Аралас сандарды ?осу 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аралас сандарды қосу амалын түсіндіру, есептер шығара білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез
ойлап, тез қорытуға баулу және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға
деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық
қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, бағалау парағы
Педагогикалық технология түрі:
1. «Оқумен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау стратегиялары»
2. «Саралап оқыту»
Сабақтың өткізу әдістері:
Түсіндірмелі-көрсетілімді (М.Н. Скаткин)
Миға шабуыл
Ынталандыру, мотивация әдісі.
Бақылау және өзін-өзі бақылау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың құрал-жабдығының толық болуына назар аудару зейінін бір ортаға тоғыстыру.
Психологиялық тренинг: «Келдім, көрдім, жеңдім» тренингі.  Әр топтан 2 адамнан шығады. Мұғалім не затты айтса, соны тауып әкеледі. Мысалы: қалам,  өшіргіш, скотч. Кеш келген оқушы орнына отырады. Соңғы оқушы жеңеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар есепті интерактивті тақта арқылы тексеріп қолдарындағы бағалау парағына бағаларын белгілейді.
Сергіту сәті: «Пианино ойыны».
Оқушылар ортаға столдарға отырып, қолдарын  аяқтарына қойып, ноталармен пианино ойнау керек. Кімде-кім бірінші болып қателессе, сол өз өнерін көрсететін болады. (Екі топ оқушылары дөңгеленіп столдарға отырады.)
Рефлексия:
– Енді «табыс ағашын отырғызайық». (Тақтада ағаштың суреті)
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).
3. Жаңа сабақ
І. Бөлімдері бірдей аралас санды қосу.
1-мысал. 229+549=2+29+5+49=2+5+29+49=7+69=723Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін:
Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.
Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.