Ас адамны? ар?ауы 5 класс


Ас – адамның арқауы
Жарияланды 26-10-2012, 20:32 Категориясы:  HYPERLINK "http://bilimdiler.kz/bastaush/" Бастауыш сынып 
Атырау облысы,Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептіңжоғарғы санатты мұғалімі Нұрмашева Шарбану Насырқызы.Тақырыбы: «Ас –адамның арқауы»Мақсаттары: Денсаулықтың негізі –дұрыс тамақтану екенін түсіндіру. Ырым-тыйымдармен насихаттау. Ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу, ұлттық сана-сезімдерін ояту.Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, сабақтың тақырыбы,ұлттық тағамдар.Сабақ барысыI. Ұйымдастыру. Оқушылардың үш топқа бөліп отырғызу.II. Сұрақтар қою.- Адамның көңілді болуы неге байланысты? Денсаулықтың арқасында ұзақ жасаған кім еді? (Ұлықпан Хакім.)Ұлықпанның 7 өсиетін айтқызу.- Денсаулықтың негізі –дұрыс тамақтану.III.Жаңа сабақ. Олай болса, бүгінгі жаңа тәрбие сағатымыздың тақырыбы: « Ас –адамның арқауы» деп аталады.1-топ –«Алтын дән». Ұраны: Дүниедегі көп байлық –нан.2-топ –«Береке». Ұраны: Ас жүрген жер - береке.3-топ. –«Дастархан» дәмі - киелі.1 кезең. 1-топ. Ұннан жасалған тағамдарды айтып шығады.2-топ. Еттен жасалған тағамдарды айтады.3-топ. Сүттен жасалған тағамдарды айтып шығады.2 кезең. Әр топ дастархан басындағы адамдар жасына қарай отырады. Тамақтанып болғаннан кейін, дастархан басындағы ең үлкен құрметті адам асқа бата береді.3 кезең.Дастархан басында айтылатын ырым-тыйым сөздер.4 кезең. Көрініс арқылы ситуация көрсету, оны шешу жолын айтқызу.5 кезең. Ас ішу тәртібі.6 кезең. «Жарнама» көрсету,әр топ өздеріне берілген тағамдардың біреуіне жарнама береді.7 кезең. 1-топ: жұмбақтар айтады;2-топ: өлеңдер оқиды;3-топ: көрініс қояды.IV. Қорытындылау. Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ұлттық тағамдармен танысып, ырым-тыйымдарды да білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» демекші, еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау,сабақты жақсы оқу.
Кері қайтуМатериал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Ас - адамның арқауы, тәрбие сағаты.Жариялаған Шарбану   Оқылды: 6732 (рет)   |   Пікірлер: 0    HYPERLINK "http://bilimdiler.kz/bastaush/print:page,1,1620-takyryby-as-adamnyn-arkauy.html" Баспаға шығару    
Басқа жаңалықтарды оқу:
Дастархан жабдықтау (Технология)
Ұлыттық тағамдар (Қазақ тілі және әдебиеті)
Ас-адамның арқауы (Ұстаздарға)
Бар байлықтың басы – нан ( HYPERLINK "http://bilimdiler.kz/bastaush/" Бастауыш сынып)
Дастархан мәзірі (Технология)