Саба? жоспары жаратылыстану п?нінен та?ырыбы «?орша?ан ортаны? экологиясы, таби?атты ?ор?ау. ?аза?стан Республикасыны? таби?атты ?ор?ау за?ы» (5 сынып)


Сабақ: № 33
Сыныбы: 5 «А»
Күні: 17.05.2016 ж.

Тақырыбы: Қоршаған ортаның экологиясы, табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы
Мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту, дұрыс мазмұнын білу. Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу.
Дамытушылық: Өлке табиғатына деген ерекше ықыласын ояту, қызықтыру.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ластанудан қорғау, аялау, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктері: суреттер, тест, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру.
Сабағымды Жамбыл атамыздың өлең жолдарымен бастадым.
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын, - деп.
 
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамзат баласы, табиғат-ана, сусыз өмір сұ\үре алмайтыны анық. Толқынменбірге құстарымыз тербеледі, қазымыз қаңқылдайды, аққуымыз көл бетінде сыланады.
Мұқағали ағамыздың «Аққулар ұйықтағанда» өлеңінен кішкене шумағын оқып берейін.
Аққулар...
Аққу мойын сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап,
Айдынның еркелері білмей тұрмын,
Етермін, тағдырымды кімге аманат?!
Жаны сүлу ақ еркем ары сұлу!
Жасыл желегіміз, жәндігімізбен бірге көл, теңіз, мұхитымызды қалай жырлаған.
Қарап отырсақ, табиғатымызды аялап, қастерлеп, сол табиғаттың тілін білу бәріміздің парызымыз!
Табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек? Толық қорғай аламыз ба? Я болмаса оған әсер етуші күштердің ықпалын азайтамыз ба? О замандардың өзінде алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар аншылықпен айналысып, жануарлардың талай түрін жойып жіберді. Мамонттардың жойылуының басты себебі осы адамдардың іс-әрекетінен. Бірақ ол адамдар табиғатқа зиян алып келетіндігін, жануарлардың жойылып кететіндігін ойлаған да жоқ.
Осындай ой әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан сияқты. Адамзат неше мыңдаған жылдардан бері бір-біріне соғыс өртін жариялап, қоршаған ортаның ластануына, жануарлар мен өсімдік жамылғысының азаюына және адамдардың өліміне әсер етуде. Табиғатты қорғау мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтың заңдармен – іс-шаралардың табиғатты қорғауға, сақтауға және тиімді пайдалану мен қалпына келтіруге арналған кешенді жұмыс.
Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосуда. Осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.
Ұлттық тұрғыда қорғау дегеніміз – сол елдің заңдарына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Халықаралық тұрғыдан қорғауға алынған объектілер – барлық елдерге тән. Мысалға Дунай өзені 9 мемлекетті кесіп өтеді, Балтық пен Каспий теңіздерінің жағалауы бірнеше мемлекетке тиесілі. Бұндай объектілер Халықаралық келісімшарттар (Конвенция және т.б.) арқылы қорғалады.
Атмостфера да ғаламшарымызға ортақ объект. Оены қорғау барлық мемлекеттердің және адамдардың ортақ міндеті. Халықаралық бірлестіктің негізгі жұмыстарының бірі – озон қабатын қорғау. Үлкен жетістіктеріміздің бірі – ядролық қару-жарақты сынауға тыйым салынды. Жалпы адамзат жыл өткен сайын атмосфераны қорғауға көп көңіл бөлуде. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Алдағы күндері дәстүрлі пайдаланып жүрген отын түрлерінің орнына экологиялық таза сарқылмайтын отын – сутегін пайдаланатын боламыз. Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.
Жылу электр станцияларындағы, зауыттағы және фабрикадағы түтін шығатын мұржаларға арнайы сүзгі қондырғылар орнатсақ, күл-қоқыстарды өңдейтін зауыттар салып, ормен өрттерін болдырмайтын болсақ – қышқыл жаңбырлардан құтылуға әбден болар еді.
Адам өзен суларын, ауаны әр түрлі қоспалардан сақтаудың көптеген жолдарын ойлап тапты. Солардың бірі – тірі организмдерді пайдалану. Лас суларды ағызатын арнайы арықтарда микроорганизмді өсіруге болады. Микроорганизмдер судың құрамындағы көптеген зиянды заттарды тұтып қалады, оларды ерімейтін минералдарға айналдырады.
Өсімдіктерді және жануарларды қорғау және тиімді пайладану керек. Әсіресе олардың өніп-өсетін аудандарын қорғау мақсатында қорықтар, Ұлтттық парктер, қорықшалар санын молайту. Сонымен бірге табиғаттың ерекше объектілері де мемлекеттік қорғауға алынған. Табиғатты  тиімді және ұқыпты пайдалану адамзаттың болашағы. Табиғатты қорғау заңдары Дүние жүзінің барлық елдерінде бар. Бірақ табиғатта мемлекеттік шекара жоқ, сондықтан да Дүниежүзінің экологиялық заңға барлық елдер бірауыздан бағынады.
Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы. Дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді. Олардың арасында мықты саяси партиялар да бар (мысалға Германияға) және кішігірім тышқандар мен тарақандарды қорғау, секвойя ормандарын қорғау, құрбақа мен көлбақаны қорғау сияқты әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдар бар.
 
