды табыңыз a)      -4                    b)0          c)-5 5. 2х-1<3 теңсіздігінің оң шешімін табыңдар? a)      (-∞;2)             b)(0;2)                  c) (1;2) 6. –х2+6x-5≥0 теңсіздігін шеш: a)      [1;5]          b)(-∞;1]; с) [5;+∞)      д)[2, 3];( Дайын жауап арқылы бір – бірін бағалайды.) 8 сынып алгебра
Стикер, фигуралар, үлестірме қағаздар, бағалау парағы

Ортасы
5мин
15 мин
5мин Топтық жұмыс: -2х2-х+6≥0 D= 1+48=49 x1=-2           x2= 1,5 Жауабы:  [-2; 1,5] Берілген тапсырманы І топ: графиктік тәсілмен шешеді. ІІ топ: интервалдар әдісімен шешеді. ІІІ топ: құрастырады. (Бармақпен бағалайды) Үлестірме қағаздар, плакат, маркер
Соңы
7 мин
3 мин Деңгейлік тапсырмалар:1 жұп: 1. (х — 1) (х + 4)≥0; 2. –x2 – 2x + 8>0; 3.5х(3+x) (x — 9) <0; 2жұп: 1. (x-8)(x+11)<0; 2. x(2-x)>0; 3. 3x2 -7x +2 <0 3 жұп: (х+2) (х-3)<0; 2. -2х2 – 5х +30≥0; 3. 5x2-2x-30
Рефлексия. Жеке өзім үшін....а) Тақырыпты түсіндім ә) Есеп шығарып үйрендімб) Бүкіл өткен тақырыпты қайталадымСізге сабақ уақытында есеп шығару үшінне кедергі болды? а) Білімім ә) Уақыт б) ЕштеңеСабақ кезеңінде қиыншылықты жеңуге кім көмек берді?а) Сыныптасым ә) Мұғалім б) Ешкім в) оқулық
(Бағалау парағы) Үй тапсырмасын беру №553 есеп Стикер
8 сынып алгебра
Бағалау парағы
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
Деңгейлік тапсырмалар беру Пасақтау сұрақтары Тест Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Жалпы ұпай

Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Ия, оқу мақсаттары шынайы. Оқушылар теңсіздікті интервалдар әдісін қолданып шығаруда, алдыңғы алған білімдерін толықтырып, теңсіздіктер шешімін таба білді. Сыныпты жағымды ахуал орнады. Себебі, оқушылар сабаққа белсенді араласып, жіберілген қателіктері болса өздері тауып, сабаққа жақсы араласып отырды. Барлық тапсырмаларды берілген уақыт ішінде орындап шықты. Өз жоспарымды оқушы рефлексиясына сүйеніп, тест жұмысын өзгертем деген шешімге келдім.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)? 1.Табысты болғаны «С» деңгейлі оқушы өзінің деңгейінде берілген тапсырманы орындап шыққаны және оқушылар өздерінің қателерін тауып, түзету жасағаны;
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Тексерілді:
«Lesson Stady» рефлексивті есебі
Математика пәнінің мұғалімі: К. Ондашева
2016 жылдың 13 сәуір күні 8 «Б» сыныбына «Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісі арқылы шығару» тақырыбында өткізілген сабағымның қорытындысы:
Сәлемдесу рәсімінен кейін оқушылар өздеріне ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдап үшбұрыш, квадрат, дөңгелек болып үш топқа бөлінді. Және әр топ өздеріне ұнаған фигураларды өздері құрастырып топ – топ болып тұрды. Топқа бөлінгеннен кейін психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану: Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысы өздері туралы жақсы пікірлер тыңдағаннан кейін сабақ көтеріңкі көңіл күйде басталды.

Үй жұмысын тексеру мақсатында жеке орындауға тест жұмысы берілді. Берілген тапсырманы толық және дұрыс орындаған оқушылар болды және керісінше орындай алмаған оқушылар да болды.Оқушылар тапсырманы «Көршіңді тексер» әдісі бойынша бір –бірін тексеріп, жинаған ұпайларын бағалау парағына қойды.

Келесі топтық жұмыста -2х2-х+6≥0 теңсіздігі берілді. Оқушылар берілген тапсырманы І топ: графиктік тәсілмен шешті. ІІ топ: интервалдар әдісімен шешті. ІІІ топ: теңсіздіктің шешу жолдарымен жауабы қиындылармен берілген, соны рет –ретімен құрастырды. Графиктік тәсілмен шешу барысында оқушылар график тармақтарын жоғары қарай бағыттап салып қойған. Бірақ қорғау барысында а< 0 болғанда график тармақтары төмен

бағытталатынын айтып, графикті дұрыстап салды. ІІ топ оқушысы да өз қатесін тауып, теңсіздік шешімін дұрыс таба білді.Топтық жұмыс бармақпен бағаланды.
Сабағымның соңғы кезеңінде деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушылар өздерінің шамаларына қарай есептерді орындап шықты.
Қиынырақ есептерді «В», «С» деңгейлі оқушылар орындай алмады. Барлық кезеңдер бойынша бағалау парақтарындағы ұпайлар есептеліп, бағалар қойылды.


мін дұрыс таба білді.ар қойылды. салып қойған.