П?нні? аты: д?ниетану Саба?ты? атауы Адамды адам еткен – е?бек Ма?саты К?тілетін н?тиже «Адамды адам еткен е?бек»деген ??ымны? ма?ынасын ашу. Саба? міндеттері: 1. О?ушылар?а жануарларды? тіршілігі ба?ылауды ?йрету. «Адам — таби?атты? бір б?лігі»деге


Пәннің аты: дүниетану Сабақтың атауы Адамды адам еткен – еңбек
Мақсаты
Күтілетін нәтиже «Адамды адам еткен еңбек»деген ұғымның мағынасын ашу.Сабақ міндеттері:1. Оқушыларға жануарлардың тіршілігі бақылауды үйрету. «Адам - табиғаттың бір бөлігі»деген тұжырымды дәлелдеу.2. Адамның іс – әрекетін жануарлардан ажырата білу дағдысын дамыту, есте сақтау, шыдамдылық, жіті бақылау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: «Жануарлар әлемі» бейнетаспасы, суреттер, «Тарихи деректеме» кестесі»
Психологиялық ахуал Гүл өсірсең, терлеп,Мұның аты ― еңбек.Кесте тіксең зерлеп,Мұның аты ― еңбек. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану Мұғалемнің түсіндірмесі:1. «Адамды адам еткен еңбек» мәтінін оқытып, негізгі мағынасын белгілету.2. Мәтін бойынша қазіргі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізу. Тірек сызба құрастырылады.Қазіргі заман адамы --------------------------- ЖануарларҮй, қабырға, қоршаулар соғады ----------- Аралар, құстардың ұясыАспанға ұшу -------------------------------------- Құстардың ұшуыОқушылар салыстыруды жалғастырады. «Адамды адам еткен еңбек екенін білу үшін қандай тарихи деректемелер пайдаланады?» деген сұраққа жауап алу.Жалпа адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе? 
     Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.
     «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Мысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі.
Сонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде. Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі – сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашан да алға баспайды.
Сергіту сәті Тік ұста бойыңдыЖоғары соз қолыңды.Соз қолыңды тағы да,Жеткіз жираф мойнына.
Ой толғаныс Заттық дереккөз – Еңбек құралдары, үй шаруашылығындағы ұстайтын аспаптар, қару жарақ, әшекейлер, қираған ғимараттар.Жазбаша дереккөз - Шежіре, хаттар, хандардың жарлығы, іс - қағаздары, әңгімелер т. б.Ауызекі дереккөз - Ертегі, мысал, жыр, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыздар.
Үйге тапсырма Еңбек жайында тақпақтар жаттап келу . Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады