Доклад ??зыретті маман т?л?асын ?алыптастыруда?ы к?сіби а?ылшын тілін о?ытуды? инновциялы? жолдары


Құзыретті маман тұлғасын қалыптастырудағы кәсіби ағылшын тілін оқытудың инновциялық жолдары.
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, оқуды,
ізденуді тоқтатысымен, оның
мұғалімділігі де жойылады”К. Д. Ушинский.
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндеті. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында. Сондықтан ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс – тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды.  Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және өндірісті бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады.Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беруін білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен,соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ мамандарды әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік,өз бетімен жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі өндірістік әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:
жүйелі ойлау;
экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет;
кәсіпкерлік мәдениет;
өзін-өзі тану және басқаларға ұсыну;
өз қызметін білімді талдау;
кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;
жаңа білімді меңгеру;
әр іске жауапкершілікпен қарау.
Құзыреттілік негізгі, жалпы кәсіптік және арнаулы құзыреттілігі болып бөлінеді:
Негізгі құзыреттілік. Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:ақпараттық;
коммуникативтік (қатысымдық);
әлеуметті – құқықтық құзыреттілік көрсетілген.
Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады. Осы жоғарыда аталған үш құзіреттілік барлық азаматтар үшін, олардың мамандығына, білім деңгейіне, тұратын жеріне қарамастан негізгі қажетті қасиеттер болып саналады.
Жалпы кәсіптік құзыреттілік
Бұл құзіреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман дәнекерлеушілері, электр жүйесінің монтаждаушылары, құрлысшылары, әрлеушілері, ЭЕМ оператор қызметкерлері қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы жағынан қарастыратын болсақ, бұл мамандықтар бойынша болашақ мамандар мәселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеу, кәсіпорын тұтынушыларымен, клиенттерімен тіл табыса алу қасиеттерімен бағаланады. Осыған орай, кәсіптік білім берудің мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан-жақты,қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке қабілетті түсе алатын, құзыретті мамандар теориялық білімін тәжірибемен байланыстыра алатын мамандар даярлау деп санаймын.
Бұған дейін де бізге белгілі болғанындай, адамдардың бір-бірімен қатынас тірегі – тіл екендігі ежелден аян. Әлем түрлі ғажайыптарға толы. Олай дейтініміз – сол ғажайыптарға жету, оларды ашу, күнделікті өмірде түрлі игіліктерге пайдалану кілті - тілде, анығырақ айтсақ, тілді білуде. Бұл ретте тілді үйрену мәселесі туындайды. Белгілі бір мамандық иесі сол өзі таңдаған мамандығын тереңірек игеру үшін, болашақта жан-жақты, басқамен терезесі тең, жаңа заман талабына сай, қандай да болсын бәсекеге қарсы тұра алатын білімді де өткір, жасампаз да жан-жақты маман иесі болудың тағы бір шарты өз саласында шетел тілінде кәсіби сөйлей алу мүмкіндігі болып табылады.
Колледжде немесе кәсіптік оқу орындарында кәсіптік шетел тілі қатардағы пән ретінде жүргізіледі. Кәсіптік шетел тілі пәнінің мақсаты – оқушылардың жалпы білімін кеңейту ғана емес, сонымен қатар, оқып жүрген қазіргі ағылшын тілінде мамандығына байланысты түрлі ғылыми терминдер, электр мен жабдықтаушыларға электр саласы бойынша, газэлектрмен дәнекерлеушілерге және құрылысшыларға кәсіби сөздерді, сол әр саланың өзіне тән ғылыми терминдерді, түрлі атауларды жас мамандарға білудің маңызы аса зор. Яғни, басқа тілді адамдармен кәсіби ағылшын тілінде сөйлеу алу жағдайын жету сол сала иесінің алдына қойған мақсатының бірі болуға тиіс. Кәсіптік ағылшын тілін үйретудегі практика жүзіндегі мақсат – оқушының алған білімдерін алдағы оқуында және жұмысында сауатты қолдана алатын кең көлемді, жоғары білікті маман дайындау.
