Мектепке дейінгі балалар арасында?ы «К??ілді старт» атты сайысты? сценариі
«Көңілді старт» (спорттық ойын - сауық)Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.- Армысыздар құрметті ойыншылар,көрермендер бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер . Жарысымызды бастамас бұрын, ойыншыларды ортаға шақырайық.
Естияр «А» тобын шақырамыз.
Естияр «Б» тобын шақырамыз.
Әрбір топ өзінің ұранын айтады.
Ал енді алдымен балалар, жарысымызды бастамас бұрын дене мүшемізді қыздырып алайық.
Балалар шеңберге тұрады!
Тербелейді ағаштар,
алдымнан жел есейді.
кіп кішкентай балалар,
үлкен болып өседі.
Балтаны қолға алдық,
Ағаш жаруға дайындадық.
Жүріптір сағат бізде ,
Тик так, тик так.
Денемізді қыздырып алдық , өз орнымызға тұрайық.
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар! Жарысымызды бастаймыз!
1эстафета: Кубикті жинау.
Бірінші ойыншы әртүсті кубикті ( бадминтон) ракетканың үстіне қойып, қарама қарсы тұрған ориентирді айналып, қайта командасына оралады да, ракеткамен кубикті келесі ойыншыға береді.Ойын осылайша жалғасады. Кім бірінші бітіреді, сол команда жеңеді.
2 эстафета : Кенгуру.
Бірінші ойыншы екі аяқтың ортасына допты қысып карама қарсы тұрған ориентирге дейін келіп қайта командасына оралады да, эстафетаны келесі ойыншы жалғастырады.
3 эстафета : Сылдыр доп.
Ойыншылардың қолдарына доп беріледі. Оларға қарама – қарсы кубиктер қатарланып тұрады. Сол кубиктер арқылы доппен бірге жыланша өтіп белгіленген жерде шеңбер тұрады. Допты шеңберде қалдырады. Қайта командасына тез жүгіріп оралады.Келесі ойыншы допқа дейін тез жүгіріп, жыланша кубиктер арқылы өтеді. Осылайша ойын жалғасады.
4 эстафета : Туннель.
Ойыншыларға қарама – қарсы шеңбер жатады. Шеңберден кейін туннель орналасады . Балалар шеңберден шеңберге секіріп , тунель арқылы өтіп, ориентирді айналып тез командасына оралады.Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.
5 эстафета : Мықты қоян.
Ойыншыларға қарама – қарсы 3 шеңбер жатады. Балалардың қолдарында сәбіздің суреті болады да, шеңберден шеңберге секіреді. Секіріп болған соң, мольбердке жақындап қоянның суретінің жанына сәбізді жабыстырады. Жабыстырған соң, командасына тез жүгіріп ойынды әрі қарай жалғастырады.