??растыру саба?ы ??растыру техналогиялы? картасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Жаяу жүргіншілерге, машиналарға арналған тар және кең жолдар»
Мақсаты/Цель:Балаларды жаяу жүргіншілерге арналған тар және кең жолдарды құрылыс материалдарынан құрастыру, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге үйрету, өзара қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: тар, кең, жуан, жіңішке
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Шаттық шеңбері. Балалардың белсенді сөйлеуіне және қимыл-қозғалыс жасауына тәрбиеші назар аударады. Үлгіні көрсете отырып тар және кең жолдар жасайтын құрылыс материалдарын таңдап алады. Балалар шеңбер жасап бір-біріне алақандарымен жылу береді, жақсы сөздер айтқан соң орындарына отырады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Орындарына отырған соң, тәрбиеші балалардың назарын өзінің алдындағы құрылыс материалдарына аударады. Олардың түстерін, көлемін, пішінін сұрайды. «Жаяу жүргіншілерге арналған жол тар болады, оны жасау үшін кірпіштерді бір-біріне тіркеп ұзынынан қоямыз, ал машина жүретін жолдар кең болғандықтан оны жасау үшін кірпіштерді көлденеңінен қатарластырып қоямыз»,- деп суреттегі үлгіні көрсете отырып өзі жасап көрсетеді. Құрылысты балалардың дұрыс жасауына бағыт беріп, басшылық жасайды. Олар жасап болған соң міне, мына ойыншық машинаны кең жолмен, қуыршақтарды тар жолмен жүргізіп көрсетеді. Екінші ретте бір баланы шақырып машинаны жүргізіп көрсетуді ұсынады. Ойын: «Тар және кең» жолдар. Балаларға ұсақ машина ойыншықтары таратылып беріледі. Жолдардың шеттеріне ағаштарды, текшелерден үйлерді тұрғызып құрылыс мазмұнын біртіндеп күрделендіре түседі, өздігінен дербес ойлануға, әрекет етуге бағыттайды. Текшелер, кірпіштер.
Қызыл, жасыл, көк. Балалар өздерінің алдыларындағы құрылыс материалдарынан «тар» жол құрастырады. Тар жолды көк түсті кірпіштерді бір біріне тіркестіріп қою арқылы жасаса, кең жолды кірпіштерді көлденең қою арқылы құрастырады.
Балалар машинаны кең жолдың үстімен, қуыршақтарды тар жолдың үстімен жүргізіп көреді.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші әр баланың құрастыру іс-әрекетіне көңіл бөліп, өздері қандай жол жасағанын айтып беруді өтінеді. Түсі, пішіні, көлемін және кеңістікте қалай орналастырғанына мән береді. Жақсы жасаған балалар құрылыстарын мадақтайды. «кең», «тар» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай жол жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажыраты алуды
біледі
2. Игеру/Иметь: «кең», «тар» ұғымдарын меңгереді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдылануды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Торсық»
Мақсаты/Цель:Ыдыстар туралы ұғымдарды бекіту, торсықпен таныстыру, қатты қағаздан қиылған торсықты төрт бөліктен құрастырып жасауға, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету, ұлттық ыдыс туралы қарапайым түсінік беру, ыдысты ұқыпты ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: дидактикалық ойынға арналған ыдыстардың суреттері
Қостілділік компонент/Словарная работа: торсық
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші балалармен сурет бойынша бірнеше ыдыстарды тақтаға қойып, «Орнында не жоқ?» дидактикалық ойынын ойнатады. Олардың ішінде балаларға таныс емес торсық бар. Тәрбиеші торсықтың суретін көрсетіп, оның не екенін балалардан сұрайды, оның қымыз құятын ыдыс екенін түсіндіреді. Балалар суреттер бойынша ыдыстардың аттарын атайды: шәйнек, кесе, тәрелке, қасық, тостаған, торсық, т.б. Балалар торсықты айта алмауы мүмкін.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Торсықтың суретін көрсетіп, өзін көрсетіп әңгімелейді, пішініне назар аударады, торсықтың ұзынша мойны, үлкен бөлігі-«бүйірі», «түбі» және қақпағы болады. «Енді осы торсықты қағаздан өзіміз құрастырып көрейік»,-деп балаларға қиылған торсықтардың суретін таратып береді. Тәрбиеші балаларға торсықтың пішінін дұрыс құрастыруына басшылық жасайды, бөліктері ауысып кетпеу керек, егер дұрыс құрамаса, бағыт беріп, түзетіп, көмектеседі. Қағазбен құрастыруда балалардың қол қимыл-қозғалысы және ойлау, кеңістікті бағадарлай білуіне баса назар аударылады. Әр бала өзінің алдындағы қиылған торсық суреттерін төрт бөліктен құрастырады.