Қорытынды.
1.     Табиғатты қорғау дегеніміз не?
2.     Табиғатты қорғау не үшін қажет?
3.     Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде?
 
Үйге тапсырма.
ҚР Заңын шолып оқу. Эссе жазу.
Экология – жер тағдыры
Жарияланды 15-12-2015, 17:22 Категориясы: Биология 
«Экология – жер тағдыры» интеллектуалды ойын.1 - топ «Ғажайып»2 - топ«Атамекен»Сайыс кезеңдері:І. Сұрақ менен, жауап сізденІІ. Атадан қалған асыл сөз.ІІІ. Тапқыр болсаң шешіп көр.....IV. Сиқырлы сандар.V. Сергіту сәті. Күй жұмбақ.VI. Дебат үлгісімен.....VII. Суреттер сөйлейді....І. Сұрақ менен, жауап сізден.Әр топ 12 сұрақтан беріледі.«Ғажайып» тобының сұрақтары1. «Экология» сөзінің қазақша мағынасы қандай?2. Қазақстанда қанша қорық бар?3. Мұнай өнімдерімен ластанған мұхит.4. Семей полигонындағы алғашқы жарылыс қай жылы жасалды?5. Тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта элементтері.6. Фотосинтез процесінің нәтижесінде нелер түзіледі?7. Халықаралық қызыл кітаптың І бөлімі қай жылы шықты?8. Жер шарында атом қаруы қанша рет сыналды?9. Жылу эффектісін туғызатын фактор қалай аталады?10. Арал теңізінің экологиялық проблемалары басталған жыл.11. «Невада - Семей» халықаралық қозғалысының көшбасшысы.12. Арал теңізінде орналасқан қорық.«Атамекен» тобының сұрақтары1. Экология ғылымы нені зерттейді?2. Оңтүстік Қазақстанда орналасқан қорықтарды атаңдар.3. Қазақстанда мұнаймен ластанған су алабы.4. Семей ядролық полигонының жабылуы туралы жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті қашан қол қойды?5. Ғаламдық климаттың жылынуынан туындайтын проблемалар.6. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қай жылы қабылданды?7. Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды қысқарту туралы Киото протоколы қабылданған жыл.8. Су экожүйесіндегі автотрофты организмдер.9. Арал теңізіне құятын өзендер.10. Балқаш көлінде ластанудың басым түрі.11. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде құрылған халықаралық ұйым.12. Қазақстандағы ұлттық саябақтар саны.ІІ. Атадан қалған асыл сөз.1. Жауынмен жер көгерер........................ (батамен ел көгерер)2. Жел дауылды шақырады................................... (бұлт жауынды шақырады)3. Тау мен тасты су бұзар...................................... (ел арасын қу бұзар)4. Таулы жер бұлақсыз болмас,.................................. (сулы жер құрақсыз болмас)5. Қаз келсе жаз келер............................... (қарға келсе қатқақ келер)6. Ағын суда.................... (арамдық жоқ)7. Құсы жоқ болса көл жетім....................................... (елі жоқ болса жер жетім)8. Жердің сәні егін........................ (ердің сәні білім)9. Шөбі жоқ деп жерден түңілме................................... (малы жоқ деп ерден түңілме)10. Сусыз жерде қамыс жоқ...............................(азған елде намыс жоқ)ІІІ. Тапқыр болсаң шешіп көр.