АШЫ? САБА? Д?ЙЕКТЕМЕСІ Та?ырыбы: «?ондырма же?ні? базистік торы мен негізгі сызбасын ??растыру есептері мен сызбасы»


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ
АШЫҚ САБАҚ ДӘЙЕКТЕМЕСІ
Тақырыбы: «Қондырма жеңнің базистік торы мен негізгі сызбасын құрастыру есептері мен сызбасы»

Мамандығы: 1211000 «Тігін өндірісі және киімді сәндеу»
Біліктілігі: 1211072 «Модельер-пішуші»
Арнайы пән оқытушысы: Уразова Л.Ш.
Алматы 2014ж
«Бекітемін»
директордың
ОӨЖ орынбасары
Садирова Н.В.
________________
Пән: «Киімді құрастыру» -11 бағам
Топ: № 37
Сабақ №85,86
3 тарау. Әйелдер киімдерін құрастыру
3.3. Тақырып. Жеңдердің негізгі құрастыру сызбасы
Сабақтың тақырыбы: «Қондырма жеңнің базистік торы мен негізгі сызбасын құрастыру есептері мен сызбасы »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қондырма жеңнің базистік торы мен негізгі сызбасының құрастыру есептері мен сызу реттілігін көрсету, бір тігісті қондырмалы жеңді құрастыруды уйрету.
Дамыту: оқушылардың өткен тақырыптан алған білімдерін толықтыру, ой өрістерін кеңейту, логикалық және кеңестікте ойлау қабілетін дамыту,кәсіби біліктілігін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың болашақ кәсібінің мазмұнына тән білік дағдыларын қалыптастыру, алдына қойған мақсатын жетуде табандылыққа, мұқиятттылыққа тәрбиелеу, өз жұмысына деган жауапкершілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс:
Модельдеу пәні. Тақырып: Әйелдер киімін модельдеу және көркемдік безеңдіру принциптері.
Технология пәні. Тақырып: Жеңді өңдеу және бұйыммен біріктіру.
Өңдірістік сабақ: Тақырып: Жеңді өңдеу. Жеңді қолтық ойындысына біріктіру.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Жең улгілері, плакаттар, интерактивтік подиум
Материалдық – технологиялық жабдықтар
Құрал - саймандар: Қарындаш, өшіргіш, масштабты сызғыш, лекало сызғышы,шеңбер сызар, 1 :4 м әйелдер жартылай қынамалы қөйлегінің негізгі сызбасы
Сабақтың жүру барысы:
I-Ұйымдастыру кезеңі /2-3/ мин
Оқушыларды тізім бойынша түгендеу
Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеру.
II- Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру /7- 15/ мин