Балалар өздері торсық құрастырған соң торсықпен қуыршақтарға қымыз құйып беріп, ойын ойнайды.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші барлық балалардың құрастырған торсықтарын қарап шығады, қалай орналастырғанына мән береді, ол не үшін қажет екенін сұрайды, балалар жұмыстары мадақталады. Өздері құрастырған торсықтарын көрсетіп, іс-әрекетті қайталап, қалай жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: торсықпен танысады, қағаздан қиылған пішіндерді құрастыруды
біледі
2. Игеру/Иметь: ұсақ бөлшектерден бүтін заттың бейнесін құрастыруды, көлем, пішінді ажырата алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: қағаздан жұмыс жасауды, оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар»
Мақсаты/Цель:Құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналстыруға және оның көлеміне, пішініне, түсіне қарай қоршаулар жасай алуға дағдыландыру, үй жануарлары туралы қарапайым түсініктер беру және оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: үй жануарларының ұсақ ойыншықтары
Қостілділік компонент/Словарная работа: лақ, бота, қозы, құлын, бұзау, қоршау
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші үй жануарларының ұсақ ойыншықтарымен «Төлін таны» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Қозы, лақ, құлыншақ, бота, бұзау туралы балалар ажыратып айтып берулерін сұрайды. Үнтаспадан олардың дыбыстарын тыңдайды. Осылайша ойын жалғасып, ойын соңында лақ пен ботаны екі шетіне шығарып қояды, енді біз лаққа бөлек, ботаға бөлек тұратын қоршаулар жасап берейік деп өтініш білдіреді. Балаларға тәрбиеші сиырды көрсеткенде балалар бұзауды оның қасына әкеліп қояды, түйені көрсеткенде ботаны, ешкіні көрсеткенде лақты, т.б.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Тәрбиеші үлгідегі суретті көрсетіп, қоршаулардың ерекшелігіне назар аударады. Қайсысы үлкен, қайсысы биік болатыны алдын ала ойланып алынады. Әр баланың алдына ұсақ ойыншықтар таратылады, лақ алған бала лаққа қоршау жасаса, ботаны алған балалар ботақанға қоршау жасайды. Лақтың қоршауын жасау үшін кірпіштер көлденеңінен пайдаланылады, ботаға қоршау жасау үшін кірпіштер тігінен пайдаланылады. Не себептен? Балаларға ойлануға мүмкіндік береді. Құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға бағыт береді, көмектеседі, басшылық жасайды. Балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырып ойын ойнауға бағыттайды. Балалар өздері таңдап алған төлдеріне қоршаулар жасайды, үлгіге қарай отырып, кірпіштерді дұрыс орналастыруға әрекет етеді. Лақтың қоршауы аласа, ботаның қоршауы биік екеніне көңіл бөледі. Қоршаудың есігін ашып-жабатын етіп, жасап көреді. «Оларға шөп немесе су бересіңдер ме?»-деп балаларға ой тастайды. Төлдер қалай дыбыстайтынын айтады.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Балалар жасаған қоршауларын тәрбиеші қарай отырып, олардың құрылыс материалдарын қалай пайдаланғанына мән береді, жақсы жасалған қоршаулар мадақталады. Өздерінің жасаған қоршаулары және төлдері туралы айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды,
үй жануарларының төлдері жайлы ұғымдарды біледі
2. Игеру/Иметь: «биік», «аласа» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты/Цель:Балаларды қағазбен жұмыс жасауға дағдыландыру, саусақ бұлшықеттерін дамыту, күз көрінісін бейнелей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: түрлі түсті жіңішке жолақ қағаздар және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: күзгі жапырақтар, алуан-алуан, сары, қызыл
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші күзгі жапырақтарды көрсетіп, түсіне, пішініне балалардың назарын аударады. Күзгі жапырақтар туралы өлең оқып береді, үлгіні көрсетіп талдау жасайды, түстерін атайды, алыстан көрініп тұрған ағаштарға назар аударады. «Енді осындай жапырақтар жасағыларың келеме?»-деп сауал тастайды. Балалар жапырақтардың түстерін айтады: сары, қызғылт, сары, қоңыр және жасыл.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Ол үшін мына үлгідегідей жапырақтарды жасауға арналған түрлі түсті қағаздарды әр балаға таратып береді, жіңішке сары, қызғылт сары, қоңыр түсті жолақ қағаздар, оны бас бармақ пен сұқ саусақтың ортасына салып, қолмен үзіп аламыз. Тәрбиеші әр баланың неғұрлым көбірек жапырақ қиюын қадағалайды. Балалардың алдындағы үлгідегідей ағаш суреттері беріледі қиған жапырақтарын ағашқа қойып, оны безендіреді. Күзде жапырақтар көп түсетіндіктен жерде де жапырақтар жатқанын бейнелеуге бақыт береді. «Жапырақтар жинау» ойыны. Балалар екі топқа бөлініп, екі жерге екі себет қойылады, белгі берілген кезде балалар кезекпен келіп жапырақтарды салады, қай себетте жапырақтар көп болса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл сабақты екі топқа бөліп ұжымдық жұмыс ретінде шағын топпен өткізуге де болады. Балалар жіңішке жолақ қағаздардан әр түстерін таңдап, жапырақтарды үзіп қияды, көп жапырақтар қиып алған соң оны ағаштарға орналастырады. Іс-әрекет барысында балалар күзгі жапырақтардың әдемілігіне, күз көрінісін дұрыс бейнелеуге талаптанады.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Балалардың жапырақтарды қалай үзіп, қиып алғанына және оны ағашқа орналастыруына қарай отырып тәрбиеші еңбек нәтижесін бағалайды. Күзгі жапырақтардың әдемі көрінісінатап өтіп, мадақтайды. Балалар өздерінің жасаған күзгі жапырақтары туралы айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: күзгі жапырақтардың түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды және
қағаз бетіне дұрыс орналастыруды біледі