Кәсіптік ағылшын тілі пәнінің ерекшеліктерінің бірі - оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйренуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру. Олар: хаттардың түрлері, іс-қағаздар, жарнамалар, рефераттар, түйіндеме жазуды үйретеді. Бұл олардың болашақта білімін одан әрі дамытуына, жұмысқа орналасуына, жұмыс істеу барысында одан әрі өрлеуіне мүмкіндік береді және бүгінгі өскелең өмірде өз орнын табуға, өзінің басқаға, достарына, бір сөзбен айтқанда, қоғамға пайдалы болуға, тек өзі үшін ғана өмір сүрмеуге жетелейді.
Егер маман ағылшын тілін білу деңгейін көтеріп, мансаптық өсуге қол жеткізгісі келсе ол ағылшын тілін кәсіби бағдарда меңгеруі тиіс. Осы тұста «Кәсіби тіл дегеніміз не?» деген сауалға жауап беріп көрейік. Тіл – бұл қалыптасқан фонетикалық, лексикалық, граматикалық бірліктер жүйесі, оның мағыналық, мазмұндық, дыбыстық қатынасы және пайдалану ережелерінің жүйесі. Ал, кәсіби тіл – лексикалық сипаттамасы жағынан айқын ерекшеленетін, белгілі бір кәсіптің шеңберінде жиі пайдаланатын сөздер, терминдер, сөз тіркестері, клишелер жүйесі және пайдалану ережелерінің жинағы. Тілдің қызметін қарастырғанда тілдің конструктивті - өз ойыңды қалыптастыру; комуникативті – сөйлеу, баяндау; эмотивті – белгілі бір затқа, құбылысқа, жағдайға сөйлеушінің өз қатысын білдіру және біреуге әсер ету функциялары деп бөлеміз. Кәсіби тілдің қызметін осы тұрғыдан қарастыруды ұсынып отырмын.
Қандай да болмасын, оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады. Бұл ретте ағылшын тілінің үлесі зор екені рас. Мысалы, мәтінді оқыған кезде ашық жауап, дұрыс-бұрыс жауап, таңдау сұрақтары, тақырыптарды бір-бірімен байланыстыру, мәтіннен жіберілген қателерді табу, бос тасталған орындармен кестелерді толтыру, мәтіндегі сөздермен тіркестерінің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез-келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Ағылшын тілі сабағында В.Г. Ковалеканың «Ойын арқылы оқыту технологиясы» бойынша жүргізілген сабақтарды өз тәжірибемен енгізіп жүрмін. В.Г. Ковалеканың «Ойын арқылы оқыту технологиясын» күнделікті сабағымда пайдалана отырып, оқушылардың өз жеке ойын, өзге оқушының ойымен санасуына, пікір айтуына үйретем.
Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “Macmillan», “English File” электронды оқулықтарын, ғаламтордан кәсіптік ағылшын тіліне байланысты ‘Lingua Leo’ видео сайтын, видео сабақтарды, түрлі дисктерді, жиі қолданамын. Тағы бір айтатын болсам кәсіби ағылшын тілі сабағына «Электрмен қамтамасыз ету» және «Пісіру ісі» мамандықтары бойынша кішкене термин сөздер кітапшасын жасақтап қойдым. Оқушылар керек сөздерін сол кітаптан тауып алуға көмектеседі. Мен оны өзім шығарғаным жоқ, қоымша ғаламтордан іздену арқылы жасақтадым.
    Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.   
Мысалы: “Kazakhstan is my Motherland” – тақырыбына тоқталатын болсам:
Мақсатым: Қазақстан Республикасы туралы толық мағұлмат беру, ағылшын тілінде сөйлеуге, жазуға үйрету.
Оқушының қосымша деректерді тауып, пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыстану дағдысын дамыту.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз елін тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: сызбамен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырып бойынша суретті баяндау, сөйлеу, сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Қазақстан туралы видео көрсетілді. Тірек конспекті, сөздік жұмыс
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Тестімен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы түрлі жаттығу жүмыстары жүргізілді.
Сәйкестендіру жаттығу жұмыстары.
Жауабын тексеру арқылы бос орындарды сөздермен толтыру.
«Полиглот» Ойыны ойнатылды. Оқушыларға мамандық бойынша 3 тілде сөздер карточкалар арқылы берілді.
V. Үй тапсырмасын беру.
1. Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруге дайындалу. Қазақстан туралы реферат жазу.
2. Оқушының білімін бағалау.