«Елді мекендер мен бөлмелерді көгалдандыру» тақырыбындағы биологиялық есептерді математикалық жолмен шешу.І топ.1 - есеп. Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қанша ағаш отырғызылуы керек және ол ағаштар қандай ауданға егілмек?Жауабы: 150000: 3=50000 ағаш50000×12=600000м2=60га2 - есеп. Жүз пәтерлік үйде орта есеппен 400 адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Осы үйдегі барлық тұрғындарды қамтамасыз ету үшін қанша ағаш егілуі қажет.Жауабы: 400: 3=133, 3 немесе 133 ағашІІ топ1 - есеп. Әрбір ұяның ауданы (35×20) см2 болған кезде, 1 га жерге қанша өсімдік отырғызуға болады.Жауабы: 35×20=700см2=0, 07 м210000: 0, 07=142857 түп ағаш2 - есеп. Көп пәтерлік үйде 201 адам тұрады. 3 адам 1 ағаштан отырғызғандаүй жанында қанша ағаш өседі?Жауабы: 201: 3=67 ағашІV. Сиқырлы сандар.10 10 1020 20 2030 30 30Әр ұяшықтағы ұпайлар санына байланысты деңгейлік сұрақтар қойылады.20 - Автотрофты ағзаларға нелер жатады?20 – Қазақстанда экологиялық жағдайға байланысты жабылған қорық.20 – Қазақстанның өсімдіктерге арналған Қызыл кітабы қашан жарық көрді?30 – Ей табиғат шеберсің - ау, шеберсің,Көрмегенді көрсетерсің, бересің.Ұлан - ғайыр байлығыңды місе етпей,Ашкөзденген адамдарға не дерсің? Авторын табыңыз.30 – Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп.Ауылдың маңы терең сай,Тасыған өзен гүрілдеп. Авторын табыңыз.30 – Уа, туған жер топырағыңнан жаралдым,Алабыңнан арманыма нәр алдым.Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,Алтын арай, таңғы жұпар самалдың! Авторын табыңыз.40 – Нарын құмында орналасқан ядролық сынақ алаңы.40 - Балқаш көлінің экологиялық проблемасы.40 – Қазақстанда ауасы ең лас үштікке кіретін қалалар.V. Сергіту сәті. Күй жұмбақ. Күйдің тақырыбы мен авторын табу керек.1. Аққу – Нұрғиса Тілендиев2. Сарыарқа - Құрманғазы СағырбайұлыVІ. Дебат үлгісімен....І топ Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасы.ІІ топ Байқоңыр ғарыш айлағының зияны.VІІ. Суреттер сөйлейді....А) Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары.Ә) Қазақстанның табиғаты көркем аймақтары.  
«Табиғатты қалай қорғау керек?
5 «а» сынып 
 
 
Өткізген: Ж.Е.Есенгельдина 
 
 
 
Ұзынкөл орта мектебі2013 жылСабақтың тақырыбы: Табиғатты қалай қорғау керек?
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту, дұрыс мазмұнын білу. Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу.
Дамытушылық: өлке табиғатына деген ерекше ықыласын ояту, қызықтыру.
Тәрбиелік: Табиғатқадеген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ластанудан қорғау, аялау, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекіліктері: суреттер, тест, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру.
Сабағымды Жамбыл атамыздың өлең жолдарымен бастадым.
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын, - деп.
 