2. Игеру/Иметь: қызыл, сары, түрлі түсті жапырақтар туралы ұғымдарды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: қағаздан жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйксе кеңістікте әдемі көрініс беру үшін дұрыс орналастыра алуды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Қақпа»
Мақсаты/Цель:Құрылыс материалдарын түсіне, пішініне сәйкес дұрыс пайдаланып биік және аласа қақпаларды құрастыра білуге үйрету, текшелерді бірінің үстіне бірін қоюға, кеңістікті дұрыс бағдарлай алуға дағдыландыру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: биік-аласа, үлкен-кіші
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші үлгі суретті көрсете отырып бүгінбиік және аласа қақпаларды құрастыратынын айтады. Ол үшін алдымен биік және аласа деген ұғымдарды ойын арқылы нақтылап алады. Ойын: «Биік-аласа». Ойын бірнеше рет қайталанады. Суретке балалар назар аударады, құрылыс материалдарының түстерін, пішінін айтып береді. Ойында тәрбиеші көрсеткен ұсақ ойыншықтарды салыстырмалы түрде қайсысы биік, қайсысы аласа екенін айтады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Енді алдымен биік қақпаны жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек болатынын таңдап алыңдар деп тапсырма береді. Төрт түсті текшені оң жаққа, төрт түсті текшені сол жаққа бірінің үстіне бірін қойып жинаңдар деп тапсырма беріледі. Оны қойып болған соң оларды бір-біріне қарай жылжытып жақындатып оның үстіне көлденең кірпішті қоямыз, сонда биік қақпа дайын болады. Екінші қақпаны жасау үшін дәл осылай тапсырма беріледі, бірақ текшелердің саны «аз», биік қақпа жасау үшін текшелердің саны «көп» болуы керек деп түсіндіріледі. Екінші қақпаны да текшелердің түсі және санына қарай орналастырып оны биік қақпаның қасына әкеліп қойып, салыстырып көреді, қайсысы биік, қайсысы аласа қақпа екенін ажыратып айтып береді. Балалар іс-әрекетіне бақылау мен басшылық жасалады. Балалар текшелердің түстеріне қарай отырып бірінің үстіне бірін қояды, бір-біріне жақындатады, үстіне көлденең кірпіш қояды. Балалар екінші аласа қақпаны да құрастырады оны салыстырып көреді. Іс-әрекетке балалар белсенді араласуы керек. Биік қақпаға жүк машинасын, аласа қақпаға жеңіл машиналарды кіргізіп, ойын ойнайды.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші балалардың қақпаларды қалай құрастырғанын, құрылыс материалдарын тиімді пайдалана алғандарын, түстерді дұрыс ажырата алғанын және оны кеңістікте дұрыс орналастырғанына қарай еңбек нәтижелері қорытындыланып, мадақталады. «Биік», «аласа» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай қақпа жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: қақпа құрастыруға сәйкес құрылыс материалдарының түсін,
көлемін,пішінін ажырата алуды біледі
2. Игеру/Иметь: «Биік», «аласа» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуді меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Құрақ көрпе»
Мақсаты/Цель:Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарапайым түсінік беру, қиылған қағаздарды түсіне, көлеміне қарай үйлестіре орналастыра алуға дағдыландыру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: құрақ көрпе, ұлттық бұйымдар
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші бірнеше құрақ көрпешелердің үлгісін көрсетіп балаларға оның пайдасы жайында әңгімелеп береді. Үлгіні талдау жасайды. Осындай құрақ көрпе жасау үшін біз бүгін қағазбен жұмыс жасаймыз деп оны қалай жасауға болатынын түсіндіреді. Балалар үлгіге қарап, олардың түр-түсіне, пішініне назар аударады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Тәрбиеші құрақ көрпе жасау үшін қызыл және сары түсті қиылған үшбұрышты қағаздарды әр балаға таратады. Оны пішініне және түстеріне сәйкестендіре бір-біріне үйлестіріп орналастырып, құрақ көрпе жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіреді. Балалардың жазықтықты дұрыс пайдалана білуіне назар аударады, балаларға жеке нұсқау беріп, көмек көрсетеді, іс-әрекет барысында бақылау жасайды. Балалар қиылған үшбұрыштарды бір-біріне жақындатып, үйлестіріп, сәнді өрнек құрап, көрпешенің құрағын жасайды. Үшбұрыштарды қалай дұрыс орналастыру қажет екеніне мән береді.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші қағаз қиындыларын балалардың қалай жазықтықта дұрыс орналастырғанына баса назар аударады, түс, көлем, пішін үйлесілімдігіне мән бере отырып балалар жұмыстарын қорытындылап, мадақтайды. Өздерінің қандай көрпеше жасағанын айтып береді, өз жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: қиылған үшбұрыш қағаздарды түс үйлесіміне қарай дұрыс
орналастыруды біледі
2. Игеру/Иметь: «құрақ», «көрпе» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: қағазбен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес жазықтықта дұрыс орналастыра білуге дағдылануды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Орындық пен кресло»
Мақсаты/Цель:Құрылыс материалдарынан орындық пен креслоны құрастыра білуге үйрету, оларды құрастыруда ойланып, айырмашылығына мән бере білу, үй жиһаздарына ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: үлкен-кіші орындық, кресло, көлденең, тік
