Т?уелсіздік — ел тілегі! мерекелік кеш


4649470-463550-836930-480060МКҚК «Балдырған» МдҰ
«Тәуелсіздік – ел тілегі!»

Тәрбиеші: Г.С.Сакпаева
Саз жетекшісі: А.Н.Саймова
-9487901554084585335251460
Мақсаты:Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық: Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.
Білімділік: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні.
Тәрбиелік: Тәуелсіздіктің қиын қыстау кезеңдерін еске түсіру арқылы елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Қазақ елін мақтан тұтуға, халқын сүюге тәрбиелеу.
Жүргізуші: - Армысыздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар, әріптестер, бүлдіршіндер! Тәуелсіздік дегеніміз маңызды мереке. Бүгін біз сол мерекенің құрметіне жиналып отырмыз. Құрметті қонақтар, балалар мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Жарқырап нұрын төгіп, көгінде күн
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсың,
Қазақстан Республикам - елім менің!
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ тарихында ғасырлар бойы аңсаған арманның орындалған күні болатын. Екі ғасыр Рессей империясының отары болған, жетпіс жыл бойы Кеңес одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн Ұлы мереке еді. Кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекеге күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Туым асқан қашанда тау басындай,
Елтаңбам бар қазақтың айнасындай.
Әнұраным көкейің де жатталған,
Соныменен бейбіт күнім басталады – дей келіп мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.
Қазақстан Республикасының Гимні
«Жорға» биі «Айгөлек» тобы бүлдіршіндері.
«Айгөлек» тобы бүлдіршіндерінің мерекеге арналған тақпақтары.
Би «Қара жорға», «Айналайын» тобы.
Жүргізуші: Тәулесіздік қазағымның айбары
Биік көкте желбірейді байрағы
Ашық аспан аясында қалықтап
Өз Отанын сүйіп өссін Ұланым!
Ән: «Отан». Орындайтын «Айгөлек» тобы тәрбиеленушілері.
Тақпақтар:
1 бала:16 желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
16 желтоқсан,
Атамекен туған күн.
2 бала:Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Билігім оз қолыңда,
Айналайын, Елтаңбам!
3 бала:Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік ұлық той
4 бала:Қазақстан байрағы
Зеңгір аспан көгілдір
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп тұр
5 бала:Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
6 бала:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
7 бала:Желбірейді қалықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
8 бала:Отан сенің ата-анаң
Отан досың, бауырың
Отан өлкең, астанаң
Отан аудан, ауылың
9 бала:Отан жерім, отан суым,
Отан қут нәр береді.
Отан ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
10 бала: Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне қараймын.
Жүргізуші:Ел ерлігін елі де жыр етеді деп, желтоқсан оқиғасында шындық үшін, еліне, жеріне жаны ашығаны үшін, жазықсыз жәбірленген жастарымыз, құрбан болған Қайрат Рысқұлбековтың тергеу изоляторындағы өмірінен үзінді /көрініс/.
Желтоқсан көтерілісінде елі үшін, жері үшін арпалысып жүріп қаза тапқан қазақ жастарын 1минут үнсіздік жариялап еске алайық /1 мин үнсіздік/.
Тәуелсіздік, Отан, ту, елтаңба тақырыбында тақпақтар.
Өзбек биі. «Айгөлек» тобы.
Ән: «Отан». Орындайтын: «Құлыншақ» тобы бүлдіршіндері.
Би: «Алтын күннің шапағы». «құлыншақ», «Күншуақ» тобы бүлдіршіндері.
Жүргізуші:Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде Егемен Тәуелсіз Қазақстан бар. Оның көп ұлтты тату, ынтымақшыл халқы бар-дей келіп, әр ұлттың билерін тамашалаңыздар!
Би: «Бірлігіміз жарасқан» / әр ұлт өкілдерінің биі/.
Жүргізуші: Қазағым, алдың ашық, артта қалды азабың
Хош пейілді, дос мейірлі ажарың
Тартты өзіне бар әлемнің назарын
Қазағым!
Ән:«Қазақстаным менің».
Жүргізуші:Жасай бер, жарқырай бер Қазақстан
Ертең - ақ біз озамыз басқалардан
Тілек біреу- көрінсін қазақ елі
Дамыған елу елдің қатарынан.