?аза? тілі 3 сынып


Cабақтың тақырыбы: «Біздің үйдегі мамандықтар» 3-сынып
Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша өз ойын жүйелі түрде әңгімеуге үйрету.
Табыс критерийлері: 1 Шапшаң жұмыс істеймін;
2 Сабаққа белсенді қатысамын;
3 Тақырып бойынша мәліметтерді қабылдаймын.
,
Негізгі дереккөздер: АКТ, тақырыпқа байланысты суреттер, мәтін, сөздік, бағалау парағы,мамандық иесінің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ойындар,үлестірмелі парақшалар,жеке жұмыс,ізденіс,мәтінмен жұмыс,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
Кезеңдер Мүғалім Оқушы Уақыты
Ұйымдастыру Амандасу. Түгендеу.Зейіндерін пәнге аудару.
-Бүгін ауа райы қандай?
-Қазір қай ай?
-Сыныпта кім бар ?
-Кім жоқ?
-Бүгін сабаққа дайынсыңдар ма?
-Балалар компьютерде бағалау парағы берілген. Соған қарап өз білімдерінді өздерің ұпаймен бағалайсыңдар.Ал мен сабақ соңында қорытынды жасаймын.
Жақсы
Қыркүйек
Сыныпта ...жоқ,бар.
Иә 1 мин
Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау -Жақсы , енді балалар, өткен тақырыптарды сурет бойынша еске түсірейік.
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-ата,апа,әже,әке,шеше,аға,әпке,іні,сіңлі,қарындас.
-Сенің отбасың қандай?
-Неше адам бар?
-Олардың сүйікті істерін білесің бе?
Оқушылар сурет бойынша сөздерді еске түсіреді.
2-оқушы сұраққа жауап береді.
2 мин
Үй жұмысын тексеру -Өткен сабақты есімізге түсірейікші?
-Қандай тақырып өттік?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
« Отбасы мүшелерінің сүйікті ісі» тақырып бойынша сұхбат құру.6-оқушы айтып береді.

Балалар диалог ретімен сөйлеседі. 4 мин
Таныстырылым 1.-Балалар ,сендер қандай мамандық иелерін білесіңдер ?
2.-Сөзжұмбақты шешіп алсақ, сабақтың тақырыбын аңықтаймыз.
М а й 1.тағам
Ал м а 2.жеміс
м а М ы р 3.ай
б о т А 4.түйенің баласы
о Н 5.сан
к ү н Д е л і к 6.оқу құрал
қ ұ л а қ ш Ы н 7.киім
қ а с ы Қ 8.ыдыс ---Сонымен,сабақтың такырыбы қандай болады?
-Бүгін сабақта біз «Біздің үйдегі мамандықтар» тақырыбымен танысамыз.Сабақта әр-түрлі тапсырмалар орындаймыз.
-Балалар ата-аналарың,аға-әпкелерің кім болып жұмыс істейді?-деген сұраққа жауап беру үшін,мамандықтарды қайталаймыз.
3.Дидактикалық ойын «Кімге не қажет?».Ойын шарты бойынша мамандық иелеріне қажетті заттардың аты жазылған карточкаларды көрсетіледі ,оқушылар мамандық атауын атайды.
Жіп,ине ,мата-
Күрек,ара, құм-
Қайшы,тарақ,орамал-
Бояу,қарындаш,қылқалам-
Пышақ,қасық,ожау-
Дәрі,ақ халат,мақта-
Балалар оқиды ,аударады,сөйлем құрайды.
Сөзжұмбақты шешіп,сабақтың тақырыбын анықтау.
Балалар ойын ойнайды. 4мин
3 мин
Айтылым
Оқылым 1.
-Мамандықтарды еске түсірдік,енді мына мәтінді түсініп оқып,атауын таңдайық.
Мәтінмен жұмыс.
а).Мәтінді тізбектеп мәнерлеп оқиды.
ә).Мәтіннің атауын таңдайды.
б).Мәтінді сөздік арқылы аударады.
Біздің отбасымыз үлкен.Атам мен әжем зейнеткерлер.Әкем ұшқыш болып жұмыс істейді.Ол ұшқыштар мектебінде оқыды.Шешем –дәрігер.Ол ауруханада жұмыс істейді.Ағам- студент.Болашақта-құрылысшы болады.Мен төртінші сыныптың оқушысымын.Біздің отбасымыз тату.
2.Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрайды.
3.Мәтінге сүйеніп өз отбасы туралы айтып береді.
7.Бұл өлеңде не туралы айтылған? (АҚТ пайдалану)
Жүр көңілін маған бөліп,
Ұстаздар мен ата-анам.
Алдымен мен адам болып,
Сосын маман атанам.
а) Мұғалім оқиды
ә)Өлеңді тізбектеп,мәнерлеп оқушылар оқиды.
б) Өлеңді жаттап алады.
Мәтінді түсініп оқиды,атауын таңдайды.
Мәтінді оқиды,сұрақ қояды,мазмұнын айтып береді.
.
Сұраққа жауап береді.
Өлеңді жаттап алады.
7 мин
6мин
Жазылым Өлеңді жатқа жазып алады. Сауатты жазып алу. 3мин
Сергіту сәті -Кімге дәрігер мамандығы ұнайды?
(Оң қолыңды көтер)
-Кімге инженер мамандығы ұнайды?
(сол қолыңды көтер)
-Кім өзін жақсы көреді,тұрыңдар.
-Қане спортшы болып жүгірейік.
-Шахтер болып көмір лақтырайық.
-Қанеки,тік тұрыңдар.Отырыңдар.
-Жақсы ,балалар біраз сергіп қалдық.Сабақты жалғастырамыз.
Балалар қимылмен көрсетіп қайталайды. 2 мин
Тыңдалым
Айтылым Ой қозғау.
-Мұқият тыңдаймыз,қазір сендер сөйлемдерді толықтырып отырасыңдар.
-Бұл адам ақ халат киеді,емдейді.
-Бұл адам биік үйлер ,балабақшалар салады.
-Бұл адам балаларға білім береді.
-Бұл адам аспанға биікке ұшады?
-Бұл адам жүктерді,адамдарды тасиды.
-Жарайсыңдар,сонымен мамандықтарды қайталап шықтық.
-Мынандай сұраққа жауап беріңдерші,өскенде сен кім болғың келеді?(барлық балалардан сұрап шығу.) Сөйлемдерді толықтыру. 5 мин
Рефлексия Компьютерде бағалау парағы берілген.Соған оқушылар өз білімдерін ұпаймен бағалап отырады.
1.Мен мамандақ иелерін білемін.
2.Сөзжұмбақты шешіп аламын.
3.Тыңдаған мәтінді түсініп аламын.
4.Оқыған мәтінге сұрақ қоя аламын.
5.Өлеңді жаттап ,оны сауатты жаза аламын.
6.Сөйлемдерді толықтара аламын. Өз білімдерін ұпаймен бағалау. 2мин