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші үй жиһаздарының суретін көрсетіп әңгімелейді. Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, орындық пен креслоның айырмашылығына назар аударады. Оларды жасау үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын айтып, таңдауды ұсынады. Балалар оюлы кілемге назар аударады, құрылыс материалдарын түсіне, пішініне қарай таңдап алады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Ең алдымен үлкен орындықты жасап көрейік. Креслоны. Ол үшін қандай құрылыс материалдарын пайдаланамыз. Алдымен орындықтарды қоятын кілемді, төсенішті қойып алуды ұсынады, құрылыстарды оның үстіне орналастыруға бағыт беріледі. Оны кеңістікте қалай орналастыру керек. тәрбиеші бір кірпішті көлденең жатқызып қойып, оның артқы жағына бір кірпішті тігінен тұрғызып оған жақындатып қояды. Үлкен орындық дайын болды. Енді кіші орындықты жасау бұрынғы алған тәжірибелерін бекіту мақсатында өздері құрастыруына болады. ол үшін бір кірпіш, бір текше керек. текшенің артқы жағына кірпішті тігінен орналастырсақ орындық болады деп көрсетеді. Дайын болған кіші және үлкен оырндықтарға біреуіне қуыршақты, екіншісіне мысықты орналастырады (оған ұсақ суреттер беріледі). Балалар дайын болған құрылыстарын ойын іс-әрекетімен жалғастырады. Балалар үлкен кірпіштерді таңдап алады жасыл немесе бірыңғай көк түсті. Балалар іс-әрекетті өздігінен дербес орындайды. Балаларды кіші орындықты құрастыруға арналған бір текше, бір кірпішті түсіне, пішініне қарай таңдап алады, іс-әрекетті орындайды және ойнайды.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші балалардың барлық жұмыстарын қарап шығады. Үлкен және кіші орындықтарды құрастыруда құрылыс материалдарын кеңістікте қалай пайдаланғанын қарап, кейбіреулеріне дұрыс қоймаса қалай қою керек екенін ескертіп, өзіне түзеткізеді. Жақсы құрылыстар мадақталып, қорытынды жасайды. «үлкен», «кіші» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай орындықтар жасағандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін, оларды қалай
сәйкес орналастыруға болатынын, орындықтарды қалай құрастыру керек екенін біледі
2. Игеру/Иметь: «үлкен», «кіші», «көлденең», «тік» ұғымларын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте тігінен, көлденеңінен дұрыс орналастыра білуді меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Әдемі шырша»
Мақсаты/Цель:Жаңажылдық мерекеге дайындық ретінде қағаздан шыршаны қиып, бүктеп жасай білуге үйрету, қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: жасыл, қоңыр түсті қағаз, желім, қылқалам және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: шырша, жаңажылдық ойыншықтар
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші Жаңа жыл мерекесі жақындап қалғанын ескертіп, жасыл шырша жанында ән салып, би билейтіндерін, жаңа жылдың көркі, сәні жасыл шыршаны біз бүгін қағаздан қиып жасаймыз деп, шырша туралы тақпақ оқып береді. Үлгіні талдау жасайды. Балалар шыршаның суретін қарап көреді, шырша не үшін керек екенін түсінеді.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Тәрбиеші жасыл түсті қиылған шаршы қағаздардың бірнешеуін балаларға таратып береді, оны диагоналы бойынша үшбұрыштап бүктеуді көрсетеді, бірнеше үшбұрыш жасауды ұсынады. Қоңыр түсті қағазды алып, оны ортасынан бүктеп көөрсетеді ол ағаштың діңі болады. Енді осы үшбұрыштарды бір-біріне үшбұрыштың төбесіне желім жағу арқылы жапсырамыз. Тәрбиеші желімдеуге көмектеседі. Үшбұрышты бүктеуде дұрыс болуын, саусақтармен бүктеу сызығын бастырып, тегістеу керектігін көрсетеді. Балалар жұмыстарына бақылау мен басшылық жасалады. Жұмысты аяқтаған балалар оның айналасына ұсақ суреттер немесе ойыншықтар қойып, ойын ойнаумен жалғасады. Өздері білетін шырша туралы өлең, тақпақтарын айтып береді. Балалар жасыл түсті қағазды бүктеп үшбұрыш жасайды, бірнеше үшбұрыштарды бір-біріне желімдейді. Қоңыр түсті қағаздан оның діңін жасап, оны орналастырады. Шырша әдемі болу үшін оны безендіреді, алдын ала қиып дайындалған түрлі түсті дөңгелектерден шырша ойыншықтарын іледі.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші қағазбен жұмыс жасаудағы балалар іс-әрекетін қорытындылап, жақсы жасалғандарын атап өтіп, шыршалардың дұрыс жасалғандарын бағалайды, кейбір жұмыстарға жеке көмек көрсетіледі. Балалар өздері қандай шырша жасағандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін ажырата
алуды және оны бүктеу арқылы үшбұрыш жасауды біледі
2. Игеру/Иметь: қарама-қарсы бұрыштарын теңестіріп бүктеу ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: қағаздан ұқыпты жұмыс жасауға және оны кеңістікте дұрыс орналастыруды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Диван және төсек»
Мақсаты/Цель:Балаларды құрылыс материалдарын дұрыс жұмыс жасай білуге, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып диванды және төсекті құрастыра білуге үйрету.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары, үлгі суреттер
Қостілділік компонент/Словарная работа: диван, төсек, төсек жапқыш
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші балаларға құрылыс материалдарын көрсетіп, олардың көлемін, пішінін, түстерін сұрайды. Үлгіні көрсетіп, диван мен төсектің айырмашылықтары туралы әңгімелейді. Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді, түр-түстерін ажыратып айтады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Диванды құрастыру үшін екі қызыл текше, екі көк кірпіш керек, бір кірпішті артқы бөлігіне тігінен қою керек, екінші кірпішті жалпағынан орналастыру қажет екенін түсіндіреді. Екі текшені екі жанына қояды.
Төсекті жасау үшін үш көк кірпішті қатарластырып қойып алып оның екі шетіне сары түсті екі кірпішті тігінен орналастырады.
«Қуыршақты ұйықтатамыз» ойыны. Дайын болған диванға мысықты жатқызып, төсекке қуыршақты ұйықтатып «Әлди-әлди» әнін айтқызады. Балалар жұмыстарына бақылау мен басшылық жасалады. Балалар төсекті жасауға бөлек, диванды жасауға бөлек кірпіштерді таңдап алады. Тәрбиешінің көрсетіп түсіндіруі бойынша балалар төсекті және диванды құрастырады.
