Ма?ала ?лттар досты?ы-?рпа?ты? тілегі


«Ұлттар достығы- ұрпақтың тілегі»
2014 жылдың 29 сәуірінде «Еркетай» шағын орталығында 1 мамыр-Қазақстан халқының ынтымақтастық, бірлік күніне арналған ертеңгілік болып өтті.Ертеңгілікті өткізудегі мақсатымыз: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақстандық патриотизмге, елін жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу болатын.

         «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.


Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелді.
          Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Шағын орталықта тәрбиеленуші өзге ұл өкілдерінің балалары, атап айтсақ: өзбек, орыс, қазақ, корей билерін барынша билеп өз өнерлерін көрсетті.



«Мамырдың бірі, достық күні
            Ән салып, билеген халықтың үні.
            Тұтасып, тойлаған ұлттар,
            Керемет мереке, мамырдың бірі» дей келе, балаларымыз «достық» туралы ән, тақпақтар айтып жатты.

1 Мамыр – Қазақстан халқының ынтымақтастық бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілік соңында

өзге ұлт өкілдерін ортаға алып, қазақтың «Қара жорға» биі биленді.
«Еркетай «шағын орталығы
«Күншуақ» тобының
тәрбиешісі Тоқталған Біржан