Физикадан ашы? саба? Резерфорд т?жірибесі.Атомны? планетарлы? моделі.Атом ядросыны, ??рамы
« Бекітемін»
501459521844000
Күні:29.02.2016ж
Сыныбы: 9 «б»
Тақырыбы: §53.Резерфорд тәжірибесі.Атом құрамы.Атомның планетарлық моделі.Сабақ мақсаты: Білімділік: оқушыларға атомның кұрылысы,Резерфорд тәжірибесінің қойылымы,атомның планетарлық моделі,ядро құрамындағы бөлшектер туралы толық мәлімет беру. Дамытушылық: теориялық білімдерін толықтыру,қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, басқа оқушының пікірін тыңдай білуге,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.Сабақ түрі:Дәстүрлі
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақты өту әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі-иллюстративті,рефлекция.
Сабақта қолданылатын технология: ынтымақтастық технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, дидактикалық тапсырма, бағалау жетондары, қосымша материалдар,слайд,видео.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіа/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.ә/ сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.б/ «Миға шабуыл» класты 3 топқа бөлу.
(«Жарқын түстер» әдісі арқылы)ІІ. Үй тапсырмасын тексеру«Суреттер сөйлейді» (Стефан-Больцман тәжірибесі,Электромагниттік толқындар шкаласы,рентгендік түтікшелер)
III.Үй тапсырмасын бекіту
«Сөзжұмбақ»
IV.Жаңа білімді меңгерту
1911 жылы Эрнест Резерфорд және оның шәкірттері α- бөлшектерінің өте жұқа алтын платина пластинкаларынан өтуін зерттеді.
Бөлшектердің шашырауын, ал кейде кілт кері бұрылуын зерттей отырып,Резерфорд атомның тек өте кішкене бөлігі ғана α- бөлшектерінің шашырауына себепкер болады деген қорытындыға келді.Оның үстіне атомның бұл кішкене бөлігінің заряды оң,ал массасы үлкен болуға тиіс деп түйіндеді.Сонда ғана оң зарядты α-бөлшектер сирек те,үлкен бұрыштарға бұрыла алатын еді,себебі аттас зарядталған бөлшектер ғана бірін бірі тебе алады.Ал электрондардың зарядтары теріс, массалары өте аз болғандықтан,массасы үлкен α-бөлшек тердің бағытын өзгертуге келмейді.
Көптеген тәжірибе нәтижесін талдай келіп,1911жылы Резерфорд Күн жүйесіне ұқсас атомның планетарлық моделін ұсынды.Ондай модел бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электрондардан тұрады.Ядро төңірегіндегі мұндай электрондарды орбиталық электрондар деп атайды,ал олардың жиынын электрондық қабықша дейді.
Ядро атом көлемінің өте кішкене орталық бөлігін алып тұрады.Ядроның диаметрі 10-12-10-13 см,ал атомның диаметрі 10-8 см шамасында.Егер атомның көлемін футбол алаңының аумағына деін үлкейтетін болсақ , атом ядросының көлемі футбол алаңында түсіп қалған шие дәніндей ғана болар еді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша атом ядроларының заряды qя=+Ze шамасына тең.
Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектерді протондар деп атайды.
q =-Ze
Бұл теңдіктерден мынадай қорытынды шығады:
-әрбір электронның немесе протонның заряды бір элементар зарядқа (e=1,6×10-19Кл) тең;
-кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделеев кестесіндегі Z реттік санына тең.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Дидактикалық тапсырма»
Сергіту сәті «Жаңа термин сөздер»
VI. Қорытындылау,бағалау
«Атомның планетарлық моделі видео»
VII.Рефлекция «Білім қоржыны».
VIII.Үй тапсырмасын беру (41-жаттығу, Эрнест Резерфорд ізденіс жұмыстары)