Қуыршақты ұйықтатып ойнайды.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші әрбір баланың жасаған диванын және төсегін қарап шығады, дұрыс орналасқанына мән беріп мадақтап, қорытындылайды. Балалар өздері жасаған дивандары мен төсектерін бір-біріне көрсетіп, онымен ойнайды.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: диванды, төсекті құрылыс материалдарынан құрастыруды және
түсін, көлемін, пішінін ажыратуды біледі
2. Игеру/Иметь: «кірпішті жанына тігінен қою», «екі жанына қою» деген ұғымдарды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Пішіндер»
Мақсаты/Цель: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, қиылған әртүрлі геометриялық пішіндерден өз ойларынан немесе үлгіге қарай отырып әртүрлі пішіндерді жасай білуге үйрету, жазықтықты бағдарлай білуін дамыту, бастаған іс-әрекетін соңына дейін аяқтауға дағдыландыру.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: әртүрлі қиылған геометриялық пішіндер және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: умаждау, ұшақ, сопақша, дөңгелек, т.б.
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші балаларға үлгі суретті талдау жасап, әртүрлі геометриялық пішіндерді көрсетіп оны сұрайды, түстеріне назар аударады. Осындай пішіндерден белгілі бір заттарды жасауға болатынын түсіндіріп тақтада бірнеше үлгілерді құрастырып көрсетеді. Балалар геометриялық пішіндердің аттарын атайды, түстерін ажыратады, қандай пішіндер жасауға болатынын ойланады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Тәрбиеші мұнараларды, шыршаны, балықты және машинаны құрастыруды балаларға тапсырады. Олар өздеріне берілген қиылған пішіндерден әртүрлі заттарды құрастырып көреді. Мұнда үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша дөңгелек пішіндер бар және олардың түстеріне қарай отырып құрастыру қажет екенін ескертеді. Балалардың құрастыру іс-әрекетіне басшылық жасап, көмек көрсетеді, балалардың ойлануына, басқа пішіндер ойлап табуына бағыт береді. Балалар өздерінің алдыларындағы геометриялық пішіндерді алып, оны қарап көреді, қандай заттарды жасауға болатынын ойланады. Әр бала өздігінен дербес әрекет етеді, еңбек нәтижесіне жетуге талаптанады.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші балалар жұмыстарына талдау жасап, жақсы жасалған пішіндерді ерекше атап өтеді. Ұсынылғаннан басқа олардың өздері ойлап тапқан пішіндерін мадақтайды. Олар өздері қағаздан құрастырған пішіндері туралы әңгімелеп айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: қиылған геометриялық пішіндерден белгілі бір заттың бейнесін
құрастыра алуды біледі
2. Игеру/Иметь: дөңгелек пен сопақша, дөңгелек ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: қағаздан жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра отырып заттарды құрастыра білуді меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Автобус»
Мақсаты/Цель:Құрылыс материалдарын тиімді пайдаланып автобусты құрастыра білуге және оның басқа көлік түрлерінен ерекшелігін байқай білуге үйрету, кеңістікті дұрыс бағадарлауға, еңбек нәтижесіне жете білуге дағдыландыру.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: автобус
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші ойыншық автобусты көрсетіп, автобустың басқа көліктерден айырмашылығына назар аудартады. Үлгіні талдау жасайды, автобус құрастыру үшін қандай құрылыс материалдары керек екенін таңдауға бағыт береді. Балалар құрылыс материалдарын үлгіге қарай отырып таңдап алады, оны құрастырудың жолдарын ойланады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Автобус құрастыру үшін екі брусок, екі ұзын кірпіш (немесе пластина), төрт текшелер қажет болады және олардың түстеріне назар аударады. Алдымен брусоктарды қойып алып оның үстіне ұзын кірпішті орналастырып алады, енді оның үстіне текшелерді алдымен екі шетіне қояды, содан кейін ортасына арасынан орын алдырып тағы екі текшені орналастырады да олардың үстін екінші ұзын кірпішпен жабады. Автобус дайын болған соң оның ішіне ұсақ ойыншықтарды отырғызып ойын ойнайды. Балалар тәрбиешінің көрсетіп, түсіндіруі бойынша автобусты құрастырады, құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға әрекет етеді. Кірпіштерді қалай орналастыруды, текшені қайда қоюды ойланып алады. Кірпіштерді көрсеткен бойынша қоюға және оның беріктігіне баса назар аударады. Әр бала өздері жасаған автобуспен ойын ойнайды.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші автобусты құрастырудағы балалар іс-әрекетіне бақылау жасап, дайын болған жұмыстарды мадақтап, оның жетістіктерін атап өтіп, кемшіліктерін өздері түзетуге бағыт береді. Қандай автобус жасағанын және оның басқа көлік түрлеріне айырмашылығын айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата отырып
автобус жасай алуды біледі
2. Игеру/Иметь: «үстінде», «астында», «ортасында» деген ұғымдарды меңгереді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес орналастыруды, басқа көлік түрлерінен ерекшелігін сезінуді меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Қар жауып тұр»
Мақсаты/Цель:Балалардың саусақ бұлшықеттерін жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қар кесектерін жасауға болатынын түсіндіру, табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсініктер беру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: үлгі суреттер, үлкен және кіші көлемді қағаздар
Қостілділік компонент/Словарная работа: жапалақтап қар жауды, қар мамықтай ұлпа
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Балаларға үлгі сурет бойынша көрсетіп, қар жауып тұрған сәтті бейнелейтіндіктерін түсіндіреді. Жауған қарға бақылау жасағандарын естеріне түсіреді. «Жапалақтап қар жауды» ойынын ойнайды. Балалар сурет бойынша әңгімелейді және ойын ойнайды.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Тәрбиеші үлгіні көрсетіп балаларға бүгін жауған қарды қағаздан қалай жасауға болатынын көрсетіп түсіндіреді. Жолақ жұмсақ қағаздарды үщіп алып балалар алақан арасына салып умаждайды, оны домалақтайды, жұмсартып, домалақ бейнеге келтіріп, қағаз бетіне әр жерге қар жауаған тәрізді етіп орналастырады. Қағаз бетіндегі көріністерді пайдалана отырып, мазмұн бере орналастыруға бағыт беріледі. Балалардың іс-әрекетіне көмек көрсетіліп, оны қағаз бетіне қалай орналастыруға болатынын қадағалайды. Балалар екі қағазды да кезекпен алып, алақан арасына салып, умаждап, домалақтауға әрекеттенеді. Қар ақ, жұмсақ, оны қағаздан жасағанда да, жұмсартып, домалақтап, бейнеге келтіреді.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Балалардың жасаған жұмыстарын қарап шығады, сапасына назар аударады, кейбір жұмыстарды қайталап жасатуға бағыт береді, мадақтайды. Өздерінің жасаған жұмыстары жайында айтып беруге талпынады.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
1. Білу керек/Знать: жапалақтап жауған қар туралы біледі
2. Игеру/Иметь: қағаздың көлемі «үлкен», «кіші» және оны умаждау әдістерін игерді
3. Істей білу/Уметь: қағаздан умаждап белгілі бір пішінге келтіріп, оны кеңістікке дұрыс орналастыра білуді меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Пойыз»
Мақсаты/Цель:Құрылыс материалдарын пайдаланып пойыз құрастыра білуге үйрету, оның басқа көлік түрлеріне айырмашылығын білу және оны кеңістікте дұрыс құрастыра алуға дағдыландыру, бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: пойыз, паровоз, вагондар
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Балалармен тәрбиеші «Пойыз» қимылды ойынын ойнаудан бастайды. Бір бала паровоз, қалғандары вагондары болады. Балалар санына қарай қандай көп вагондар болатынын айтады. Үлгі суретке талдау жасайды. Пойыз құрастыру үшін қандай құрылыс материладары қажет екенін қарастырады, пойыздың паровозы және вагондары болатыны ескеріп, оны құрастыру үшін көптеген құрылыс материалдарын пайдалану қажет екенін түсіндіру. Балалар пойыз ойынын ойнауда паровоз бен вагондар жайлы түсініктерін бекітеді. Пойыз жасау үшін құрылыс материалдарын таңдайды. Паровоз жасау үшін үш түрлі текше керек, вагондарға көп текше және кірпіштер қажет.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Пойызды құрастыру үшін алдымен оның паровозын құрастырып аламыз, ол үшін үш түрлі текшені алып, оның екеуін бір-біріне қатарластырып қойып, оның алдындағы текшенің үстіне екінші тағы бір текшені қойсақ, паровоз дайын болады. Енді вагондарды жасау үшін екі ұзын кірпіштерді бірінің артына бірін тіркестіріп қойып алып, оның үстіне текшелерді ретімен түсін таңдай отырып арасын алшақ етіп қойып аламыз, текшелер тізіліп болған соң, оның үстін тағы да екі ұзын кірпіштермен жабамыз. Ортасында ашық қалған жерлер ол вагондардың терезелері болады. Ол жерлерге ұсақ ойыншықтарды отырғызып, балалар пойызбен ойнайды. Балалар іс-әрекет барысында кірпіштерді қалай қою керектігін, текшелерді қалай орналастыру қажетттігін және олардың арақашықтығын сақтауға көңіл аударады. Құрылыс материалдарын тиімді пайдалану арқылы құрылыстың дұрыс болуына мән береді. Іс-әрекет барысында бір-біріне көмек көрсетеді, келіседі.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші пойызды құрастыру барысында балалардың оның құрылысын дұрыс бере білуге назар аударып, еңбек нәтижесін бағалауда оны басты назарда ұстанады, жақсы құрылыстарды ерекше атап өтеді. Балалар өздерінің жасаған құрылыстыраны сипаттама жасап, жетістіктерін айтады, пойыздың бөліктерін атап қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын айтады.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: пойыз құрастыру үшін қандай құрылыс материалдары қажет екенін,
олардың түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды біледі
2. Игеру/Иметь: текшелер мен кірпіштерді үйлестіре қоя білуді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Анама сыйлық»
Мақсаты/Цель: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, анаға сыйлық жасау үшін қағаздан умаждап гүлдер жасай білуге үйрету, ата-ананы сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: түрлі-түсті жұмсақ қағаздар, қатты қатырма қағаз және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: сабағы, жапырағы, сыйлық