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
   Адамзат баласы, табиғат-ана, сусыз өмір сұ\үре алмайтыны анық. Толқынменбірге құстарымыз тербеледі, қазымыз қаңқылдайды, аққуымыз көл бетінде сыланады.
   Мұқағали ағамыздың «Аққулар ұйықтағанда» өлеңінен кішкене шумағын оқып берейін.
Аққулар...
Аққу мойын сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап,
Айдынның еркелері білмей тұрмын,
Етермін, тағдырымды кімге аманат?!
Жаны сүлу ақ еркем ары сұлу!
   Жасыл желегіміз, жәндігімізбен бірге көл, теңіз, мұхитымызды қалай жырлаған.
   Қарап отырсақ, табиғатымызды аялап, қастерлеп, сол табиғаттың тілін білу бәріміздің парызымыз!
   Табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек? Толық қорғай аламыз ба? Я болмаса оған әсер етуші күштердің ықпалын азайтамыз ба? О замандардың өзінде алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар аншылықпен айналысып, жануарлардың талай түрін жойып жіберді. Мамонттардың жойылуының басты себебі осы адамдардың іс-әрекетінен. Бірақ ол адамдар табиғатқа зиян алып келетіндігін, жануарлардың жойылып кететіндігін ойлаған да жоқ.
   Осындай ой әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан сияқты. Адамзат неше мыңдаған жылдардан бері бір-біріне соғыс өртін жариялап, қоршаған ортаның ластануына, жануарлар мен өсімдік жамылғысының азаюына және адамдардың өліміне әсер етуде. Табиғатты қорғау мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтың заңдармен – іс-шаралардың табиғатты қорғауға, сақтауға және тиімді пайдалану мен қалпына келтіруге арналған кешенді жұмыс.
   Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосуда. Осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.
   Ұлттық тұрғыда қорғау дегеніміз – сол елдің заңдарына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Халықаралық тұрғыдан қорғауға алынған объектілер – барлық елдерге тән. Мысалға Дунай өзені 9 мемлекетті кесіп өтеді, Балтық пен Каспий теңіздерінің жағалауы бірнеше мемлекетке тиесілі. Бұндай объектілер Халықаралық келісімшарттар (Конвенция және т.б.) арқылы қорғалады.
   Атмостфера да ғаламшарымызға ортақ объект. Оены қорғау барлық мемлекеттердің және адамдардың ортақ міндеті. Халықаралық бірлестіктің негізгі жұмыстарының бірі – озон қабатын қорғау. Үлкен жетістіктеріміздің бірі – ядролық қару-жарақты сынауға тыйым салынды. Жалпы адамзат жыл өткен сайын атмосфераны қорғауға көп көңіл бөлуде. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Алдағы күндері дәстүрлі пайдаланып жүрген отын түрлерінің орнына экологиялық таза сарқылмайтын отын – сутегін пайдаланатын боламыз. Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.
   Жылу электр станцияларындағы, зауыттағы және фабрикадағы түтін шығатын мұржаларға арнайы сүзгі қондырғылар орнатсақ, күл-қоқыстарды өңдейтін зауыттар салып, ормен өрттерін болдырмайтын болсақ – қышқыл жаңбырлардан құтылуға әбден болар еді.
   Адам өзен суларын, ауаны әр түрлі қоспалардан сақтаудың көптеген жолдарын ойлап тапты. Солардың бірі – тірі организмдерді пайдалану. Лас суларды ағызатын арнайы арықтарда микроорганизмді өсіруге болады. Микроорганизмдер судың құрамындағы көптеген зиянды заттарды тұтып қалады, оларды ерімейтін минералдарға айналдырады.
   Өсімдіктерді және жануарларды қорғау және тиімді пайладану керек. Әсіресе олардың өніп-өсетін аудандарын қорғау мақсатында қорықтар, Ұлтттық парктер, қорықшалар санын молайту. Сонымен бірге табиғаттың ерекше объектілері де мемлекеттік қорғауға алынған. Табиғатты  тиімді және ұқыпты пайдалану адамзаттың болашағы. Табиғатты қорғау заңдары Дүние жүзінің барлық елдерінде бар. Бірақ табиғатта мемлекеттік шекара жоқ, сондықтан да Дүниежүзінің экологиялық заңға барлық елдер бірауыздан бағынады.
   Қоршаған ортаны қорғау үшін дүние жүзінде көптеген табиғатты қорғау ұйымдары бар. Олардың жалпы атауы «ГРИНПИС» (GREEN PEACE) – жасылдар әлемі немесе жасылдар қозғалысы. Дүние жүзінің барлық елдерінде жұмыс істейді. Олардың арасында мықты саяси партиялар да бар (мысалға Германияға) және кішігірім тышқандар мен тарақандарды қорғау, секвойя ормандарын қорғау, құрбақа мен көлбақаны қорғау сияқты әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдар бар.
 
Қорытынды.
1.     Табиғатты қорғау дегеніміз не?
2.     Табиғатты қорғау не үшін қажет?
3.     Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде?
 
Үйге тапсырма.
§58. Табиғатты қалай қорғау керек? Эссе жазу.
 
Бағалау.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ-Қорықтар,ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері. Қазақстанның Қызыл кітабы-Бақылау жұмысы.-Қоршаған ортаның экологиясы, табиғатты қорғау. Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау туралы Заңы.Күні: 06.05.14жСыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Қорықтар,ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері. Қазақстанның Қызыл кітабы.Сабақтың мақсаты: • Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері туралы түсіну; • Табиғат ескерткіштерінің маңызын білу;• Қызыл кітаптың ерекшелігін, қызметін анықтап меңгеру; Күтілетін нәтиже: Оқушы сабақ соңында: • Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері туралы түсінеді;• Табиғат ескерткіштерінің маңызын түсіне алады;• Қызыл кітаптың ерекшелігін, қызметін анықтап меңгереді;Бағалау критерийлері:А- Қорық, ескерткіш, саябақ түрлерін білуВ- Табиғат ескерткіштерінің түрлеріне мысалдар келтіре алуС- Қызыл кітаптың маңыздылығын талдау Пайдаланылатын модульдер: • Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер;• Сын тұрғысынан ойлауға үйрету;• Диалогтік оқыту• Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (форматив және сумматив);Әдіс-тәсілдер:• «Мозайка» әдісі• «Миға шабуыл» стратегиясы• «Көзбен көретін айғақтар»• «Инсерт » кестесі• Сабақтың барысы: Кезең/уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау және қорытындылау Пайдал-тын ресурстарҰйымдастыру кезеңі(5мин)Сәлемдесу. Жағымды орта қалыптастыру. «Күніміз шуақты, жүзіміз нұрлы болсын!» деп балаларға үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктей отырып, сабағымызды бастаймыз.Мозайка құрастыру әдісі арқылы оқушыларды екі топқа бөлу. Мақсатпен, критерийлермен таныстырып,өзін-өзі бағалау парақшаларын тарқатып беру. Сәлемдесу.Жағымды орта қалыптастырып, «Күніміз шуақты, жүзіміз нұрлы болсын!» деген сезіммен, сенім артқан жауапкершілікті сезіне отырып, сабаққа назар аударады.Мозайка құрастыру әдісі арқылы екі топқа бөлінеді: «Жануарлар», «Өсімдіктер».Қима қағаздар, интербелсенді тақта, стикер, маркер, бағалау парағыҮй тапсырмасын сұрау«Миға шабуыл»(7 мин) 1.Табиғатты қорғау дегеніміз не?2. Ұлттық тұрғыдан қорғау дегеніміз не?3. Халықаралық тұрғыдан қорғау дегеніміз не? Топ мүшелері үй тапсырмасын пысықтап, сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне ұпай жинайды. «Инсерт» кестесі бойынша бірін-бірі бағалау. интербелсенді тақта, плакат, стикер,Білу және түсіну:«Ой қозғау»(5мин) Оқушыларға бүгінгі жаңа сабақ жөнінде ой салу:Интербелсенді тақтадағы көрсетілім;«Табиғат ғажайыптары» бейне ролигі арқылы жаңа сабақпен байланыстыра әңгіме құрастыру.