«Біз барлы? к?штерді Отанымызды? игілігі ?шін біріктіруге тиіспіз.
Тақырыбы: Мен туған өлкелерімізді танимын.
Мақсаты:
1. Оқушылардың білім беңгейін, сөздік қорын дамыту;
2. Елбасының жолдауынан хабардар етіп, алда қойылған мақсат – міндеттер туралы мағлұмат беру;
3. Отанын сүюге, ел-жұртын құрметтеуге, адалдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
I КіріспеII Қазақ елі, жері туралы қысқаша түсінікIII Елбасы Жолдауы – ел назарындаIV Отан, туған жер, ел туралы өлеңдер, мақал-мәтелдерV Қорытынды
Мұғалім: Құрметті, балалар!
Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешемін. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі өте үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз-мейрам боламын. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады.
«Қазақстан» атты ұлы есім және осы елдің бейбіт келешегі адамзатты ұйыта ойландырады. Біздің қазақтың жүрегіне мықты намыс, айбарлы арыстандай қайратты күш-жігер жиналған. Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп, күресе, атсалыса біледі.
Болашақта жұлдызды Қазақстан әлемдік аренаның басты орнына ие болады деп нық сенеміз.
Қазақстан Республикасы – Еуразиянын орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы-2724 мың км2. Халық саны бүгінгі танда 16 млн.403 мың. Қазақтың үлес салмағы 61%-дан асты. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары-ислам және христиан діндері. Елордасы-Астаны қаласы. Мемлекет басшысы-президент. Заң шығаратын жоғары органы-сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі-республика үкіметі.ақша бірлігі-теңге.
Елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде.
Әркімнің өз жері – мысыр шаһары. Мысыр шаһары деген сөздің мағынасы-әдемі, сұлу, қасиетті деген мағынаны білдіреді. Мен өз елімді мақтаныш етемін.
Жыл сайынғы Жолдау қоғамдық өміріміздегі елеулі оқиғаға айналатындылығы белгілі. Сондықтан да болар, биылғы Жолдауды да қалың жұршылық елендей тосты. Искра орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары көгілдір экран арқылы берілген биылғы Жолдауды асқан ыждаһаттылықпен тындады.
Жолдауда елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он негізгі бағдары айқындалып, нақты міндеттер белгіленді. Айтылған негізгі 10 бағыттың ең маңыздысы – әрине, халықты еңбекпен қамту тұрғысындағы келелі міндеттер. Аталмыш мәселе тек біздің елімізде ғана емес, дүниежүзінде де алдыңғы орында тұр десек, қателеспейміз.
Сондай-ақ, биік мінберден айтылған денсаулық сақтау саласын дамыту, онкологиялық ауруларға қарсы күрес тұрғысындағы пайымды пікірлер де жұртшылықты жай қалдырмады. Адамдарды жұмыспен, қолжетімді баспамен, сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету бүгінде көпшілікті толғандырып отырған ең өзекті мәселелер екені белгілі.
Жалпы, биылғы Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауында еліміздің 2020 жылға дейінгі даму бағдарына арналған нақты міндеттер мен мақсаттар айқындалып, оны жүзеге асыруға байланысты атқарушы органдарға тапсырмалар белгіленді.
Республикам менің, күн көзімен таласқан,
Аспан көрсен Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің байтақ Респебликам таулары,
Менің көгім мөлдіреген көк аспан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсен ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүрген.
Қорытынды:
«Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын»
(Қазақстан халқына Жолдауынан)
Құрметті, балалар! Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысындар. Жақсы оқып, тәртіпті болып, өз елінді, жерінді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атанындар.