Келесі сабақтарымда көптеген жаңа инновациялық технологияларды пайдаланамын. Мысалы: «Going shopping» тақырыбында өткен ашық сабағымда жаңа технологияның түрлі әдіс тәсілдерін қолдандым. Атап айтсам: топтастыру, жаңа сөздерді таныстыру арқылы 3 тілде мағынасын айту, мәтінмен жұмыс, тақырыбыма сай тиындар туралы түсінік бердім, диалогпен жұмыс, суретпен сөзді келістіріп жазу, оқушыларға диск тыңдату арқылы тапсырманы орындау және ойын ойнатылды, бұл ойында екі топқа бөліп оқушылар компьютерге оытрып мамандықтары бойынша түйіндеме жазып үйренді.
Сабағымда түрлі жағдаяттар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау ретінде дамуына көмектесу.
Осы сабақтарымнан күтілетін нәтижем – біріншіден оқушылардың пәнге жекелей жұмыс жасау қабілеттілігі, қызығушылығы артты, оқушыларды сөйлеуге, жазуға, өз бетімен жұмыс жасауға үйренді.
Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады.Сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда оқушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, болашақ маман ролін жоғары деңгейде орындауға тырысады. Атап айтқанда, Дәнекерлеуші мамандығы апталығында оқушылардың өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мамандығым мақтанышым» атты тәрбиелік шара өткіздім. Бұл сайыста топ оқушылары берілген тапсырмалардың тез шешімін табу, мамандықтарына байланысты сөйлемдер құрау, жұмысқа орналасу, ағылшын тілінде түйіндеме жазу сияқты тапсырмаларды орындап, мұның бәрінің соншалықты маңызды екендігін түсінді. Осы апталықтың қорытындысы бойынша оқушыларым түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.
Тіл мерекесіне байланысты тілдер апталығында үш тұғырлы тілді насихаттау мақсатында «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты ашық тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағаттың маөсаты: оқушыларға тіл туралы толық мағұлмат беру, тілдің құдыреттілігі жөнінде айту, тәл мәдениетін жеткізу және де үш тұғырлы тілді түсіндіру болатын. Бұл ашық тәрбие сағатымда колледжде оқитын түрлі ұлт өкілдері өлең тақпақтарын, әндерін билерін ортаға салып айтты. Мерке өте жақсы дәрежеде өтті. Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелері жайлы көптеген пікірлер айтылып жүр.Соларға сүйене отырып, мұның өзі болашақ мамандарды қаршаған дүниені, табиғатты, қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау,талдау,маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.   
    
Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.
Ағылшын тілі – халықаралық қатынас тілі, ағылшын тілін білу - әлемдегі болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды қабылдау және дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін береді. Ағылшын тілін білу - өмір жолыңыздағы жетістіктердің кепілі, қарым-қатынастың жаңа, бір саты жоғары кеңістігі, шетел халықтары мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерімен танысу, білімің мен ой-санаңды байыта алатын жоғары білікті мамандар ортасына кіру мүмкіндігі. Дүние жүзінің 60-тан астам мемлекетінде ағылшын тілінде сөйлеп, өмір сүріп, жұмыс істей аласыз. 377 миллион адамның ана тілімен танысып, милиардтқа жуық адаммен қарым-қатынас жасай алатын құралыңыз – ағылшын тілі.
      Қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдауда негізгі талаптардың бірі ағылшын тілін білу екені бәрімізге мәлім. Түйіндеме жасаған кезде міндетті түрде тілдерді білу деңгейін көрсетіп, «ағылшын тілі – жақсы, сөздікпен» деп көрсетіп қоямыз. Ағылшын тілін білгендер жұмыс берушінің көзінде сауатты, білікті маман болып көрінеді. Бұл ағылшын тілінің қазіргі қоғамымыздағы орнын көрсетеді. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда ағылшын тілін білу – өмірлік қажеттіліктердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады». Ол шындығында да солай.
Білім саласындағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жастарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы жаңа ақпараттық технологияны  меңгерген  мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Олай болса «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егеменді еліміздің болашақ мамандарды заманауи білім нәрімен сусындатып, кәсіби дағдысын қалыптастыратын білімді, білікті, құзыретті ұстаз болайық!