Білімді мы?ды жы?ар та?ырыбында?ы ма?ал сайысы (8 сынып)
Аудандық оқушылар үйінде өтетін «Білімді мыңды жығар» тақырыбындағы үйірмеішілік сайысының
с ц е н а р и й і
Өтілетін орыны: Аудандық оқушылар үйі
Өтілетін уақыты: 16.02.2015 жыл
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және өнегелі де тәрбиелі, білімді шәкірттер! «Шешендік өнер» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткелі тұрған «Білімді мыңды жығар» атты үйірмеішілік сайысына қош келдіңіздер! Үйірмеішілік сайыстың мақсаты – оқушыларды сөз шеберлігіне баулу, тіл көркемдігін сезініп, оның қадір – қасиетін ұғындыру, сүйіспеншіліктерін арттыру; шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, мақал – мәтелдерден ғибрат ала білуге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Сайыс 6 кезеңнен тұрады, олар:
Сәлем – сөздің анасы.
Білімді биікке ұмтылар.
Қызықты ойын.
Көп ойла!
Суретке қара, мақалдар құра!
Қырық өтірік.
Жүргізуші: Бірінші кезеңде өз-өздеріңізді таныстыратын боласыңдар. Олай болса, кезек өздеріңде.
Жүргізуші: Екінші кезеңге де аяқ бастық. Бұл кезең «Білімді биікке ұмтылар» деп аталады. Сайысқа қатысушылардың әрқайсысына 5 сұрақтан беріледі. Қойылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген жауап берілуі тиіс. Ендеше қатысушыларға қояр сұрақтарым:
«Ананың анасы» шығармасының авторы Мұхтар Әуезов. (Жоқ, Ғабит Мүсірепов).
Microsoft Word мәтіндік редактор. (Иә).
«Қалқаман - Мамыр» поэмасын жазған Міржақып Дулатов. (Жоқ, Шәкәрім Құдайбердіұлы).
1992 жылы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. (Жоқ, 1991 жылы).
Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама «Excel» деп аталады. (Иә).
Исатай Тайманұлының жауынгер серігі Махамбет Өтемісұлы белгілі ержүрек ақын. (Иә).
«Еңлік - Кебек» Мұхтар Әуезовтің жазған пьесасы. (Иә).
Ең кіші материк – Антарктида. (Жоқ, Австралия).
Ең жылдам өсетін өсімдік – бамбук. (Иә).
Қожа Ахмет Йасауи Йасы қаласында дүниеге келген. (Жоқ, Сайрам қаласы).
Абайдың шын есімі – Ибраһим. (Иә).
Ең ірі құс – бірқазан. (Жоқ, түйеқұс).
Адамның омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. (Иә).
Ең ұзын жануар – Керік. (Иә).
«Ленинградтық өрендерім» атты өлеңін майдангерлерге арнап, оларға жігер берген ақын - Жұбан Молдағалиев. (Жоқ, Жамбыл Жабаев).
Ең жүйрік сүтқоректі –гепард. (Иә).
«Шаңтимес» атанған батыр жазушының есімі – Мәлік Ғабдуллин. (Жоқ, Бауыржан Момышұлы).
Қожа «Тақиялы періште» фильмінде ойнады. (Жоқ, «Менің атым Қожа» фильмінде).
Денені тері қаптап тұрады. (Иә).
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. (Жоқ, 70 жыл).
Жүргізуші: Үшінші кезең «Қызықты ойын» деп аталады. Бұл кезеңде математикалық есептердің жауаптарын реттілікпен шешу арқылы кестедегі әріптердің реттілігімен белгілі мақал шығаратын боласыңдар. Ол үшін сендерге тапсырма жазылған парақшалар беріледі.
а к л с қ з ы ө м е с ы а а л
480 662 200 314 350 545 1320 333 675 239 750 426 60 160 440
450-136= 314 6) 780-354=426 11) 175+175=350
235+98=333 7) 500-300=200 12) 90+70=160
360+185=545 8) 960+360=1320 13) 800-360=440
1200-720=480 9) 444+231=675
500+250=750 10) 300-240=60Жауабы: Сөз асылы – мақал.
Жүргізуші: «Көп ойла!» деп аталатын төртінші кезеңге де келіп жеттік. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашуға тапсырма беріледі.
Айылын жимау — жасқанбау, сескенбеу.
Аймандай қылды — әшкереленді, ұятқа қалды.
Саусағының ұшын қимылдатпады - қозғалмады, ешнәрсе істемеді.
Екі иығына екі кісі мінгендей - денелі, тұлғалы, иықты.
Алты аласы,бес бересі жоқ –ешбір қатынасы жоқ.
Аспанмен таласқан – биік.
Жаны мұрнының ұшына келу – қиналу.
8) Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау.
9) Жауырынан жел өту – азап шегу.
10) Инені жіпке тізу – бәле қуу.
11) Иненің жасуындай – азғантай.
12) Көз жазып қалу – адасу.
13) Қабырғасы қайысу – қатты қиналу.
14) Қайрауы жеткен – бабына келген.
Жүргізуші: Бесінші кезең «Суретке қара, мақалдар құра!» деп аталады. Бұл кезеңде интербелсенді тақтадан көрсетілген суретке қарап, мақалдар тауып айтатын боласыңдар.
Кітап – алтын қазына.
Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек.
Атың шықпаса жер өрте.
Үй болған соң ыдыс – аяқ сылдырламай тұрмайды.
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман.
Адам күні адаммен.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Қырық өтірік» деп аталады. Өздеріңіз білетін немесе ойдан құралған өтірік әңгімелер және өлеңдер айту тапсырылады.
Жүргізуші: Қазылар алқасына сөз берелік, балалар.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Жүргізуші:
Өнер-білім бар жұрттарТастан сарай салғызды.Айшылық алыс жерлерден,Көзінді ашып-жұмғанша,Жылдам хабар алғызды, - деп Абай атамыз айтқандай өнер мен білімге қашанда жақын болайық. Сайысқа белсенділікпен қатысқандарың үшін алғысымды білдіремін.