Үй тапсырмасын тексеру. Берілген тапсырма: Бұйымдарда кездесетін әр түрлі пішімді жеңдермен эскиздер салып келу.
Өткен тақырып бойынша оқушылар білімдерін тексеру үшін, экрандағы көрсетілген сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау.
Берілетін сұрақтар:
1 Иықты бұйымдар дегеніміз не?
Ж: Иық иініне келіп тірелетін бұйымдарды иықты бұйымдар деп атаймыз
2 Базистік тор дегеніміз не?
Ж: Тік және көлденең сызықтардан тұратын жартылай цилиндр бетінің жазықтығы
3 Базистік тор дегеніміз не?
Ж:Қолтық ойындысының тереңдігі, бел сызығы, бөксе сызығы, етек сызығы, алдыңғы бойдың ортаңғы сызығы, артқы бойдың ортаңғы сызығы.
4 Пішіміне қарай бұйымдар қалай бөлінеді?
Ж: Құрастыруда пішіміне қарай бұйымдар төртке бөлінеді: Қондырмалы жеңді, реглан жеңді, тұтас жеңді, аралас жеңдер.
5 Қондырмалы жеңдер қаншаға бөлінеді?
Ж: Бір тігісті, екі тігісті, үш тігісті.
6 Қондырмалы жеңді құрастыруға қажетті өлшемдерді айт.
Ж: Вок, Дпр, Оп,Др, Шр.вн.
7 Қондырмалы жеңнің түрлері неге байланысты?
Ж: Модельге байланысты.
III- Жаңа сабақты түсіндіру /20-25/ мин
Мұғалім: Оқушылар бүгін біз сіздермен «Қондырмалы жеңнің базистік торы мен негізгі сызбасының құрастыру есептері мен сызбасы» тақырыбындағы жаңа сабақты өтеміз. Біз сіздермен қондырмалы жеңнің құрастыру есептерін шығарып,сызу реттілігін сақтай отырып, құрастыруды уйренеміз.
( Презентацияны слайд бойынша көрсету)
Қондырмалы жеңді құрастыру есептері
Негізгі сызбасын құру
О2 О5=(О2 О3-2,0 cм)/2 О2 О6=О2 О4/2.
О1О2=(Вок-Пвок)/2, РпР1=0,5 Шпр, РЛ2=РлР1
КесіндіБағытыЕсептеу мен формулаларыКесінді ұз (см)
Дпр- Қолтық ойындысының ұзындығы54,2
Ппос- Ппос =Дпр*Н = 54,2*0,07 3,8
Док - Док= Дпр+ Ппос=54,2+3,8 58,0
Шр- Шр=Оп+Поп=32,2+8,0 40,02
Вок- Вок= Док/1,51- 0,5*40,2 =38,4-20,1 18,3
Шрук.в - 0,5Шр= 0,5 *40.2 20,1
Базистік торды құрастыруКесіндіБағытыЕсептеу мен формулаларыКесінді ұз (см)
О1О2 Жазықтықпенжоғары қарайО1О2 = Вок18,3
О2О3= О2О4 Горизантал бойынша оңға және солғаО2О3= О2О4= Шрук.в готовом виде/2 =20,1/2 10,5
О3M ЖазықтықпентөменО3M= Др – 1,5...2,0 = 62,0 -1,5 60,5
О3Л ЖазықтықпентөменО3Л= О3M/2+5,0=60,5/2+5,0=30,3+5,0 35,3
M1M2 Вертикал бойынша төменM1M2 = 1,5…2,0 1,5
MM3 Линия бойыншы солға MM2 MM3 = Шрук.вн14,5
Л2Л3 Горизантал бойынша оңға Л2Л3 = 0,5…1,0 1,0
Қолтық ойындысының тұйық окат пішіндісінің құрылымыКесіндіБағытыЕсептеу мен формулаларыКесінді ұз (см)
О2О5 Горизантал бойынша оңға О2О5=( О2О3- 2,0)/2 =(10,05-2,0) /2 4,0
О2О6 Горизантал бойынша солғаО2О6 = О2О4/2 - 10,05/2 5,0
О1О7 Вертикал бойынша жоғарыО1О7 =(Вок - Пвок) /2 =(18,3 – 0,9) /2 8,7
РпР1 Горизантал бойынша солғаРпР1 =5,0Шпр = 5,0*15,4
Шпр –иық жактың маңызды сызығы 7,7
РлР2 Горизантал бойынша солғаРлР2 = РлР1 12,3
1 -2 Перпендикуляр бойынша жоғары және оңға О5Р4 қарай1 -2 = 0,2…0,4 0,4
3 - 4 Перпендикуляр бойынша төмен және солға Р3Р1 қарай3 – 4 = 1,5…2,0 1,8
Ішкі тгістің құрастыру құрылымы
КесіндіБағытыЕсептеу мен формулаларыКесінді ұз (см)
ЛЛ1 Горизантал бойынша солға ЛЛ1 = 0,7… 1,5 1,0
РпР5= РпР6 Горизантал бойынша солға және оңға РпР5= РпР6 = ішкі тігістің көлденеңнен= 2,5…3,0 2,5
Л1Л4= Л1Л5 Горизантал бойынша солға және оңға Л1Л4 = Л1Л4 = РпР5 2,5
MM4 =
MM5 Горизантал бойынша солға және оңға MM4 = MM5= РпР5
2,5
Шынтақтың құрастыру құрылымы
КесіндіБағытыЕсептеу мен формулаларыКесінді ұз (см)
РлР9= РлР10 Горизантал бойынша солға және оңға РлР9= РлР10 =шынтақтың ені бойынша жоғарғы тігіске қарай = 1,0…3,0 2,0
Л3Л6= Л3Л7 Горизантал бойынша солға және оңға Л3Л6= Л3Л7 = шынтақтың ені бойынша шынтаққа карай =0,5…1,0 1,0
M3M8 Жоғары қарайЛ3 M3 M3M8 = 8,0…9,0 8,0
M3M13 Сызық бойыншы солға MM3 M3M13 – Модел бойынша1,5



IV- Жаңа тақырыпты бекіту /8 мин/
Сұрақтар:
Қондырмалы жең түрлерін ата
Қондырмалы жеңді құрастыруға қажетті өлшемдерді айт?
Вок өлшемін қалай өлшейміз?
Дпр өлшемін қалай өлшейміз?
Қондырмалы жеңді құрастыру реттілігін айт
Конструктивті сызықтарын көрсет
Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың сызбасын бағалау.
Үйге тапсырма: 1 4 масштабта мм торкөз қағазға бір тігісті қондырмалы жең сызбасын сызу