Урок по казахскому языку на тему
Сабақтың тақырыбы : Ілияс Есенберлин .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін ұштастыра отырып, қазақ әдебиеті мен қазақ халқының дәстүрін ұғындыру.
Дамытушылық: Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, сурет, тірек-сызбалар.
Көрнекіліктер: сөздік, Ілияс Есенберлин туралы жазған жазушылардың шығармалары, интерактивтік тақта, компьютер,тест,
Пәнаралық байланыс: география, орыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгелдеу;
ә) кезекші есебі;
б) оқу құралдарын тексеру:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
І І . Үй тапсырмасын сұрау, бағалау
1) С.Сейфуллиннің «Қамаудан» «Тұлпарым» атты өлеңдерін жатқа айту.
2) Өлеңнің мазмұнын түсіндіре айту, пысықтау сұрақтарын қою.
3) тест бойынша жұмыс.
Пысықтау сұрақтары:
Балалар бұл өлеңдердегі тұтқын кім? Кімдердің образы?
Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?
Сәкеннің өлеңдерінде ақынның өз бейнесі бейнеленгендігі белгілі болды, яғни ақындық тұлға дегеніміз не?
Шығармалардағы ақынның ой- арманы, жан-сезімі, дүниетанымы, мақсат-мұраты айқын көрінеді.
Ақын жазушылар шығармаларынан Қазақстанның биікке жетуіне қосқан үлестерін білеміз.
І І І . Оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
- Бүгін сабақта біз І.Есенберлин өмірімен, шығармаларымен танысып, «Көшпенділер» трилогиямен мазмұнымен танысамыз.
І V . Жаңа сабаққа кіріспе.
Интерактивті тақтадан І.Есенберлин өмірін, шығармашылығын тыңдау.
І.Есенберлиннің өмір жолын, шығармашылығын айтып өтемін.
1894ж І.Есенберлин
1915ж 1920ж 1925ж 1928ж 1934 ж 1938ж 1939ж
Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында туған.
Ол поэзия , проза , драматургия , кинодраматургия салаларында еңбек еткен. І.Есенберлиннің аса көрнекті шығармалары : «Ғашықтар», «Алтын құс», «Айқас», «Алтын орда», «Қатерлі өткел», «Жанталас», «Каһар», «Алмас қылыш», т.б. романдары.
Жазушы кейін «Жанталас», «Каһар», «Алмас қылыш» романдарын біріктіріп , «Көшпенділер» деген атпен тарихи трилогия етіп жариялады. Бұл трилогияда қазақ халқының 18-19 ғасырлар тарихындағы ауыр кезеңдері суреттеледі.
Жазушы 1983 жылы қайтыс болды.
Ілияс Есенберлин шығармалары :
Романдары : «Ғашықтар», «Алтын құс», «Айқас», «Алтын орда», «Қатерлі өткел», «Жанталас», «Каһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Каһар», «Алмас қылыш»
Трилогия: «Көшпенділер».
V. Жаңа сабақты пысықтау:
Жазушы шығармашылығын таныстыруды өзімен істес болған, бірге өсіп, бірге оқыған басқалардың естеліктері ұлылықтың қыры мен сырын үйретеді. Мұндай дүниелер бүгінгі жас ұрпақтың сана сарайын ашудағы, үлгі-өнеге, тәрбие берудегі асыл – қазыналардың бірі.
І.Есенберлиннің шығармаларын оқылып болғаннан кейін оқушылардың алған әсерін байқау үшін арнайы сұрау-тапсырмалар беріледі:
1 . І.Есенберлиннің қандай шығармаларын білесің ?
2. Үзіндіде не туралы баяндалады ?
3. Қожа Ахмет Йасауй кім ? Ол туралы не білесің ? Йасауидің кесенесі қай қалада ?
4. Әмір Темір туралы не білесің ?
5. Ұлықбек мұнарасы қай жерде орналасқан ? Ұлықбек туралы не білесің ?
6. Әбілқайыр хан орыс патшасына қандай хат жолдады ? Ол Кіші жүзді неліктен
Ресей құрамына қосқысы келеді ?
7. Жоңғар соғысы қалай басталды ?
8. Әбілқайыр хан туралы жазушы пікіріне зер сал ?
- Оқушылар әрқайсысы өз пікірлерін шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы білдіреді. Әркім өз пікірін дәптеріне жазып, оқып береді.
Мұндай жұмыстар сын тұрғысынан ойлауға, зерттеушілікке, өзіндік ізденістерге, шешім-тұжырым білдіруге, мәтінмен жұмыс істеуге, көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылықтарын оятады.
«Қазақ әдебиетінің дүниежүзілік аренаға шығуы І.Есенберлин шығармаларының арқасы екенін толық түсініп білдік» т.б.
«Қазақ тілінің құдыретті күші мен барша сұлулығын танытып берді» т.б.
Тест бойынша жұмыс.
Тест сұрақтары :
1. І.Есенберлин кім?
а) ақын ә) би б) айтыскер в) жазушы
2. І.Есенберлин қай жылы дүниеге келді?
а) 1802 ж ә) 1942 ж б) 1915 ж в) 1902 ж
3. І.Есенберлин Қазақстанның қай облысында дүниеге келді?
а) Оңтүстік Қазақстан облысы ә) Солтүстік Қазақстан облысы
б) Шығыс Қазақстан облысы в) Батыс Қазақстан облысы
4. І.Есенберлин қай қалада дүниеге келді?
а) Атбасар ә) Қарағанды
б) Семей в) Тараз
5.“ Көшпенділер ” трилогияда қай ғасырда қазақ халқының тарихындағы кезеңдері суреттеледі.?
а) 14-15 ғасырлар ә) 18-19 ғасырлар
б) 16-17 ғасырлар в) 13-14 ғасырлар
7. І.Есенберлин романын ата?
а) Ғашықтар ә) Кездеспей кеткен бір бейне
б) Өмір мектебі в) Қамар сұлу
8. І.Есенберлин қай жылы қайтыс болды?
а) 1995 ж ә) 1983 ж б) 1965 ж в) 1975 ж
- Келесі кезекте оқушылармен бірлесе отырып «Не білдік, не таныдық, не үйрендік?» сұрақтарын ой елегінен өткізіп, сабақты қорытындылаймын
VI. Үйге тапсырма беру:
1. І. Есенберлин романдарын оқу 2. «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи тұлғалар жөнінде реферат дайындалыңдар.
VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау.