Ашы? тарбие са?атыны? д?йектемесі Та?ырыбы:« ?стазым — ?ла?атым ,?лгі — ?негем!»
АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ
Ашық тарбие сағатының дәйектемесі
Тақырыбы:« Ұстазым - ұлағатым ,үлгі - өнегем!»
Дайындаған: Уразова Л.Ш
17 топ
Алматы 2013
«Бекітемін»
директордыңТІЖ
орынбасары
Жумагулова Г.А
__________
«-----»-----201--ж
Мақсаты:
Оқушылардың "білім", "еңбек" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және "сыйластық"ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеті:
1.Ұстаздың әрі маман,әрі оқушыға дос,жанашыр,ақылшы екендігі туралы түсінік беру.
2.Ұстазбен өзара сыйластық қарым- қатынасты дамыту.
3.Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу
АжарАрмысыздар,ардақты ұстаздар!Баршамыздың сауатымызды ашып,білім нәрімен сусындатып,өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар.Бүгінгі Мерекелерініз құтты болсын дей отырып кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Бөпе2.жүргізуші:иә Ажар, бізде бүгін үлкен мереке.Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі.Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.Ұстаз -ұлағатты есім .Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе,ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ән Қабділдә Талшынның орындауында « Достарым »
Ажар1жүргізуші:
Пейілі қазақтың кең даласындай
Төрт ару ортамызда бар осындай.
Оқу орын ұжымын басқаратын,
Көзінің ағы менен қарасындай.
Бөпе2жүргізуші
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарлып көріңіз ағыңыздан!, дей келе сөзді колледжміздің директоры Сәрсенғалиев Айтбек Ғайсанұлы,Назира Уалихановаға,
Гүлнәр Алиповна, Мая Именовна және Гүлхан Алимхановнаға береміз
Би Қара жорға 4 қыз
Ажар1жүргізуші:
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сенде өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың адында,
Ол өзіннің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Мырзамбет Жібек
Сөзі бойға ексе білім қуатын,
Көзі зерттеп жан-дуниеңді ұғатын.
Қайда жүрсем бірге ұстаз бейнесі,
Іс-қимылы аңсар арман мұратым.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардактамас бар ма жан.
Ол мектептен шықпаса да қысы-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Бала десе ойламайды өз камін,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,
Аялаймын олар басқан әр ізді.
Арманым не, алабына қадірлі,
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді.
Сансызбай Айгүл
Ұстаздар!Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар .
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Отарбай Ақбөпе
Ендеше Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән шашу әсем әуен ,түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ән трио Талшын Еңлік Айнур «Сәулем»
Жүргізушілер ауысады 1 Акмарал
2 Ильяс
Илъяс Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі болашақ сәнгерлер
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Ақмарал Ұстаздар,ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ұстаздар , тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
Илъяс
Қызыл – жасыл киінбесе қыздың сәні келеме?!
Мың бұралып билемесе бидің сәні келеме.
Мода кыздар шыгады, қыздар мұғалімдерге гүлдерді тарту етеді
Ақмарал
Осы өмірге мұғалім боп жаралған
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту еткен.
Илъяс
Қанша білсең, ізден тағы тағыда
Білікті адам,жетер тілек бағына,- дей келе мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді,осы сәтті пайдаланып ,біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
Ақмарал
Сен сонда ұстаздармен орын ауыстырып көрейк дегін келеме?
Илъяс.
Иә, Ақмарал тура солай ұстаздар оқушы болсын,біз мұғалім болып емтихан алайық.
Ақмарал
Ендеше емтиханымызды бастайық.Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі.Әр шардың ішінде сұрақтар бар.Шарды жарып,сұрақтарға жауап беруі керек.
Илъяс Домбырада жетеу,сырнайда алтау,қобызда бесеу.Бұл не?
Әріп
Ақмарал Бұл санда қанша әріп бар болса,сонша сан бар.Ол қандай сан?Жүз
ИлъясЖел соққанда тау ық болама?Ық болады
Ақмарал Теңізде қандай тас болмайды?Құрғақ
Илъяс Жердің дәл ортасында не бар? Е әріпі бар
Ақмарал Өзі судан щығады,бірақ судан қорқады.Бұл не?Тұз
Жүргізуші ауысады
Ән Талшын орындауында
«Куә бол»
Мөлдір
Ұстаздарым,биік тұлға байсалды
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышта жарқын тілек білдіріп.
Құттықтаймыз,ұстаздарым,баршаңды
Айгерім Өмір кейде қисық айна секілді
Санаңнан тыс билеп алад еркіңді.
Оқиғалар еніп кетіп бір түрлі.
Келтіреді сенің күлкіңді ,-дей отырып әзіл қоржынға кезек берейік.
Скеч
Мөлдір
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қызымыздың күштілігі сабасынан
Бишінің биші болып атануы,
Үйреткен, тәлім берген ұстазынан.- Қарсы алыңыздар шығыс биі орындайтын Қалияш және Еңлік
Айгерім
"Адамға ең бірінші білімнен бұрын тәрбие беру керек, тәрбиесіз берген білім адамзаттың жауы".Яғни бізге ұстаздарымыз білім ғана емес тәрбиеніде қатар үйретуде.
Мөлдір
"Ұстаз" деген ардақты,киелі,үлкен құрметпен айтылатын сөз,ол әр адамның жастайынан сауатын,өнеге үйретіп,тәрбие беретін"Білім"
атты кемеге отырғызып,болашаққа жол көрсететін ,анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
АЖАР"Оқушы","Ұстаз" меніңше ,осы егіз ұғымды бір - бірінен ажыратуға болмайды.Өйткені жарық дүниеге келген әрбір пенде осы екі нәрсені өмір бойы бойтұмардай қастерлеп қадір тұтады.
АҚБӨПЕ Ұстаз"деген- мәңгі өщпейтін,мәнгі жасайтын есім.ол қай жерде жүрсе де әрбір шәкірт болған адамның жүрек түкпірінде болуы тиіс деп ойлаймын.Біз оларды ұмытпай үнемі құрмет тұтуымыз керек.
АҚМАРАЛ " Иә...осы сөзді талай шәкірт жүрек түкпірінде,сақтап жүр деп ойлаймын.Сондықтан бүгін біздің ұстаздарымызға көрсетер құрметіміз,тілектеріміз ешқашан таусылмауы керек.
ИЛЪЯС дұрыс айтасың бүгінгі көрсеткен құрметіміз,шырқаған әніміз тек өздеріңізге арналды,ардақты да аяулы ұстаздарымыз!
Ән Ұстазым хормен