Топ мүшелері интербелсенді тақтадағы көрсетілім арқылы бүгінгі өтілетін жаңа сабаққа назар аударады, мәнін ашады. «Инсерт» кестесі бойынша және смайликтер, бірін-бірі бағалау. Бейнероликинтербелсенді тақта, Қолдану(10мин) Сын тұрғысынан ойлау арқылы:Топтар өз ойларын постерге түсіру.1-топ. Қорықтардың түрлері. Қызыл кітап.2-топ. Саябақтар түрлері. Қызыл кітап. Топтар өз ойларын постерге түсіреді.Сын тұрғысынан ойлауға арналған түрткі болу сұрақтарына жауап береді. Бағалау парақшаларымен «Инсерт» кестесі бойынша бірін-бірі бағалау. Оқулық. А3 парағы, стикер, түрлі-түсті қағаздар.Талдау:Ойлышәкірттер(5мин) Көрсетілімдегі суретке қарап қорықтардағы аң-құс, өсімдіктерді тауып, кескін картаға белгілеу. Көрсетілімдегі суретке қарап қорықтардың ерекшелігін тауып, кескін картаға белгілейді. Белгіленген критерийлер бойынша топ мүшелері бал жинайды КөрсетілімСергіту сәті (3мин) Шаттық шеңберін құруды ұсыну. «Жақсы сөз жарым ырыс» қағидасы бойынша шеңберде бір – біріне жақсы тілектерін айту Оқушылар шаттық шеңбері арқылы бір – біріне жақсы тілектер тілейді. Бұл оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, сергітеді. Бір – біріне деген лебіздерін білдіреді. «Жүрекше» стикерлеріЖинақтау.Кері байланыс(5мин) Инсерт кестесі бойынша кері байланыс жүргізуНе білдім? Не білетін едім? Не білгім келеді?Оқушылар Инсерт кестесіне бүгінгі сабақтан ойларына түйгендерін тізбектеп, жүйелеп жазады. Бағалау парақшаларымен «Инсерт» кестесі бойынша бірін-бірі бағалау. Инсерт кестесіБағалау(3мин) Ұсынылған бағалау парақшаларын толтыру, жиынтық бағалау Бағалау парақшалары арқылы бірін-бірі бағалайды Бағалау парақшаларымен «Инсерт» кестесі бойынша бірін-бірі бағалау. Бағалау парақшаларыСтикер, маркер.Үйге берілетін тапсырма (2мин)Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне таныстырылым дайындау.--------------------------------------------------------------------------------------------Күні: 13.05.14жСыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.Сабақтың мақсаты: • Жаратылстану пәні туралы түсіну;• Пәннің негізгі өзектілігін, оқытылу мақсатын меңгерту;• Алған білімдерді өмірде қолдана алуға үйрету.Күтілетін нәтиже: Оқушы сабақ соңында: • Жаратылстану пәні туралы түсінеді;• Пәннің негізгі өзектілігін, оқытылу мақсатын меңгереді;• Алған білімдерді өмірде қолдана алуға үйренеді.Бағалау критерийлері:А- Пән туралы түсіну,В- Өзектілігін анықтау, тақырыптарға мысал келтіре алуС- Тест тапсырмаларын дұрыс талдау Пайдаланатын модульдер: • Диалогтік оқыту туралы;• Сын тұрғысынан ойлау;• Қалай оқу керектігін үйрету;• Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау;Әдіс-тәсілдер:• «Доп лақтыру»• «Көзбен көрінетін айғақтар»• «Екі жұлдыз, бір тілек»