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Балаларға үлгі көрнекілікті көрсетіп аналар мерекесі қарсаңында аналарына әдемі сыйлық жасап үйренетіндерін айтады. «Мынадай сыйлық жасауға кеісесіңдер ме?»-деп үлгіні көрсетіп, талдау жасайды. Қағаз түстеріне балалардың назарын аударады. Балалар үлгіні мұқият қарап, гүлдердің қалай жасалғанын қарап көреді, қағаз түстерін таңдап алады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Тәрбиеші әр балаға қос бүктелген қатты қағазды таратады, оған әдемі гүлдер жасау үшін мені мұқият тыңдаңдар деп түсіндіреді. Алдымен гүлдің сабақтарын және жапырақтарын жасыл түсті қағаздан қиып аламыз, оны ораймыз (немесе бұраймыз), сабақтары дайын болған соң, гүлдерін жасау үшін әр түсті қағазды алып, алақан арасына салып умаждап, оны жұмсартамыз, бірнеше рет ашып, қайта умаждаймыз. Көк, сары, қызыл түсті қағаздарды умаждау арқылы гүлдерді жасап, оны гүлдің сабағына орнатамыз. Балалардың қағазды қалай умаждағанын және ол гүлге ұқсағанын тәрбиеші қадағалайды, жеке көмек көрсетіледі. Алдымен жасыл түсті қағаздан гүлдің сабақтарын, жапырағын жасайды. Одан кейін көк, сары, қызыл қағаздарды кезекпен-кезек алақан арасына салып, умаждайды, оны гүлге ұқсатып сабақтарына орнатады. Өздері жасаған жұмыстарының әдемі болып шығуына, ұқыпты жұмыс жасауға талаптанады.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Балалардың жасаған сыйлықтары әдемі болып шығуы үшін тәрбиеші әр баланың жұмысына көңіл бөледі, дұрыс жасалуына көмек көрсетеді, еңбек нәтижелері талданып қорытынды жасайды. Дайындаған сыйлықтарын анасына, әжесіне немесе апаларына сыйға тартатынын айтады.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: қағаздан жұмыс жасау дағдылары қалыптастырылады олардың
түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды біледі
2. Игеру/Иметь: гүлдерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: қағаздан жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Үйлер»
Мақсаты/Цель: Құрылыс материалдарын пайдаланып бір немесе көп қабатты үйлерді және мұнараларды құрастыра білуге үйрету, олардың өзара қатынасы мен ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру дағдыларын қалыптастыру, өзара қарым-қатынас жасай білу мәдениетін тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: мұнаралар, көп қабатты үйлер
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Тәрбиеші үй және мұнаралардың үлгі суретін көрсетіп талдау жасайды. Үйдің бір және көп қабатты болатынын түсіндіреді. Үйді жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек және мұнараны жасау үшін қандай материалдар керек екенін балаларға ойлануға және таңдауға тапсырма беріледі. Балалар бір және көп қабатты үйлерді салыстырып көреді, ерекшеліктеріне назар аударады. Құрылыс материалдарының түсін, пішінін таңдайды.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Тәрбиеші алдымен үйді құрастыру жолдарын көрсетеді. Бір қабатты үйге төрт текше, екі үшбұрыш керек және оны қалай қою керектігін түсіндіреді. Ал көп қабатты үй жасау үшін бірнеше текшелер, бірнеше кірпіштер қажет болады. Ол үшін текшелерді түстеріне сәйкес орналастыру ұсыналады, екі қызыл текше, оның үстіне ұзын сары кірпіш қойылады, оның үстіне екі жасыл текше қойып, сары кірпішті орналастырып, оның үстіне көк түсті үшбұрыштарды қоямыз, сонда көп қабатты үй дайын болады. Мұнараларды жасау үшін текшелерді бірінің үстіне бірін қоямыз, бұл балалардың бұрын алған тәжірибелерін бекіту бағытында өздері құрастырады, текшелер неғұрлым көп болса, мұнара биік болатынын, аз болса аласа болатынын балалар сезінеді және оның үстіне үшбұрыштар қою арқылы төбесін жабады. Дайын болған құрылыстарды ұсақ ойыншықтармен, ағаштармен безендіріп, мазмұн беруге бағыт беріледі. Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша алдымен бір қабатты үйді, содан кейін көп қабатты үйді, соңынан мұнараларды құрастырып оларды ұсақ ойыншықтармен безендіреді. Текшелердің үстіне ұзынша кірпіштерді орналастыруға және үшбұрыштарды дұрыс орналастыруға әрекет етеді.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші балалардың құрылыстарын мұқият қарап шығып әр баланың жұмысына жеке талдау жасайды, жетістіктері мадақталады. Балалар дайын болған жұмыстарына талдау жасап ойнайды.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: құрылыс материалдарын пайдалана отырып үйлер және мұнаралар
құрастыра алуды біледі
2. Игеру/Иметь: үйдің көп қабатты, бір қабатты, «биік», «аласа» деген деген ұғымдарды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра алуды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Жайылымдағы қошақандар»
Мақсаты/Цель: Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қошақандарды қалай жасауға болатынын түсіндіру, малдың төлдеріне қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: үлгі суреттер, үлкен және кіші көлемді қағаздар
Қостілділік компонент/Словарная работа: жайылым, қошақандар
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Балаларға үлгі сурет көрсетіп, жайылымдағы қошақандармен таныстырады. Тәрбиеші қошақандар туралы тақпақ айтып береді. Үнтаспадан дыбысын тыңдатады. Балалар қошақанның дене бөліктерін атап, оның қандай дыбыс шығаратынын үнтаспадан естігендерін қайталайды.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно – поисковый Осындай әдемі қошақандарды қазір қағаздан жасап көреміз. Ол үшін балаларға үлгі суретті көрсетіп таныстырады, әр балаға жайылымдағы қошақандар суретін таратып береді. Енді жайылымдағы қошақандар бір-біріне қарама-қарсы, өзеннің екі жағында орналасқанын айтады, ортасында су ағып жатыр, ол үшін көк түсті қағаздан қиып суды жасаймыз, ақ түсті қағаздан үзіп алып қошақандардың бұйра жүндерін жасаймыз деп түсіндіреді. Ақ қағазды бөліп алып алақан арасына салып умаждап оны қошақандардың үстіне жапсырады. Осылайша екі қошақанды да жапсырып шығады. «Қошақандар ойнайды» ойынын ойнайды. Балалар екі қағазды да кезекпен алып, алақан арасына салып, умаждап, домалақтауға әрекеттенеді. Жасаған қағаздарын суреттегі қошақанның дене бөліктеріне дәл орналастырады. Тәрбиешінің тапсырмасы бойынша қошақандар қандай қимыл қозғалыс жасаса балалар оны қайталайды: секіреді, отырады, бастарын түйістіріп сүзіседі, т.б.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Балалардың жасаған жұмыстарын қарап шығады, сапасына назар аударады, кейбір жұмыстарды қайталап жасатуға бағыт береді, мадақтайды. Қошақандардың жайылымда жүрген көрінісі әсерлі, әдемі болуына бағыт береді. Өздерінің жасаған қошақандары туралы және олар қалай дыбыстайтынын айтады.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: қошақан қалай дыбыстайтынын жән оның дене бөліктері туралы
біледі
2. Игеру/Иметь: қағаздың көлемі «үлкен», «кіші» және оны умаждау әдістерін игерді
3. Істей білу/Уметь: қағаздан умаждап белгілі бір пішінге келтіріп оны кеңістікке дұрыс орналастыруды меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Трамвай»
Мақсаты/Цель:Құрылыс материалдарынан трамвай құрастыра білуге үйрету, көлік түрлерінің айырмашылығын түсіну, құрылыс материалдарын трамвайдың құрылымына сәйкес орналастыруға дағдыландыру, қоғамдық көлікте тәртіп сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: трамвай, темір жол
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Көлік түрлерінің суреттерін көрсете отырып «Бұл қандай көлік» ойынын ойнайды. Үлгіні талдау жасайды. Автобустан айырмашылығын атап айтады. Темір жолмен жүретін және төбесінде сымдары болатынын ескертеді. Трамвай құрастыруға арналған құрылыс материалдарын таңдауды ұсынады. Тәрбиеші көрсеткен суреттерге сәйкес балалар көлік түрлерін атайды. Балалар қажетті құрылыс материалдарын таңдап алады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно – поисковый Трамвай құрастыру үшін ең алдымен екі дөңгелектің орнына екі брусокты қойып алады, оның үстіне ұзын кірпішті қояды, кірпіштің үстіне арақашықтығын сақтай отырып текшелерді орналастырады, оның үстіне кірпішті қояды. Кірпіштің үстіне үшбұрышты қойып, трамвайдың сым темір орналасқан бөлігін жасайды. Арасындағы бос орындарға ұсақ ойыншықтарды қойып, іс-әрекет ойынмен жалғасады. Трамвайды құрылыс материалдарынан құрастырудың жолдарын көрсетеді. Ойын барысында тәрбиеші үлкен адамдар көлікке кіргенде орын беру керек екенін, тәртіп сақтай білу қажет екенін түсіндіреді. Балалар тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша іс-әрекетке кіріседі, трамвай құрастырады.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші балалардың жасаған трамвайын қарап шығып, дұрыс құрастырылғанын бағалайды, жақсы жұмыстарды мадақтайды. Дайын болған трамвайлармен ойын ойнайды, кімнің трамвайы ұнайтынын айтады.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: құрылыс материалдарын пайдаланып трамвай құрастыра алуды
біледі
2. Игеру/Иметь: трамвайдың басқа көлік түрлерінен ерекшелігін ажыратады және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуді меңгерді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности.
Кіші тобы/Младшая группа
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Бөлімі/Подобласть: «Құрастыру»
Тақырыбы/Тема: «Бақбақ»
Мақсаты/Цель:Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып бақбақ гүлін жасай білуге үйрету, гүлдерді аялауға, күтіп-баптауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар/ наглядный материал: түрлі түсті қағаздар және үлгі көрнекіліктер
Қостілділік компонент/Словарная работа: бақбақ, үлпілдек, жұмсақ, нәзік
Мерзімі/Дата:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Іс-әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности Тәрбиешінің іс- әрекеті
Действия воспитателя Балалардың әрекеті Действия детей
Мотивациалық ойды ояту
Мотивационно -побудительный Үлгі суретті көрсетіп, тәрбиеші талдау жасайды. Бақбақ гүлінің құрылысына тоқталады. Сабағы, жапырағы және гүлі. Бүгін осындай бақбақ гүлін жасайтындықтарын айтып, оны жасау үшін не істейтіндерін түсіндіреді. Балалар гүлдің құрылысын қайталап айтады және оларды қандай түсті қағаздармен жасауға болатынын ойланады.
Ұйымдастыру, іздестіру кезеңі
Организационно - поисковый Жасыл түсті қағаздан жолақ қағаздар дайындалып беріледі, қысқа жолақ қағаздарды жырту арқылы жапырақтар мен шөптерді жасаса, үлкен жолақ қағаздан оны есу немесе бұрау арқылы сабақтарын дайындайды. Ал бақбақ гүлін сары түсті қағаздан жолақшалар қиып алып, оны белгілі ретпен арнайы дайындалған фонға орналастырады. Балаларға тәрбиеші жолақтарды қиюда қиындықтар кездессе көмектеседі, жеке жұмыстар жүргізеді, басшылық жасайды. Балалар қағаздарды саусақтың арасына салып қию арқылы бақбақ гүлін сары түсті қағаздан, жапырағы мен сабағын жасыл түсті қағаздан жасайды. Үлгіге қарай отырып гүлді фонға орналастырады.
Рефлекциялық түзетушілік
Рефлексивно-корригирующий Тәрбиеші бақбақ гүлін жасауда балалардың қағаз түстерін дұрыс таңдауын және оны қалай қиғанын, қағаз бетіне қалай оналастырғанын ескеріп, еңбек нәтижелеріне талдау жасайды. Балалар бақбақ гүлінің өздері жасаған түрлерінің ішінде ең әдемісін таңдайды, қалай жасағанын айтып береді.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу керек/Знать: қағазбен жұмыс жасауға дағдылануды, олардың түсін таңдауды,
қолмен қиып, жыртып алуды біледі
2. Игеру/Иметь: бақбақтың сабағын, жапырағын және гүлдерін үйлесімді орналасуын іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді
3. Істей білу/Уметь: қағазбен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, оны көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуді меңгерді