: §54.Адам шы?у тегіні? д?лелдемелері.адам мен адам т?різді маймылдарды? ??састы?ы ж?не айырмашылы?ы


Пән: Биология
Сынып: 9 «А»
Күн: 1. 04.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: §54.Адам шығу тегінің дәлелдемелері.адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Оқушыларға антропосоциогенез, приматтар эволюциясы және тірі табиғаттағы адамның орны жайында мағлұмат беру;
Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, кесте
Сабақтың көрнекілігі: тест, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақ:
Антропосоциогенез (латынша: антропос – адам, генезис – шығу тегі, социум - қоғам) – адамның осы заманғы қалпына дейінгі шығу тегі мен даму үдерісі. Бұрынырақта антропогенез термині пайдаланылды, мұнда нағыз социум – адам қоғамының пайда болуына дейінгі адамның шығу тегі ескерілген.
Приматтар эволюциясы адамның өз эволюциясына қарағанда көптеген миллиондаған жылдар бұрын басталды. Егер эволюциялық жүйелілікке зер салатын болсақ, адам – ол ең «соңғы приматтар» ғой. Адамтәріздес маймылдардың ата тектерінің қалыптасуы мен пайда болуы эволюциялық шежіреде көрнекі көрсетілді.
Тірі ағзалардың барлығы туытық белгілері бойынша жүйелі топтарға жіктеледі. Ең жоғарғы таксон – дүние. Адамды жануарлар дүниесіне жатқызу шүбә келтірмейді. Ал одан әрі мына тізбекте жүйеленеді: 1) желілер типі, 2) бассүйектілер немесе омыртқалылар тип тармағы, 3) сүтқоректілер класы, 4) қағанақтылар класс тармағы, 5) приматтар отряды, 6) маймылдар отряд тармағы немесе адам тәрізді приматтар.
Алайда саналы адам түрін жіктеген кезде, ғалымдар күні бүгінге дейін бұдан да кіші жүйелеу санатын енгізуде бір пікірге келе алмай отыр. Дұрыс жіктеудің бірі мынадай: 7) адамтәріздес маймылдардың (бұған понгидтер және гоминидтер де енеді) жоғары тұқымдасы, 8) гоминидтер тұқымдасы, 9) адам туысы, 10) саналы адам түрі.
Адамның, горилланың және шимпанзенің жалпы ата тегінің дриопитектер болғаны сызбанұсқадан көрініп тұр. Палеонтологиялық деректер бойынша понгидке (адамтәріздес маймылдар) және гоминидке (адамдар) бөліну бұдан 15-20 млн жыл бұрын болған. Алайда биохимиялық көрсеткіштерді талдайтын болсақ, онда бұл оқиға бұдан 4-5 млн жылдан ертерек болмауы тиіс.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Лездемелік сұрақтар:
Антропосоциогенез дегеніміз не?
Антропосоциогенез латынша қандай мағына береді?
Приматтар эволюциясы қай кезде басталды?
Ең соңғы приматтар деп кімдерді атаймыз?
Ең жоғарғы таксон не?
Палеонтологиялық деректерге сүйенсек понгидтер мен гоминидтерге бөліну бұдан қанша уақыт бұрын болған?
Понгид дегеніміз кімдер?
Гоминид дегеніміз кімдер?
Адамдарды қандай класқа жатқызуға болады?
Саналы адам түрін қандай тұқымдасқа жатқызамыз?
Деңгейлік сұрақтар:
А-1. Адамның приматтардан пайда болуын дәлелдеңдер. Қысқаша сипаттаңдар.
2.Адамның маймылдардан дамығаны жөніндегі дәлелдердің қайсысы шындыққа жақынырақ? Неліктен?
В-1. Осы заманғы маймылдардың қайсысы адамға жақынырақ?
2.Туыстық жағынан біз қандай дәрежедеміз?
С-1. Понгид және гоминидке бөліну қашан өтті?
2.Олардың қайсысы ортақ ата тек болды?
Кестемен жұмыс:
Белгісі Адам Приматтар Себебі
1. Сүйек ұлпаларының химиялық құрамы
2. Құрылысы бойынша сүйектер типі
3. Сүйектердің қосылу типтері
4. Бассүйектілердің беткі және
милық бөліктерінің ара қатынасы
5. Шүйде тесігі
6. Омыртқа дотасының иілулері
7. Аяқ күмбезі
8. Қол сүйектері
9. Дөңестігі немесе жалпақтығы
10. Жамбас сүйектері
11. Кеуде қуысы
12. Сүйектердің болуы және орналасуы Ү. Қорытынды: Антропосоциогенез (латынша: антропос – адам, генезис – шығу тегі, социум - қоғам) – адамның осы заманғы қалпына дейінгі шығу тегі мен даму үдерісі.
Адамның жүйелілік тобы:
1) желілер типі,
2) бассүйектілер немесе омыртқалылар тип тармағы,
3) сүтқоректілер класы,
4) қағанақтылар класс тармағы,
5) приматтар отряды,
6) маймылдар отряд тармағы немесе адам тәрізді приматтар.
7) адамтәріздес маймылдардың (бұған понгидтер және гоминидтер де енеді) жоғары тұқымдасы, 8) гоминидтер тұқымдасы,
9) адам туысы,
10) саналы адам түрі.
ҮІ. Бағалау:
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Тақырыбы: : §54.Адам шығу тегінің дәлелдемелері.адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылығы