Математика п?нінен Есептерді те?деу ??ру ар?ылы шешу та?ырыбында саба? жоспары


Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу құру арқылы шешу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды берілген есептерді шығара білу қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру , есептерді теңдеу құру арқылы шешуді үйрету;
Дамытушылық: есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар!
- Қазір қай сабақ?
- Сабақ құралдарымыз дайын ба?
- Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!
б) Психологиялық дайындық:
Бір-біріне тілек тілеу.
Балалар, бүгінгі сабағымызды осындай жақсы көңіл – күймен бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік. (дәптерлерін қарап өту).
№1 тапсырма.
3600:60=60 800*80=64000 600*40=24000 30000:50=600
4000:80=50 500*800=400000 700*900=630000 28000:700=40
№5 тапсырма
b 330 1500 3003 936 6300
b*5 1650 7500 15015 4680 31500
b:3 110 500 1001 312 2100
с 8644 36888 828 1600 0
с:4 2161 9222 207 400 0
с*2 17288 73776 1656 3200 0
№4 есеп
а)
шешуі: 1)6+5=11 м/мин - жақындау жылдамдығы
2)44:11=4 мин- кездескенге дейінгі жолда болға уақыты
ә)
шешуі: 1) 330:3=110 м/мин -2інің орташа жылдамдығы
2)110-75=35 м/мин – V1
б)
шешуі: 1)10-5=5 м-қуып жету жылд
2)5*3=15 м
в)шешуі: 1)175-100=75 км/сағ –қалып қою жылдамдығы
2)150:75=2 сағ– t-қуып жету уақыты
-Менің көруім бойынша барлықтарың сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.
-Жарайсыңдар! (дәптерлерін жинау)
III. Жаңа сабақ
-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Есептерді теңдеу құру арқылы шешу. Тақтаға күнді жазу.
6859423=6000000+800000+50000+9000+400+20+3
№1 тапсырма (а)
Принтердің жұмыс өнімділігі деп, оның басып шығару жылдамдығын айтамыз. Ол уақыт бірлігінде басып шығарылған беттер саны немесе уақыт бірлігінде басылып шыққан баспа таңбаларының саны арқылы өрнектеледі.
Принтер Басып шығару жылдамдығы Уақыт Беттер саны
1 35 бет/мин 5 мин 175 бет
2 24 бет/мин 5 мин 120 бет
3 17 бет/мин 20 мин 340 бет
(ә)
Принтер Басып шығару жылдамдығы Уақыт Барлық таңбалар саны
1 450 таңба/с 120 с 54000 таңба
2 500 таңба/с 30 с 15000 таңба
3 350 таңба/с 60 с 21000 таңба
№2 есеп
15*2+х=60
30+х=60
х=60-30
х=30
15*2+30=60
60=60
№3 есеп.
х-дүкен
200:х-бірнеше дүкенге әкелінді
20+30 –сатылған және сатылмаған алмалар
200:х=20+30
200:х=50
х=200:50
х=4
200:4=20+30
50=50
ІV.Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық. Оңға-оңға түзу тұр
Алақанды ұрайық Солға-солға түзу тұр
Оңға қарай иiлiп Жоғары-төмен қарайық
Солға қарай иiлiп Қолымызды созайық
Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызға күш жинап,
Бойымызды созайық Бір шынығып алайық
Белiмiздi жазайық.
№4 тапсырма (а)
Көк тікұшақ -400 км/сағ
Жасыл тікұшақ -250 км/сағ
V1-400 км/сағ
V2-250 км/сағ
t=3 сағ
s=? Км
шешуі: 1)400+250=650 км/сағ
2)650*3=1950 км
Жауабы: 1950 км
ә) V1-250 км/сағ
V2-400 км/сағ
t=2 сағ
s=? Км
шешуі: 1)400+250=650 км/сағ
2)650*2=1300 км
Жауабы: 1300 км
Бекіту.
№5 тапсырма
768 1768 1768 768 1768 768
34 34 3 4 4 3
3072 7072 5304 3072 7072 2304
2304 5304
26112 60112
VІ. Қорытынды.
-Балалар біз бүгін сабақта не істедік?
-Есептер қиын болды ма?
-Қай есептен қателестік?
VІІ. Үйге тапсырма. 49 бет №6,7 тапсырма
VІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.