Адамны? генетикалы? денсаулы?ына ортаны? ?сері.


Сыныбы: 10 Күні: 15.04.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Адамның генетикалық денсаулығына қоршаған ортаның әсері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: өз біліміне қорытынды жасау, іздену, талдау, жеке, топпен, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Қоршаған ортаны қорғауға ұйымшылдыққа, белсенділікке,жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Пәнаралық байланысы: Экология,медицина.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,суреттер,сызбанұсалар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
Сәлемдесу,түгендеу,сыныпты топқа бөлу
/сыныптағы оқушыларды жүрекше,жапырақша, жұлдызшалардың суреті арқылы топқа бөлем/
2.Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл»
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Бекіту тапсырмалары
5..Қорытынды
6.Үйге тапсырма
Үй тапсырмасының сұрақтары:
«Миға шабуыл»
1. Адамның тұқым қуалайтын ауруларын зерттейтін әдістерді ата?
2. Адам генетикасы дегеніміз не?
3. Цитогенетикалық әдістің медициналық маңызы қандай? 
4. Егіздік әдістің практикалық маңызы неде?
5. Адам генетикасының қандай ерекшеліктері бар?
6. Генеалогиялық әдіс дегеніміз не?
7. Нәсілдер жөнінде не білеміз?
Жаңа сабақ:
тапсырма
Әр топқа жеке жаңа сабаққа байланысты қажетті материалдар парақшаға жазылып таратылады.Парақшалардағы жаңа мәліметтермен толық танысып оқып шығуы үшін, топтағы оқушыларға белгілі бір уақыт беріледі.Белгіленген уақытта толық танысып оқып, осы тақырып аясында топтарға жаңа тапсырмалар беріледі.
2-тапсырма
«Ротация» әдісі / әр топ геометриялық фигураларды таңдау арқылы ,сол фигураларда жасырылған тапсырмаларды постер арқылы қорғайды./


Ротация әдісінің тапсырмалары:
Туыстық некенің тиімсіздігі.Немере ағасы мен қарындасының үйленуі қауіпті
ма ? Себебін түсіндір
Экологиясы нашар аймақтың адам денсаулығына әсері .
Ихтиоз диагнозымен ауыратын бес жасар Жасулан Қорғанбек, Қызылорда қаласы

Нұржан Өргешбаев диагнозы тері ауруы, Атырау қаласы, Қызылқоға ауданы

3.Адам ағзасындағы әр түрлі аурулардың пайда болу себептері
2-тапсырма Дәптермен жұмыс
Сәйкестендіру
1.Сүт бездерінің қатерлі ісігі саналы адам
көп жағдайда туындайды
2.Жер бетінде тіршілік ететін адам сомалық мутация
баласы
3.Тұқымқуалаушылықтың заңдылықтары тұқымқуалайтын
тұрғысынан алғанда,туыс адамдардың некелесуі аурулар пайда
болады
4.Алкогольды ішімдіктермен темекі
тарту т.б.зиянды заттарды пайдалану нәтижесінде дұрыс емес
3- тапсырма
Сергіту сәті
/ тақырыптан тыс әр түрлі логикалық сұрақтар беріледі / Мысалы:
1.Үстел үстінде 3 стакан шие тұр.Марат 1 стакан шиені жеп койды.Неше стакан қалды. Жауабы 3 стакан
2.Термометр аяз болғанда 3градусты көрсетіп тұр.Осындай 2 термометр неше градусты көрсетеді. Жауабы; 3градус
3.Көшеде 2 әкесі,2 баласы және атасы немересімен қыдырып жүр.Көшеде неше адам жүр? Жауабы : 3
4-тапсырма
Ойын: «Қадам бас»/бір оқушы тақтаға шығып,берілген сұраққа жауап беруі керек.Егерде жауап бере алмаған жағдайда орнынан қозғалмай тұруы тиіс яғни алға қарай қадам баса алмайды.Бұл оқушыға тобындағы оқушылар мен басқа топтағы оқушылар көмектесуге болады

«Қадам бас» сұрақтары:
1.Медициналық генетика дегеніміз не?
2.Бүкіл дүниежүзлік санақ бойынша дүниеге келетін сәбилердің неше пайызы тұқым қуалайтын аурулармен ауыратындығы дәлелденген?
3.Біздің ата-бабаларымыз жеті атаға дейін туыс адамдардың некелесуіне не себепті тыйым салған?
4. Қоршаған ортаны таза ұстау, дәрі-дәрмектер,азық-түліктер мен тұрмыстық заттардың не себепті “генетикалық залалсыздығы” тексеріледі?
Қорытынды.
Жер - анам табиғатым

/Әр топтар аттарын түсіндіреді/ не себепті қойылғандығы туралы
Сабақ соңында жүрек,жапырақ,жұлдызша сөздерінің мағыналарын түсіндіру арқылы бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.
“Қоршаған орта және біз”тақырыбына шағын эссе жазып келу
Бағалау
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ
«Жыл мұғалімі-2016»
(Мектепішілік)
Панорамалық сабақ
Тақырыбы:Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері.

Өткізген: Г.Айтжанова
Бейнеу - 2016