Алжап?ыш сызбасы (5 сынып) ашы? саба? технология п?ні бойынша


Сабақтың тақырыбы: Алжапқыш сызбасын және үлгісі.
Сынып 5 «А»Сабақтың мақсаты. Киім түрлерімен таныстыру. Алжапқыштың сызбасын тұрғызу үшін дұрыс өлшем алуға, сантиметірлік таспаны дұрыс пайдалануға үйрету. Сабақтың көрнекілігі: алжапқыштардың эскиздері,үлгі, сантиметрлік таспа, инструкциялық карта, слайд
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдасыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Машина түрлерін ата 2.Ине түрлерін ата3.Машинада қалай отыру керек?4.Машина инесінің негізгі қызметі.
Сабақ барысы:І. Қызығушылығын ояту. ЖұмбақтарI топ: 1.Саусақтың басына киетін қалпақ (оймақ)2.Екі тышқан бірлесіпЕкеуі бірге жүреді Екеуі бірге жүрмесеЖоқ қой бізге керегі.(қайшы)
II топ: 1.Тұмсығы мықты Ой мен қырды тегістеп шықты.(үтік)2.Тап,тап,тап жорғаТабаны жоқ боз жорғаЖеліп кетсе жеткізбес Жерге түссе таптырмас (ине)
Жаңа сабақты түсіндіру:
Киім адамды ауа-райының қолайсыз жағдайлардан қорғайды.Киім денеге қонымды және қонымды болуы керек.Сонымен қатар адам өзін сенімді,әрі ыңғайлы сезінуі керек.КиімТұрмыстық ӨндірістікТұрмыстықКүнделікті үйде киетін салтанатты спорттық ұлттық ӨндірістікЖаңа сабақты түсіндіру Арнайы Санитарлық НысандыАлжапқышКөкірекшелі КөкірекшесізАлжапқыш сызба пішімін құру үшін өлшемді дұрыс алу керек.Ол үшін см таспа,қалам,қағаз,өшіргіш керек.
Алжапқыш тікпес бұрын оның сызбасын құрастырып, үлгі дайындайды. Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігін сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескру қажет: өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді, белін алдын-ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тік тұруы керек. Өлшемдерді сантиметрлік таспамен түсіреді. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға болмады. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады. Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады
Алжапқышты құрастыру үшін келесі өлшем бірліктерді түсіреді:
Құ- кеуденің ұзындығы. Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін түсіреді.
Тбұ-төменгі бөлшек ұзындығы. Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.
Жба-жартылай бел айналымы. Көлденең денені бел сызығынан айналдыра түсіреді. Өлшем белдіктің ұзындығын анықтау үшін қолданылады.
Ж бөк.а-жартылай бөксе айналымы.Бөксені көлденеңінен айналдыра түсіреді. Өлшем алжапқыштың төменгі бөлігінің енін анықтау үшін қолданыла
Өлшем алу ережелері 1.Өлшеді денбітімнің оң жағынан алады.2.Белді жіппен алдын-ала өлшеп алады.3.Өлшем алу кезінде денебітімді түзу және тік ұстау керек.4.Өлшеу барысында см таспаны созуға не бос ұстаға болайды.5.Ұзындық өлшемі түгел,ал ен өлшемі жартылай жазылады.
Дененің негізгі сызықтары
Алжапқыш бірнеше бөліктен турады:Кеуде,белдік,төменгі бөлік,қалта.
Сонымен қатар алжапқышты кеудешесіз де тігуге болады.
Сарамандық жұмыс 1.Өз өлшемдерін алу Әр топтан екі оқушы шығып, бір-бірлерінің өлшемдерін алады.
“Кім “Кім жылдам” тест!
1.Киім адамды неден қорғайды?А) кірден, ә) ауа-райының қолайсыз жағдайынан,б) әр түрлі жағдайлардан2.Киім неше түрге бөлінеді?А) 2, ә) 3 ,б) 43.Өлшемді денебітімнің қай жағынан алған дұрыс? А) сол, ә) оң , б) алды 4.Өлшемді немен алады?А) см таспа, ә) сызғыш, б) бор5.Алжапқыштың неше түрі бар?А) 2, ә) 3, б) 46.Алжапқыш не үшін қажет?А) сәндік үшін , ә) киім ластанбауы үшін, б) үй жинағанда киеді7.Ен өлшемі қалай жазылады?А) толық, ә) қысқаша, б) жартылай8.Өлшем алу кезінде қалай тұру керек?
Технологиялық картамен жұмыс
Бекіту: Киім пайдаланылуына қарай қандай топтарға бөлінеді?
Киімге қойылатын талаптарды ата?
Алжапқыш пен бас орамал қай топқа жатады?
Киімді сәндейтін адамды кім деп айтамыз?
Өлшемді адам денесінің қай жағынан алады?
Өлшем алу үшін қандай құрал-саймандар қолданамыз?
Ой қорыту: «Қарша борату» ойынын ойнатамыз. Оқушылар бүгін сабақтан үйренгенін және алдағы күнде не  күтеді ой пікірін жазып, қағазды умаждап сынып оқушыларымен бір бағытқа қарай лақтырамыз